Жаңалықтар

Нығыманов Қимадиден

Қимадиден Нығыманов 1924 жылы 11 қаңтар күнi Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жаңабет ауылында (бұрынғы Қотантерек қыстауында)дүниеге келген. Әкесі Нығыман ұста болған. Шиыршық диірмен жасап, кәсіп еткен, өлең жыр айтатын қабілеті бар адам екен. Ол ақын, әнші сазгер Естай Беркімбаев, белгілі айтыс ақыны Құдайберген Әлсейітов сияқты өнер адамдарымен замандас, сырлас және тағдырлас болған. Қимаштың анасы Рабиға да әнші, той жиынның гүлі болыпты. Ол туғанда Әлсейттің Құдайбергені шілдехананың үстінен түсіп, «Менің әйгілі ұстазым Қимадидендей ақын болсын», - деп ниетпен нәрестенің атын өлеңдетіп өзі қойыпты. Қимадиден Нығыманұлы 1940 жылы бір күні құрбы-құрдастарымен әңгімелесіп отырғанымда, Иса ақын Семейден жолшыбай біздің ауылға, менің туған ағам Жәлелиденнің үйіне келіп түскені туралы қуанышты хабар жеткізді. Ауыл балалары Иса келді, Иса келді - деп қуанған ауылдастарым әдеттегідей балашағаларымен Жәкеңнің үйіне жиналды. Иса ақын әнге сусаған жұрттың мейірін қандырып, шарықтатып ән салады. Ауыл адамдары Қимадинденді Исаның алдына әкеліп, ән, жыр, қисса айтқызады. Сол шағында да Қимаш өз жанынан өлең-жыр жазып, ақындыққа бой ұрған-ды. Өз жанынан шығарған бірнеше өлеңдерін де дүлдүл ақын Исаның алдында Қимаш қысылып, қымтырылмай ерекше бір үн, ырғақпен шабыттана оқып береді. Өлеңдеріне риза болған Иса ақын домбырасын қолына алып, өлеңмен бата береді. Қимадиден сол жылы Иса Байзақовтың бірнеше желдірмесі мен «Құралай сұлу» поэмасын өз аузынан естіп, жаттап алып, кейін орындап жүрді. Қимадиден 1941 жылы ауылдастарымен бірге майданға аттанады. Ақын жігіт күндіз қару ұстап,кешке домбыра шертіп, жорық жолдарын жырлайды. Шығарған өлең, туындылары Қиыр-Шығыс әскери округының «Сталинградтық жауынгер» деген майдандық газетте жарияланады. Қимадиден соғыстан аман-есен елге оралады. Туған колхозында құрылыс-бригадиры, электро-монтер болып жұмыс істейді. Тың игеру басталған жылдары «Тыңдағы ту» поэмасын жазып, ақындығы таныла бастайды. Қимадиден үш жинақтың авторы. Алғашқы 1969 жылғы Алматы қаласындағы «Жалын» баспасы шығарған жинағына «Алпыс батыр» поэмасы енгізілді. 1975 жылы «Дала шұғыласы» атты жинағы жарық көрді. Замандастарының келбеті өрнектелген 1982 жылы шыққан жинағын «Соқпақ жол» - деп атапты. Ауылда жүріп ақ өмірдің қайнаған, жайнаған шақтарынан қалыс қалмай, өлең жыр шығарып, ақындар айтысына қатысып, замандастары арасында қадір-қасиеті өседі. Қимадиден Естай Беркімбаевтың туғанына 100 жыл, Абайдың туғанына 125 жыл, Жамбыл Жабаевтың туғанына 125 жыл толу мерейтойларына қатысып, республиканың айтыскер ақындарымен өнер сайысына түсіп, жүлделі орындарға ие болады. Ел-жұртының өсу өрлеуін бағдарлап, Исаша суырып - салма жыр, желдірмелер айтып жүрді. Ол өз өңіріндегі өнерде Иса дәстүрін дамытушы болды. Қимадиден ақын халқымыздың эпостық жырларын қаз қалпында жырлап беретін жырау еді.Ел тәуелсіздігінің арқасында оның «Естай», «Мақаш», «Тыңдағы отау» атты поэмалары және «Сел» атты кітабы жарық көрді. Қимадиденнің өнер жолындағы жерлестері ұмытқан жоқ. Оның өмірі мен қызметін мәңгілік есте қалдыру мақсатында жерлестері «Жаңабет» ауылындағы орта мектепті Қимадиденнің есімімен атауды ұйғарды. Осы мектепте ақын Қимадиденнің мұражайы ашылды. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі
08.04.2013 03:52 5840

Қимадиден Нығыманов 1924 жылы 11 қаңтар күнi Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жаңабет ауылында (бұрынғы Қотантерек қыстауында)дүниеге келген. Әкесі Нығыман ұста болған. Шиыршық диірмен жасап, кәсіп еткен, өлең жыр айтатын қабілеті бар адам екен. Ол ақын, әнші сазгер Естай Беркімбаев, белгілі айтыс ақыны Құдайберген Әлсейітов сияқты өнер адамдарымен замандас, сырлас және тағдырлас болған. Қимаштың анасы Рабиға да әнші, той жиынның гүлі болыпты. Ол туғанда Әлсейттің Құдайбергені шілдехананың үстінен түсіп, «Менің әйгілі ұстазым Қимадидендей ақын болсын», - деп ниетпен нәрестенің атын өлеңдетіп өзі қойыпты. Қимадиден Нығыманұлы 1940 жылы бір күні құрбы-құрдастарымен әңгімелесіп отырғанымда, Иса ақын Семейден жолшыбай біздің ауылға, менің туған ағам Жәлелиденнің үйіне келіп түскені туралы қуанышты хабар жеткізді. Ауыл балалары Иса келді, Иса келді - деп қуанған ауылдастарым әдеттегідей балашағаларымен Жәкеңнің үйіне жиналды. Иса ақын әнге сусаған жұрттың мейірін қандырып, шарықтатып ән салады. Ауыл адамдары Қимадинденді Исаның алдына әкеліп, ән, жыр, қисса айтқызады. Сол шағында да Қимаш өз жанынан өлең-жыр жазып, ақындыққа бой ұрған-ды. Өз жанынан шығарған бірнеше өлеңдерін де дүлдүл ақын Исаның алдында Қимаш қысылып, қымтырылмай ерекше бір үн, ырғақпен шабыттана оқып береді. Өлеңдеріне риза болған Иса ақын домбырасын қолына алып, өлеңмен бата береді. Қимадиден сол жылы Иса Байзақовтың бірнеше желдірмесі мен «Құралай сұлу» поэмасын өз аузынан естіп, жаттап алып, кейін орындап жүрді.

Қимадиден 1941 жылы ауылдастарымен бірге майданға аттанады. Ақын жігіт күндіз қару ұстап,кешке домбыра шертіп, жорық жолдарын жырлайды. Шығарған өлең, туындылары Қиыр-Шығыс әскери округының «Сталинградтық жауынгер» деген майдандық газетте жарияланады.

Қимадиден соғыстан аман-есен елге оралады. Туған колхозында құрылыс-бригадиры, электро-монтер болып жұмыс істейді. Тың игеру басталған жылдары «Тыңдағы ту» поэмасын жазып, ақындығы таныла бастайды. Қимадиден үш жинақтың авторы. Алғашқы 1969 жылғы Алматы қаласындағы «Жалын» баспасы шығарған жинағына «Алпыс батыр» поэмасы енгізілді. 1975 жылы «Дала шұғыласы» атты жинағы жарық көрді. Замандастарының келбеті өрнектелген 1982 жылы шыққан жинағын «Соқпақ жол» - деп атапты. Ауылда жүріп ақ өмірдің қайнаған, жайнаған шақтарынан қалыс қалмай, өлең жыр шығарып, ақындар айтысына қатысып, замандастары арасында қадір-қасиеті өседі. Қимадиден Естай Беркімбаевтың туғанына 100 жыл, Абайдың туғанына 125 жыл, Жамбыл Жабаевтың туғанына 125 жыл толу мерейтойларына қатысып, республиканың айтыскер ақындарымен өнер сайысына түсіп, жүлделі орындарға ие болады. Ел-жұртының өсу өрлеуін бағдарлап, Исаша суырып - салма жыр, желдірмелер айтып жүрді. Ол өз өңіріндегі өнерде Иса дәстүрін дамытушы болды. Қимадиден ақын халқымыздың эпостық жырларын қаз қалпында жырлап беретін жырау еді.Ел тәуелсіздігінің арқасында оның «Естай», «Мақаш», «Тыңдағы отау» атты поэмалары және «Сел» атты кітабы жарық көрді.

Қимадиденнің өнер жолындағы жерлестері ұмытқан жоқ. Оның өмірі мен қызметін мәңгілік есте қалдыру мақсатында жерлестері «Жаңабет» ауылындағы орта мектепті Қимадиденнің есімімен атауды ұйғарды. Осы мектепте ақын Қимадиденнің мұражайы ашылды.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға