Жаңалықтар

Виктор Гаврилович Семерьянов. Сорокин Антон Семенович

Виктор Гаврилович Семерьянов (25.09.1937 ж.) Алтай өлкесі Новоегорьевка ауылы) Рубцовка қаласында орта мектепті, бұдан кейін Семей өзен училищесін аяқтаған. Бүкіл өмірін Павлодармен байланыстырып, әуелі матрос, бұдан соң меңгерікті басқаратын адам, теплоход капитаны болды. 1969 жылдан бастап теледидарда жұмыс істеді. 1970 жылы П.Васильев атындағы әдеби бірлестіктің төрағасы болып сайланады. 1971 жылдан бастап «Звезда Прииртышья» газетінің редакциясында тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 1972 жылы М.Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын аяқтаған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Оның шығармалары «Иртышские напевы» (1962 г.), «Ступеньки» (1976 ж.), «День поэзии» (1978 ж.) өлеңдерінің ұжымдық жинағына енеді. Өлеңдерінің авторлық жинақтары: «Высокий берег» (1981 ж.), «Незакрытая калитка» (1983 ж.), «Я тебе расскажу» (1984 ж.), «Зимняя радуга», «Гусиный перелет» (1998 ж.), «Звонок старому другу» (1998 ж.), «Песнь о батыре Жасыбае» (2000 ж.), «Вслед за журавлями», «Стук сердца в тишине». «Вольные цветы. Сказ о Павлодаре» поэмасы жеке кітап болып жарыққа шыққан. Ақынның өлеңдерінде Отанға, туған жер табиғатына, Ертіс өңірінің адамдарына деген сүйіспеншілік сезінеді. Профессор Н.Г. Шафер: «Виктор Семерьянов тілінің айқын тазалығы, ашықтығы пушкиндік шығармашылық дәстүрлер арнасына енгізеді. Құбылыстар мен тұлғалардың бетін аша отырып, ақын олардың нағыз жүзін жүрегімен сезеді. Бұл оның өлеңдерінің көркем байлығы болып табылады» деп жазады. Оның соңғы өлеңдері - өмір, бастан өткізген жылдар, елдің тарихы, махаббат пен достық туралы толғаныс. В. Семерьянов - талантты аудармашы (қазақ тілінен). Ол Абай шығармаларын да аударған. Антон Сорокин 1900 жылдан бастап шығармалар жаза бастайды. Шығармаларының басты тақырыбы - алтынның адамдарды билеуі еді. В.Э. Мейерхольд жазушының «Алтын» атты пьессасын В.Ф. Комиссаржевская театрының сахнасында қоймақшы болады, алайда цензураға байланысты қойылымына тиым салынады. Антон Сорокиннің «Хохот Жёлтого Дьявола» (алғашқы рет 1914 жылы «Омбы жаршысы» газетінде жарияланды) соғысқа қарсы повесі жазушы шығармашылығының шыңы болып табылады. Революциядан кейін Сорокин Омбының әдеби өміріндегі ең маңызды орындардың бірін ала бастайды. Өз заманында Антон Сорокин Давид Бурлюктан «Кемеңгерлікті растайтын кәуәлік» алған. Ақыр соңында Антон Сорокин өз оқушыларына да куәлік бере бастайды. Сорокин үйіне келген барлық жас әдебиетшілерді өзінің оқушылары деп есептеген. Лермонтов көшесіндегі жазушының үйі (қазіргі кезде Лермонтов көшесі, 28а) әдебиетшілер мен суретшілерді біріктіретін әдеби-көркем клуб болған. Бұнда В. В. Иванов, Л. Н. Мартынов, А. И. Алдан-Семенов, Л. Сейфуллина және тағы басқалар келіп жүрді. Иванов пен Мартыновты Сорокин өзінің ең үздік оқушылары санаған. 1926 жылы Сорокин Сібірлік жазушылар одағының мүшесі, сондай-ақ Омбы қаласы мемлекеттік баспаның сібірлік бөлімшесі жанындағы әдеби-көркем секциясы, ғылым, әдебиет және өнер қызметкерлері ұйымының мүшесі болған. 1928 жылы Қырымға емделуге аттанады, алайда жол үстінде Мәскеу қаласында қайтыс болады. Антон Сорокин Ваганьковский зиратында жерленген. Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі
08.04.2013 03:31 4651

Виктор Гаврилович Семерьянов (25.09.1937 ж.) Алтай өлкесі Новоегорьевка ауылы) Рубцовка қаласында орта мектепті, бұдан кейін Семей өзен училищесін аяқтаған. Бүкіл өмірін Павлодармен байланыстырып, әуелі матрос, бұдан соң меңгерікті басқаратын адам, теплоход капитаны болды. 1969 жылдан бастап теледидарда жұмыс істеді.

1970 жылы П.Васильев атындағы әдеби бірлестіктің төрағасы болып сайланады.

1971 жылдан бастап «Звезда Прииртышья» газетінің редакциясында тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

1972 жылы М.Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын аяқтаған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Оның шығармалары «Иртышские напевы» (1962 г.), «Ступеньки» (1976 ж.), «День поэзии» (1978 ж.) өлеңдерінің ұжымдық жинағына енеді. Өлеңдерінің авторлық жинақтары: «Высокий берег» (1981 ж.), «Незакрытая калитка» (1983 ж.), «Я тебе расскажу» (1984 ж.), «Зимняя радуга», «Гусиный перелет» (1998 ж.), «Звонок старому другу» (1998 ж.), «Песнь о батыре Жасыбае» (2000 ж.), «Вслед за журавлями», «Стук сердца в тишине». «Вольные цветы. Сказ о Павлодаре» поэмасы жеке кітап болып жарыққа шыққан.

Ақынның өлеңдерінде Отанға, туған жер табиғатына, Ертіс өңірінің адамдарына деген сүйіспеншілік сезінеді. Профессор Н.Г. Шафер: «Виктор Семерьянов тілінің айқын тазалығы, ашықтығы пушкиндік шығармашылық дәстүрлер арнасына енгізеді. Құбылыстар мен тұлғалардың бетін аша отырып, ақын олардың нағыз жүзін жүрегімен сезеді. Бұл оның өлеңдерінің көркем байлығы болып табылады» деп жазады.

Оның соңғы өлеңдері - өмір, бастан өткізген жылдар, елдің тарихы, махаббат пен достық туралы толғаныс.

В. Семерьянов - талантты аудармашы (қазақ тілінен). Ол Абай шығармаларын да аударған.

Антон Сорокин 1900 жылдан бастап шығармалар жаза бастайды. Шығармаларының басты тақырыбы - алтынның адамдарды билеуі еді. В.Э. Мейерхольд жазушының «Алтын» атты пьессасын В.Ф. Комиссаржевская театрының сахнасында қоймақшы болады, алайда цензураға байланысты қойылымына тиым салынады. Антон Сорокиннің «Хохот Жёлтого Дьявола» (алғашқы рет 1914 жылы «Омбы жаршысы» газетінде жарияланды) соғысқа қарсы повесі жазушы шығармашылығының шыңы болып табылады.

Революциядан кейін Сорокин Омбының әдеби өміріндегі ең маңызды орындардың бірін ала бастайды. Өз заманында Антон Сорокин Давид Бурлюктан «Кемеңгерлікті растайтын кәуәлік» алған. Ақыр соңында Антон Сорокин өз оқушыларына да куәлік бере бастайды. Сорокин үйіне келген барлық жас әдебиетшілерді өзінің оқушылары деп есептеген. Лермонтов көшесіндегі жазушының үйі (қазіргі кезде Лермонтов көшесі, 28а) әдебиетшілер мен суретшілерді біріктіретін әдеби-көркем клуб болған. Бұнда В. В. Иванов, Л. Н. Мартынов, А. И. Алдан-Семенов, Л. Сейфуллина және тағы басқалар келіп жүрді. Иванов пен Мартыновты Сорокин өзінің ең үздік оқушылары санаған.

1926 жылы Сорокин Сібірлік жазушылар одағының мүшесі, сондай-ақ Омбы қаласы мемлекеттік баспаның сібірлік бөлімшесі жанындағы әдеби-көркем секциясы, ғылым, әдебиет және өнер қызметкерлері ұйымының мүшесі болған.

1928 жылы Қырымға емделуге аттанады, алайда жол үстінде Мәскеу қаласында қайтыс болады. Антон Сорокин Ваганьковский зиратында жерленген.

Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға