Исаев Борис Васильевич
Мемлекеттік және қоғам қайраткері, бұрынғы Қазақстан Компартиясының Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы, республикалық халықтық бақылау Комитетінің төрағасы Борис Васильевич Исаев 1932 жылғы 10 маусымда Петропавловскі қаласында туды. 1955 жылы Владивосток жоғары инженерлік-теңіз училищесін, КОКП жанындағы ЖПМ(1966 ж.) бітірді, мамандығы инженер-механик.
Училищені бітірген соң кемежөндеу зауытында цех бастығы, «Главприморрыбпром» (1955-1557 жж.) теңіз балықшылығының механикалық шеберханасында бас инженер, бастық болып жұмыс істейді.
Қазақстанға 1957 жылы оралды. Қарағандыда 18 жыл қызмет жасады: 1957 жылы аға инженер, бас механик, Қарағанды КХШ(1957-62 жж.) партком хатшысы, Қарағанды халық шаруашылығы кеңесі жүйесінде(1962 ж. дейін). 1964-1968 жж. Қарағанды машина жасау зауытында бас инженер, жылу жабдықтары зауытының директоры болды(1968-1972 жж.), бұл өнеркәсіп оның басқаруымен алдыңғы қатарға көтерілді, Б. В. Исаевтың айтуынша зауыттағы жұмысы «алдағы мансабының негізіне бастама болды».
Д. А. Қонаевтың ұсынымымен Б.В. Исаев Қарағанды қалалық партияның бірінші хатшысы болып сайланды. 1975 -1982 жылдары Павлодар облыстық партияның бірінші хатшысы. 1982-1992 жылдары Қаз.КСР халықтық бақылау Комитетін басқарады, Одақтық халықтық бақылау Комитетінің мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1991 жылы Павлодарға қайта оралады, облыстық партияның бірінші хатшысы, кейін Павлодар халықтық депутаттар облкеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды. Қаз. КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып үш рет сайланды.
Осы кезең Павлодар – Екібастұз аймақтық кешенінің қарқынды дамуымен сипатталды, ал облыс болса республикалық еңбек бөлісінде келесі көрсеткіштерге: электрэнергия - 42 пайызға, көмір – 54 пайызға, феррақоспасылары – 60 пайызға шықты. ПАЗ-ның өнімінің 90 пайызы мемлекеттік Сапа белгісімен шықты.
Павлодар қаласы сол кезде танымайтындай өзгерді, Ертіс Өңірінің өнеркәсіп астанасына айналды.
КСРО ыдырағаннан кейін Борис Васильевич Исаев қайырымдылық қорын басқарды. Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері.
Б.В. Исаев «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендерімен, Қаз. КСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазымен марапатталды.
Павлодар қалалық мәслихатының 1-ші шақыруының(ХХІХ сессия) шешімімен 1998 жылғы 27 наурызда Борис Васильевич Исаевқа «Павлодар қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
2002 жылдан зейнеткер.
Ақырғы онжылда Василий Луков атты жасырын атпен, ол ақын, публицист ретінде белгілі болды. «Возвращение к себе» (1996 ж.), «Жить стоит» (1999 ж.), «Пригорюнилась душа» (2004 ж.) атты өлеңдер жинағы жарық көрді, оқырман қауымы жақсы бағалады.
«Избранные стихотворения» (1999 ж.) кітабының авторы. Сонымен қатар 2008 жылы «Я не завидую потомкам» кітабы шықты, онда әр жылдары жазылған ең жақсы өлеңдері мен газет бетіндегі публицистикалары жинақталған.
Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі