Жаңалықтар

Мөңке би

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 МӨҢКЕ БИ‚ Ноғайлы Мөңке би‚ Шекті Мөңке би (шамамен 1675 – ө.ж.б.) – белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі‚ жырау. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт‚ Бөлек‚ Қалу‚ Сирақ‚ Мұса хан‚ Уақас би‚ Нұраддин болып жалғаса береді. Әбілқайыр дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би‚ батырларымен бірге қол қойған. М. б. өз заманында “ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би”‚ келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтик. жырға айналдырған жырау ретінде танылды. М.б-дің филос. толғаулары‚ ритор. сұрақ-жауап‚ болжау‚ билік‚ кесім‚ шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. М. б. философиясы қазақтар қандай мықты өркениеттің әсері болса да көшпелі болып қалуы керек дейтін кредоны ұстанудан туған философия. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап‚ оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу М.б. шығарм-ның басты белгісі. Оның “Түрлі-түрлі халық болады‚ Күндіз-түні жарық болады… Дүниенің жүзіне‚ Өре мен темірден жол тартылады… Адам ақысыз жұмыс істемейді‚ Дүниені түрлеп кестелейді” деген толғау жолдарынан келер күнді болжаған сәуегейлік көрінеді. Сондай-ақ “Құрамалы-қорғанды үйің болады‚ Айнымалы‚ төкпелі биің болады. Халыққа бір тиын пайдасы жоқ‚ ай сайын басқан жиын болады. Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады‚ Жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады. Алашұбар тілің болады‚ Дүдәмалдау дінің болады. Әйелің базаршы болады‚ еркегің қазаншы болады” деп келетін жолдардан болашақтың бет алысын‚ бағыт-бағдарын тап басып танығандығы аңғарылады. М. б-дің Сырым батырға қойған астарлы сұрақтары мен оған Сырымның қайтарған жауаптары‚ сондай-ақ оның шеркеш Түрке би‚ тана Нұрке билермен кеңесе отырып айтты дейтін “Бұл‚ бұл үйрек‚ бұл үйрек” дейтін толғаулары белгілі. Оның көркем бейнесі Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” романы мен “Ел қорғаны” пьесасында‚ Ә.Кекілбаевтың “Үркер” романында көрініс тапты. М.б-дің өмірі мен шығарм. мұрасы туралы әр жылдары А.Жұбанов‚ Т.Кәкішев‚ С.Негимов‚ Б.Адамбаев‚ Қ.Сыдиықұлы‚ М.Тілеужанов‚ С.Байменше‚ Б.Омарұлы‚ Ж.Асанов‚ К.Төлеубайұлы, т.б. ғалымдар ғыл.-зерт. еңбектерін жазды. Ақтөбе обл. Шалқар ауд. Қайыр а-на М. б-дің есімі берілген‚ Ақтөбе қ-нда ескерткіш-мүсіні орнатылған.    М. Құл-Мұхаммед Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 18:26 13860

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

МӨҢКЕ БИ‚ Ноғайлы Мөңке би‚ Шекті Мөңке би (шамамен 1675 – ө.ж.б.) – белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі‚ жырау. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт‚ Бөлек‚ Қалу‚ Сирақ‚ Мұса хан‚ Уақас би‚ Нұраддин болып жалғаса береді. Әбілқайыр дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би‚ батырларымен бірге қол қойған. М. б. өз заманында “ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би”‚ келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтик. жырға айналдырған жырау ретінде танылды. М.б-дің филос. толғаулары‚ ритор. сұрақ-жауап‚ болжау‚ билік‚ кесім‚ шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. М. б. философиясы қазақтар қандай мықты өркениеттің әсері болса да көшпелі болып қалуы керек дейтін кредоны ұстанудан туған философия. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап‚ оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу М.б. шығарм-ның басты белгісі. Оның “Түрлі-түрлі халық болады‚ Күндіз-түні жарық болады… Дүниенің жүзіне‚ Өре мен темірден жол тартылады… Адам ақысыз жұмыс істемейді‚ Дүниені түрлеп кестелейді” деген толғау жолдарынан келер күнді болжаған сәуегейлік көрінеді. Сондай-ақ “Құрамалы-қорғанды үйің болады‚ Айнымалы‚ төкпелі биің болады. Халыққа бір тиын пайдасы жоқ‚ ай сайын басқан жиын болады. Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады‚ Жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады. Алашұбар тілің болады‚ Дүдәмалдау дінің болады. Әйелің базаршы болады‚ еркегің қазаншы болады” деп келетін жолдардан болашақтың бет алысын‚ бағыт-бағдарын тап басып танығандығы аңғарылады. М. б-дің Сырым батырға қойған астарлы сұрақтары мен оған Сырымның қайтарған жауаптары‚ сондай-ақ оның шеркеш Түрке би‚ тана Нұрке билермен кеңесе отырып айтты дейтін “Бұл‚ бұл үйрек‚ бұл үйрек” дейтін толғаулары белгілі. Оның көркем бейнесі Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” романы мен “Ел қорғаны” пьесасында‚ Ә.Кекілбаевтың “Үркер” романында көрініс тапты. М.б-дің өмірі мен шығарм. мұрасы туралы әр жылдары А.Жұбанов‚ Т.Кәкішев‚ С.Негимов‚ Б.Адамбаев‚ Қ.Сыдиықұлы‚ М.Тілеужанов‚ С.Байменше‚ Б.Омарұлы‚ Ж.Асанов‚ К.Төлеубайұлы, т.б. ғалымдар ғыл.-зерт. еңбектерін жазды. Ақтөбе обл. Шалқар ауд. Қайыр а-на М. б-дің есімі берілген‚ Ақтөбе қ-нда ескерткіш-мүсіні орнатылған.   

М. Құл-Мұхаммед

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға