Жаңалықтар

"Партнер-Авто " ЖШС – Петропавлдағы ірі көлік кәсіпорны

2002 жылдың сәуір айында "Таксопарк" АТАҚ-тың жақсы жабдықталған техникалық базасы негізінде құрылған "Партнер-Авто" ЖШС – Петропавлдағы ірі көлік кәсіпорны. Оның негізгі қызметі — көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдау, автокөліктерге техникалық қызмет, жөндеу, сатуға дайындау, қосалқы бөлшектерді көтерме және бөлшек сату болып саналады. Кәсіпорынның жұмысы 20 автокөлік сатып алғаннан кейін алға басты, олармен көрсетілген қызмет қаржылай кірісті 35 пайызға арттырды. 2006 жылы 35 миллион теңгеге 35 автокөлік сатып алынды. Осынын есебінен Жарғылық қор 10 миллион теңгеге өсіп, негізгі қор 46 миллион теңгеден асып жығылды. Бюджетке 9,7 миллион теңге аударылды. Негізгі қор кәсіпорында 2002 жыл мен 2006 жыл аралығында жеті пайыз артты, орташа еңбекақы 25000 теңгені құрап, 2005 жылғыдан 30 пайыз, ал бюджетке аударылған қаржы 78 пайызға өсті. "Петропавл – NORD" ЖШС 1994 жылғы сәуірде тіркелген. Бірнеше жыл бойы ол әртүрлі қызметпен айналысты, ал 2004 жылдан бастап қала ішілік және қала аралық бағыттарда жолаушылар тасымалдауға бел буды. 2006 жылдың қорытындысы бойынша ЖШС-нің негізгі қорларының баланстық құны 37,3 миллион теңгені құрады. Кәсіпорынның екі автостанциясы бар. Аққайың ауданындағы Смирново кентіндегі он автобустан тұратын парк аудан мен облыс бойынша жолаушыларға қызмет етеді. "Петропавл-NORD"-тың автобустары облыс орталығында төрт бағытты қамтиды, қала аралық бағыттарда автобустары Астанаға, Қарағандыға, Қостанайға және Сергеевкаға, қала маңайындағы бағыттарда — Ольшанкаға, Кондратовкаға, Пеньковоға және саяжайларға қатынайды. Кәсіпорын көліктерін үнемі жаңартып отырады. 2004 жылдың қаңтарынан бастап несие және өз қаражаты есебінен 34 миллион теңгеден астам сомаға көлік құралдары сатып алынды, олардың ішінде қазір қаладағы №6 бағытта жүрген Қытайдың "КА" маркалы он автобусы бар, 2006 жылы қосымша шет елдік ҚКАRUS, МАN, NEOPLAN, VОLVО және ауыр КамАЗ сияқты он автобус сатып алынды. 2005 жылмен салыстырғанда орташа еңбекақы 14,3 пайызға өсіп, 26400 теңгені құрады. Қала жолаушылар көлігі жұмысына "Петропавлдың №1 автобус паркі" МКК негізінде құрылған "ПАП-№1" ашық акционерлік қоғамы елеулі үлес қосуда. Шаруашылық байланыстар үзіліп қалған кезде оның басшылығы кәсіпорындағы жағдайды тұрақтандырудың бағдарламасын жасады, соны табысты жүзеге асырудың арқасында 1997 жылы 875 мың теңге табыс алынды. Көліктерді жүйелі түрде жаңартып отыру басталды: 2004 жылы жаңа 25 автобус сатып алынды. 2004 жылдың қорытындысы бойынша таза табыс 4,9 миллион теңгені құрады. Кәсіпорынның автобустары  облыс  орталығында төрт жүйелі және бір арнайы бағытта жұмыс істейді.
04.04.2013 06:14 3717

2002 жылдың сәуір айында "Таксопарк" АТАҚ-тың жақсы жабдықталған техникалық базасы негізінде құрылған "Партнер-Авто" ЖШС – Петропавлдағы ірі көлік кәсіпорны. Оның негізгі қызметі — көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдау, автокөліктерге техникалық қызмет, жөндеу, сатуға дайындау, қосалқы бөлшектерді көтерме және бөлшек сату болып саналады. Кәсіпорынның жұмысы 20 автокөлік сатып алғаннан кейін алға басты, олармен көрсетілген қызмет қаржылай кірісті 35 пайызға арттырды. 2006 жылы 35 миллион теңгеге 35 автокөлік сатып алынды. Осынын есебінен Жарғылық қор 10 миллион теңгеге өсіп, негізгі қор 46 миллион теңгеден асып жығылды. Бюджетке 9,7 миллион теңге аударылды. Негізгі қор кәсіпорында 2002 жыл мен 2006 жыл аралығында жеті пайыз артты, орташа еңбекақы 25000 теңгені құрап, 2005 жылғыдан 30 пайыз, ал бюджетке аударылған қаржы 78 пайызға өсті.

"Петропавл – NORD" ЖШС 1994 жылғы сәуірде тіркелген. Бірнеше жыл бойы ол әртүрлі қызметпен айналысты, ал 2004 жылдан бастап қала ішілік және қала аралық бағыттарда жолаушылар тасымалдауға бел буды. 2006 жылдың қорытындысы бойынша ЖШС-нің негізгі қорларының баланстық құны 37,3 миллион теңгені құрады. Кәсіпорынның екі автостанциясы бар. Аққайың ауданындағы Смирново кентіндегі он автобустан тұратын парк аудан мен облыс бойынша жолаушыларға қызмет етеді. "Петропавл-NORD"-тың автобустары облыс орталығында төрт бағытты қамтиды, қала аралық бағыттарда автобустары Астанаға, Қарағандыға, Қостанайға және Сергеевкаға, қала маңайындағы бағыттарда — Ольшанкаға, Кондратовкаға, Пеньковоға және саяжайларға қатынайды. Кәсіпорын көліктерін үнемі жаңартып отырады. 2004 жылдың қаңтарынан бастап несие және өз қаражаты есебінен 34 миллион теңгеден астам сомаға көлік құралдары сатып алынды, олардың ішінде қазір қаладағы №6 бағытта жүрген Қытайдың "КА" маркалы он автобусы бар, 2006 жылы қосымша шет елдік ҚКАRUS, МАN, NEOPLAN, VОLVО және ауыр КамАЗ сияқты он автобус сатып алынды. 2005 жылмен салыстырғанда орташа еңбекақы 14,3 пайызға өсіп, 26400 теңгені құрады. Қала жолаушылар көлігі жұмысына "Петропавлдың №1 автобус паркі" МКК негізінде құрылған "ПАП-№1" ашық акционерлік қоғамы елеулі үлес қосуда. Шаруашылық байланыстар үзіліп қалған кезде оның басшылығы кәсіпорындағы жағдайды тұрақтандырудың бағдарламасын жасады, соны табысты жүзеге асырудың арқасында 1997 жылы 875 мың теңге табыс алынды. Көліктерді жүйелі түрде жаңартып отыру басталды: 2004 жылы жаңа 25 автобус сатып алынды. 2004 жылдың қорытындысы бойынша таза табыс 4,9 миллион теңгені құрады. Кәсіпорынның автобустары  облыс  орталығында төрт жүйелі және бір арнайы бағытта жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға