Жаңалықтар

Қыпшақ жазба ескерткіштері

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ — қыпшақ тілінде 11 — 16 ғ-да жазылған шығармалар. Қ. ж. е. 4 әліпбиде түзілген: 1) ескі араб әліпбиі; 2) көне армян әліпбиі; 3) ескі орыс жазуы; 4) ежелгі готик. әліпби. Қ. ж. е. материалдары: 1) М.Қашқаридің “Ди-уани лұғат-ат-түрк” сөздігінде; 2) Кумандар туралы жазылған еур. еңбектерде; 3) орыс жылнамаларының  половецтер туралы мәліметтерінде; 4) мәмлүк қыпшақтары тіліндегі зерттеулерде (грамматика, қыпшақша-арабша сөздік, анықтағыш, т.б.); 5) армян іс қағаздары, трактаттары мен сөздіктерінде; 6) қыпшақ тіліндегі көркем туындыларда кездеседі. Қ. ж. е. әдеби тілде және халықтың ауызекі сөйлеу тілінде жазылған. Бірінші топ шығармалары екіге бөлінеді: а) дәстүрлі әдеби тілде жазылған еңбектер; ә) жергілікті халықтың әдеби тілінде жазылған Орта Азия мен Еділ (Алтын Орда) ескерткіштері. Дәстүрлі әдеби тілдегі еңбектерге: Рабғузидің “Қисса су-л-әнбия”, Құтыбтың “Құсырау — Шырын”, Рауандидің “Мұхаббатнама”, Әлидің “Нахд-әл-Фарадж”, Сайф Сараидың “Гүлистан бит-түрки”, Сиди Ахмедтің “Ташшұқнама”, Хорезмидің “Тәржіма Шаһнама”, Ахмед Иүгінекидің “Ақиқат сыйы”, Әбілғазының “Оғызнама” атты еңбектері мен авторлары белгісіз “Қорқыт ата кітабы”, “Сираж әл-Қулуб”, “Рахат әл-Қулуб”, “Миғражнама”, “Дастан-и-Жұмжұма Сұлтан”, “Мифтаһул-әділ”, “Тефсир”, т.б. шығармалар  жатады. Ал жергілікті халық тіліндегі ескерткіштер — Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметі”, Сүлеймен Бақырғанидің “Хикметі”, т.б. Қыпшақ ауызекі сөйлеу тіліндегі жазбалар: “Диуани лұғат-ат-түрк”, “Кодекс Куманикус”, “Китаб әл-Идрак Ли-Лисан әл-Атрак” (Әбу Ха-йян), “Китаб Булгат әл-муштак фи-лұғат ат-түрк” (Жамалладдин ат-Түрки), “ат-Тухфат әз-Закия Фи-л-Лұғат-ат-Түркия”, “Әл-каванин Әл-куллия лидабт әл-лұғат-ти-Түркия”, “Китаб әд-Дурра әл-Мудийа фи-л-Луғат ат-Туркийа уә-л-Камал”, “Ашшудүр әл-да-һабия уа-л-кита әл-ахмадия философия-лұғат-ат-Түркия” (Ибн М.Салих), “Хуласа”, “Мани әл-Гузат”, “Китаб Муқаддима” (А.Самарқанди), “Китаб ад-Дағуа”, т.б. Армян қыпшақтары тілінде жазылған діни трактаттар, сөздіктер, тарихи жазбалар, т.б. осы топқа жатады. Мәмлүк қыпшақтары тілінде 10-ға жуық еңбек бар. Қ. ж. е-нің көбі қыпшақ тілінде жазылып, оғыз тілі әсер еткен (Мәмлүк, Орта Азия мұралары), оғыз тілінде жазылып, қыпшақ тілінің ықпалына түскендер аз (Хорезм нұсқалары). Ә. Құрышжанұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 18:12 15043

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ — қыпшақ тілінде 11 — 16 ғ-да жазылған шығармалар. Қ. ж. е. 4 әліпбиде түзілген: 1) ескі араб әліпбиі; 2) көне армян әліпбиі; 3) ескі орыс жазуы; 4) ежелгі готик. әліпби. Қ. ж. е. материалдары: 1) М.Қашқаридің “Ди-уани лұғат-ат-түрк” сөздігінде; 2) Кумандар туралы жазылған еур. еңбектерде; 3) орыс жылнамаларының  половецтер туралы мәліметтерінде; 4) мәмлүк қыпшақтары тіліндегі зерттеулерде (грамматика, қыпшақша-арабша сөздік, анықтағыш, т.б.); 5) армян іс қағаздары, трактаттары мен сөздіктерінде; 6) қыпшақ тіліндегі көркем туындыларда кездеседі. Қ. ж. е. әдеби тілде және халықтың ауызекі сөйлеу тілінде жазылған. Бірінші топ шығармалары екіге бөлінеді: а) дәстүрлі әдеби тілде жазылған еңбектер; ә) жергілікті халықтың әдеби тілінде жазылған Орта Азия мен Еділ (Алтын Орда) ескерткіштері. Дәстүрлі әдеби тілдегі еңбектерге: Рабғузидің “Қисса су-л-әнбия”, Құтыбтың “Құсырау — Шырын”, Рауандидің “Мұхаббатнама”, Әлидің “Нахд-әл-Фарадж”, Сайф Сараидың “Гүлистан бит-түрки”, Сиди Ахмедтің “Ташшұқнама”, Хорезмидің “Тәржіма Шаһнама”, Ахмед Иүгінекидің “Ақиқат сыйы”, Әбілғазының “Оғызнама” атты еңбектері мен авторлары белгісіз “Қорқыт ата кітабы, “Сираж әл-Қулуб”, “Рахат әл-Қулуб”, “Миғражнама”, “Дастан-и-Жұмжұма Сұлтан”, “Мифтаһул-әділ”, “Тефсир”, т.б. шығармалар  жатады. Ал жергілікті халық тіліндегі ескерткіштер — Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметі”, Сүлеймен Бақырғанидің “Хикметі”, т.б. Қыпшақ ауызекі сөйлеу тіліндегі жазбалар: “Диуани лұғат-ат-түрк”, “Кодекс Куманикус”, “Китаб әл-Идрак Ли-Лисан әл-Атрак” (Әбу Ха-йян), “Китаб Булгат әл-муштак фи-лұғат ат-түрк” (Жамалладдин ат-Түрки), “ат-Тухфат әз-Закия Фи-л-Лұғат-ат-Түркия”, “Әл-каванин Әл-куллия лидабт әл-лұғат-ти-Түркия”, “Китаб әд-Дурра әл-Мудийа фи-л-Луғат ат-Туркийа уә-л-Камал”, “Ашшудүр әл-да-һабия уа-л-кита әл-ахмадия философия-лұғат-ат-Түркия” (Ибн М.Салих), “Хуласа”, “Мани әл-Гузат”, “Китаб Муқаддима” (А.Самарқанди), “Китаб ад-Дағуа”, т.б. Армян қыпшақтары тілінде жазылған діни трактаттар, сөздіктер, тарихи жазбалар, т.б. осы топқа жатады. Мәмлүк қыпшақтары тілінде 10-ға жуық еңбек бар. Қ. ж. е-нің көбі қыпшақ тілінде жазылып, оғыз тілі әсер еткен (Мәмлүк, Орта Азия мұралары), оғыз тілінде жазылып, қыпшақ тілінің ықпалына түскендер аз (Хорезм нұсқалары).

Ә. Құрышжанұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға