Жаңалықтар

Облыстың тамақ өнеркәсібі

Облыстың тамақ өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Сүт өңдеумен және сүт өнімдерін өндірумен айналысатын барынша ірі кәсіпорындар мыналар: "Мол-сервис АЗФ" ЖАҚ, "Сүт одағы", "Маслодел-Петропавл", "Десерт-СК"ЖШС, "Зенченко және К" СС. Облыста сүт өндеумен 24 кәсіпорын айналысады, олардың үшеуі құрғақ сүт шығарады. Барлығы 57 түрлі сүт өнімдері (ірімшіктен тәтті сүтке дейін) өндіріледі. Ет өңдеумен 30 кәсіпорын шұғылданады, олардың ішінде "Фрегат", "Тортуманов және К", "СБИ-Агро", "Леонтьев ет комбинаты" ЖШС және басқа да кәсіпорындар бар. Өңірде ұн үгетін 14 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Мамлют және Қызылту ұн комбинаттары сияқты осы саланың ірі кәсіпорындары осы заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған және әрбіреуі тәулігіне 250 тоннаға дейін астық өңдей алады. "Нан-тоқаш комбинаты" ЖШС нан-тоқаш және кондитер өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орны болып саналады. Сондай-ақ 200-ден астам шағын наубайханалар да нан-тоқаш өнімдеріне сұраныстың елеулі бөлігін қанағаттандырады. "Сұлтан-элеватор-диірмен-макарон кешені" АҚ елімізде де, одан тысқары жерлерде де даңқы шыққан. Республикамызда өндірілетін макарон өнімдерінің 30 пайызы осы кешеннің үлесіне тиеді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары азық-түлік өнімдерінің түртүрін өндірумен табысты айналысуда. Өңдеу кәсіпорындары республикамыздың, жақын және алыс шет елдердің сауда-саттық жүйесін игеріп алды. Ет, сүт өнімдері Қазақстанның 20-дан астам қалаларында және Ресей Федерациясының жақын облыстарында табысты сатылады. Тәжікстанға, Ауғанстанға және Өзбекстанға ұн жіберіледі. "Қызылжар кірпіш зауыты", "Силикат және К", "Бірлестік", "СК Гедеон", "Фирма Строитель", "Ассе-ни" ЖШС және басқа да көптеген кәсіпорындар құрылыс материалдарын өндіреді. Олардың бәрі де сұранысқа ие бола тұра, бәсекеге қабілетті өндірісті игеруге ұмтылуда. "ПКФ Пласт полимер" ЖШС төмек қысымға шақталған, диаметрі әртүрлі полиэтиленді су құбырларын шығарады. Олардың артықшылығы — ұзақ мерзімге шыдайды (пайдаланудың кепілді мерзімі 50 жыл), экологиялық зиянсыз, оған Омбының әлемдік нарықта беделі бар мұнай және газ институты берген сертификаты дәлел, және онша қымбат емес. Батыс Еуропа елдерінде осындай құбырлар көптен бері пайдаланылып келеді: оларда су құбырларының 80 пайызы полиэтиленнен жасалған. Тапсырыстар облыстың және Қазақстанның басқа да өңірлерінің кәсіпорындарынан келіп түседі. "Плас ОКНО", "Народные окна" және "Леонтьев фирмасы" ЖШС пластмассадан терезелер, есіктер, балкон терезелерін және басқа да құрылыс заттарын жасайды. Шикізат Ресейден, фурнитура Германиядан әкелінеді. Облыста құрылыспен 400-ден астам шаруашылық жүргізу субъектісі айналысады. Осы жағдайды есепке ала отырып, осында өндірілген құрылыс материалдарын, конструкциялар өз тұтынушыларын қиындата табады деп сеніммен айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, шаруашылық кешенінің өнеркәсіп кәсіпорындарынан кұралған тірек саласы Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуына елеулі үлес қосады.
04.04.2013 05:57 4719

Облыстың тамақ өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Сүт өңдеумен және сүт өнімдерін өндірумен айналысатын барынша ірі кәсіпорындар мыналар: "Мол-сервис АЗФ" ЖАҚ, "Сүт одағы", "Маслодел-Петропавл", "Десерт-СК"ЖШС, "Зенченко және К" СС. Облыста сүт өндеумен 24 кәсіпорын айналысады, олардың үшеуі құрғақ сүт шығарады. Барлығы 57 түрлі сүт өнімдері (ірімшіктен тәтті сүтке дейін) өндіріледі. Ет өңдеумен 30 кәсіпорын шұғылданады, олардың ішінде "Фрегат", "Тортуманов және К", "СБИ-Агро", "Леонтьев ет комбинаты" ЖШС және басқа да кәсіпорындар бар. Өңірде ұн үгетін 14 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Мамлют және Қызылту ұн комбинаттары сияқты осы саланың ірі кәсіпорындары осы заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған және әрбіреуі тәулігіне 250 тоннаға дейін астық өңдей алады.

"Нан-тоқаш комбинаты" ЖШС нан-тоқаш және кондитер өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орны болып саналады. Сондай-ақ 200-ден астам шағын наубайханалар да нан-тоқаш өнімдеріне сұраныстың елеулі бөлігін қанағаттандырады. "Сұлтан-элеватор-диірмен-макарон кешені" АҚ елімізде де, одан тысқары жерлерде де даңқы шыққан. Республикамызда өндірілетін макарон өнімдерінің 30 пайызы осы кешеннің үлесіне тиеді.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары азық-түлік өнімдерінің түртүрін өндірумен табысты айналысуда.

Өңдеу кәсіпорындары республикамыздың, жақын және алыс шет елдердің сауда-саттық жүйесін игеріп алды. Ет, сүт өнімдері Қазақстанның 20-дан астам қалаларында және Ресей Федерациясының жақын облыстарында табысты сатылады. Тәжікстанға, Ауғанстанға және Өзбекстанға ұн жіберіледі.

"Қызылжар кірпіш зауыты", "Силикат және К", "Бірлестік", "СК Гедеон", "Фирма Строитель", "Ассе-ни" ЖШС және басқа да көптеген кәсіпорындар құрылыс материалдарын өндіреді. Олардың бәрі де сұранысқа ие бола тұра, бәсекеге қабілетті өндірісті игеруге ұмтылуда. "ПКФ Пласт полимер" ЖШС төмек қысымға шақталған, диаметрі әртүрлі полиэтиленді су құбырларын шығарады. Олардың артықшылығы — ұзақ мерзімге шыдайды (пайдаланудың кепілді мерзімі 50 жыл), экологиялық зиянсыз, оған Омбының әлемдік нарықта беделі бар мұнай және газ институты берген сертификаты дәлел, және онша қымбат емес. Батыс Еуропа елдерінде осындай құбырлар көптен бері пайдаланылып келеді: оларда су құбырларының 80 пайызы полиэтиленнен жасалған. Тапсырыстар облыстың және Қазақстанның басқа да өңірлерінің кәсіпорындарынан келіп түседі. "Плас ОКНО", "Народные окна" және "Леонтьев фирмасы" ЖШС пластмассадан терезелер, есіктер, балкон терезелерін және басқа да құрылыс заттарын жасайды. Шикізат Ресейден, фурнитура Германиядан әкелінеді. Облыста құрылыспен 400-ден астам шаруашылық жүргізу субъектісі айналысады. Осы жағдайды есепке ала отырып, осында өндірілген құрылыс материалдарын, конструкциялар өз тұтынушыларын қиындата табады деп сеніммен айтуға болады.

Бір сөзбен айтқанда, шаруашылық кешенінің өнеркәсіп кәсіпорындарынан кұралған тірек саласы Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуына елеулі үлес қосады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға