Жаңалықтар

Қуанышбаев Қалыбек

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 ҚУАНЫШБАЕВ Қалыбек (Қалибек), (25.4.1893, Қарақопа, қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. – 6.6.1968, Алматы) – актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің (1936) және КСРО-ның (1959) халық арт. Жасынан ән-күй мен ойын-сауыққа, той-тамашаға жаны құмар, думаншыл Қ. халықтың сөз өнерін терең ұғып өсті. Ол жалғыз өзі бірнеше адамның кейпіне түсіп, бір отырыста-ақ “екеудің таласын, үшеудің керісін, бесеудің жанжалын” (Әуезов М., Шығ. 11-т., А., 1969, 254-б.) орындап, тыңдаушы көпшілікті күлкіге кенелтетін дарынды өнерпаз ретінде танылды. Халық өнерпаздары Мұхаметәлі, Мауқай мен Абақты ұстаз тұтып, олардан өнер сырын үйренді. 1916 жылдың 25 маусымындағы патша жарлығы бойынша Қ. та қара жұмысқа алынады. 1917 ж. Омбы қ-на барып, былғары з-тында ат айдаушы-көшір болды. Мұнда атақты балуан Қажымұқанмен танысқан. Туған жерінде ауылдық кеңесті басқарып (1921 – 22), қоғамдық жұмыстарда жүрсе де өнерден бір сәт қол үзбеді. “Қыз ұзату”, “Қой күзету” және “Өгіз сату” секілді қысқа, күлдіргі әңгімелер шығарып, оны той-жиындарда орындап жүрді. Жатып ішер жалқауларды, кейбір керенау, теріс пиғылды жандарды өткір сынға алып әжуалады. 1922 – 24 ж. Қоянды жәрмеңкесінде ұ.Айтбаев, И.Байзақов, Қ.Мұңайтпасов, М.Шамсутдинова, т.б. ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетті. 1926 ж. Қызылорда қ-нда ірге көтерген Қазақ мемл. драма театрын ұйымдастыруға белсене атсалысты. 1927 ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ өнерпаздарының концертіне Қ. та қатысты. Ол Қазақтың мемл. академиялық драма театрында әр жылдары қойылған М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясындағы Қараменде бидің бейнесінен бастап, осы спектакльдегі басты кейіпкерлерді (Көбей би, Кебек, Нысан Абыз) түгел дерлік орындап шықты. Бұған қоса 20 ғ-дың 30-жылдарының басында Аятбай (І.Жансүгіров, “Кек”), Бекболат (Б.Майлин, “Майдан”), Бейбіт (Қ.Байсейітов пен Ә.Шанин, “Тартыс”) рөлдерін орындады. Театр тарихынан үлкен орын ал-ған кезеңдік спектакльдердің бірі – Әуезовтің “Түнгі сарынында” (1935) Қ. азаттық жолында күрес жүргізген Тәнеке бейнесін шынайы сомдады. 1936 ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” муз. драмасынан Базарбайдың рөлі мен өзінің “Қыз ұзатуын” орындап, халықты риза етті. Қ., негізінен, болмыс-бітімі, мінезі бір-бірінен шалғай жатқан, қарама-қарсы бейнедегі рөлдерді көкейге қонымды, аса нанымды етіп орындаған. Н.В. Гогольдің “Ревизорындағы” Дуанбасы, М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай” трагедиясындағы Абай, М. Әуезов пен Ә.Әбішевтің “Намыс гвардиясындағы” генерал Панфилов, ұ.Мүсіреповтің “Амангелдісіндегі” Әбдіғаппар болыс, У.Шекспирдің “Асауға тұсауында” момақан Баптиста және қаһарлы Құнанбай (Әуезовтің “Абай” романы бойынша; КСРО Мемл. сыйл., 1952) – актер ойынында көркемдік шешімін тапқан сом тұлғалар. Актерлік шеберліктің негізгі бір саласы – сөз өнерін, оның эстетикасын терең ұққан Қ. сахналық диапазоны кең зергер болды. Әрбір рөлдің өзіне тән қайталанбас қимыл-қозғалысын, мінезі мен ішкі-сыртқы жан құбылыстарын дәл тауып ойнаушылық – Қ. шығарм-ның бір ерекшелігі болатын. Өнерді өмірінің бас-ты мақсаты тұтқан актер өмір шындығын сахналық шындықпен шебер шендестірді. Б.Ф. Чирсковтың “Жеңімпаздарындағы” әскери басшы Виноградов, Ә.Тәжібаевтың “Гүлден даласындағы” қарт ұста Жанас, Шекспирдің “Отеллосындағы” бұйығы Брабанцио, Мүсіреповтің “Ақын трагедиясы” мен “Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы” мылқау Балуан және қарт ақын Жарқын рөлі де шынайы шықты. Халықтың тұрмыс-салтын, жол-жоралғысын, әдет-ғұрпын жақсы білетін Қ. тарихи-эпостық тақырыптағы драмаларда еркін, зор шабытпен ойнады. Радио, эстрада үшін жазған шағын күлдіргі әңгіме-пьесалар мен өлең-сықақтары, тақпақ-қағытпалары “Түйрегіш” (1936) және “Шаншарлар” (1962) деген атпен жарық көрді. 1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосты. Көркем фильмдерде сомдаған басты тұлғалар: Байбол (“Амангелді”, 1938), Толағай (“Алып туралы ән”, 1942), Абай (“Абай әні”, 1945), Берғалиев (“Алтын мүйіз”, 1948), Жарқын (“Махаббат дастаны”, 1954), Шыңғыс (“Шоқан Уәлиханов”, 1957), т.б. Ш.Хұсайыновпен бірлесіп жазған “Шаншарлар” комедиясы 1948 ж. (реж. Айманов) қойылды. Алматы театр уч-щесінде пед. қызмет атқарды. 1972 ж. “Қазақфильм” студиясы “Қалыбек Қуанышбаев” атты телефильм (реж. Қ.Ахметов) қойды. Жазушы ұ.Мұстафин кезінде оған арнап “Мазасыз мейман” пьесасын (1981) жазған. Алматы қ-ндағы көшеге және Астана қ-ндағы қазақ муз.-драма театрына Қ-тың есімі берілген. К. Нұрпейісов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 18:08 4113

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

ҚУАНЫШБАЕВ Қалыбек (Қалибек), (25.4.1893, Қарақопа, қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. – 6.6.1968, Алматы) – актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің (1936) және КСРО-ның (1959) халық арт. Жасынан ән-күй мен ойын-сауыққа, той-тамашаға жаны құмар, думаншыл Қ. халықтың сөз өнерін терең ұғып өсті. Ол жалғыз өзі бірнеше адамның кейпіне түсіп, бір отырыста-ақ “екеудің таласын, үшеудің керісін, бесеудің жанжалын” (Әуезов М., Шығ. 11-т., А., 1969, 254-б.) орындап, тыңдаушы көпшілікті күлкіге кенелтетін дарынды өнерпаз ретінде танылды. Халық өнерпаздары Мұхаметәлі, Мауқай мен Абақты ұстаз тұтып, олардан өнер сырын үйренді. 1916 жылдың 25 маусымындағы патша жарлығы бойынша Қ. та қара жұмысқа алынады. 1917 ж. Омбы қ-на барып, былғары з-тында ат айдаушы-көшір болды. Мұнда атақты балуан Қажымұқанмен танысқан. Туған жерінде ауылдық кеңесті басқарып (1921 – 22), қоғамдық жұмыстарда жүрсе де өнерден бір сәт қол үзбеді. “Қыз ұзату”, “Қой күзету” және “Өгіз сату” секілді қысқа, күлдіргі әңгімелер шығарып, оны той-жиындарда орындап жүрді. Жатып ішер жалқауларды, кейбір керенау, теріс пиғылды жандарды өткір сынға алып әжуалады. 1922 – 24 ж. Қоянды жәрмеңкесінде ұ.Айтбаев, И.Байзақов, Қ.Мұңайтпасов, М.Шамсутдинова, т.б. ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетті. 1926 ж. Қызылорда қ-нда ірге көтерген Қазақ мемл. драма театрын ұйымдастыруға белсене атсалысты. 1927 ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ өнерпаздарының концертіне Қ. та қатысты. Ол Қазақтың мемл. академиялық драма театрында әр жылдары қойылған М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясындағы Қараменде бидің бейнесінен бастап, осы спектакльдегі басты кейіпкерлерді (Көбей би, Кебек, Нысан Абыз) түгел дерлік орындап шықты. Бұған қоса 20 ғ-дың 30-жылдарының басында Аятбай (І.Жансүгіров, “Кек”), Бекболат (Б.Майлин, “Майдан”), Бейбіт (Қ.Байсейітов пен Ә.Шанин, “Тартыс”) рөлдерін орындады. Театр тарихынан үлкен орын ал-ған кезеңдік спектакльдердің бірі – Әуезовтің “Түнгі сарынында” (1935) Қ. азаттық жолында күрес жүргізген Тәнеке бейнесін шынайы сомдады. 1936 ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” муз. драмасынан Базарбайдың рөлі мен өзінің “Қыз ұзатуын” орындап, халықты риза етті.

Қ., негізінен, болмыс-бітімі, мінезі бір-бірінен шалғай жатқан, қарама-қарсы бейнедегі рөлдерді көкейге қонымды, аса нанымды етіп орындаған. Н.В. Гогольдің “Ревизорындағы” Дуанбасы, М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай” трагедиясындағы Абай, М. Әуезов пен Ә.Әбішевтің “Намыс гвардиясындағы” генерал Панфилов, ұ.Мүсіреповтің “Амангелдісіндегі” Әбдіғаппар болыс, У.Шекспирдің “Асауға тұсауында” момақан Баптиста және қаһарлы Құнанбай (Әуезовтің “Абай” романы бойынша; КСРО Мемл. сыйл., 1952) – актер ойынында көркемдік шешімін тапқан сом тұлғалар. Актерлік шеберліктің негізгі бір саласы – сөз өнерін, оның эстетикасын терең ұққан Қ. сахналық диапазоны кең зергер болды. Әрбір рөлдің өзіне тән қайталанбас қимыл-қозғалысын, мінезі мен ішкі-сыртқы жан құбылыстарын дәл тауып ойнаушылық – Қ. шығарм-ның бір ерекшелігі болатын. Өнерді өмірінің бас-ты мақсаты тұтқан актер өмір шындығын сахналық шындықпен шебер шендестірді. Б.Ф. Чирсковтың “Жеңімпаздарындағы” әскери басшы Виноградов, Ә.Тәжібаевтың “Гүлден даласындағы” қарт ұста Жанас, Шекспирдің “Отеллосындағы” бұйығы Брабанцио, Мүсіреповтің “Ақын трагедиясы” мен “Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы” мылқау Балуан және қарт ақын Жарқын рөлі де шынайы шықты. Халықтың тұрмыс-салтын, жол-жоралғысын, әдет-ғұрпын жақсы білетін Қ. тарихи-эпостық тақырыптағы драмаларда еркін, зор шабытпен ойнады. Радио, эстрада үшін жазған шағын күлдіргі әңгіме-пьесалар мен өлең-сықақтары, тақпақ-қағытпалары “Түйрегіш” (1936) және “Шаншарлар” (1962) деген атпен жарық көрді. 1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосты. Көркем фильмдерде сомдаған басты тұлғалар: Байбол (“Амангелді”, 1938), Толағай (“Алып туралы ән”, 1942), Абай (“Абай әні”, 1945), Берғалиев (“Алтын мүйіз”, 1948), Жарқын (“Махаббат дастаны”, 1954), Шыңғыс (“Шоқан Уәлиханов”, 1957), т.б. Ш.Хұсайыновпен бірлесіп жазған “Шаншарлар” комедиясы 1948 ж. (реж. Айманов) қойылды. Алматы театр уч-щесінде пед. қызмет атқарды. 1972 ж. “Қазақфильм” студиясы “Қалыбек Қуанышбаев” атты телефильм (реж. Қ.Ахметов) қойды. Жазушы ұ.Мұстафин кезінде оған арнап “Мазасыз мейман” пьесасын (1981) жазған. Алматы қ-ндағы көшеге және Астана қ-ндағы қазақ муз.-драма театрына Қ-тың есімі берілген.

К. Нұрпейісов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға