Петропавлдағы жаңа экскурсиялық маршрут
Нақ осы күні "Вознесение господня" православие соборы ашылды. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Тайыр Мансұров мешіт пен собордың ашылуы облыс өміріндегі айтулы оқиға екенін атап көрсетті. Соңғы жүз жылдың ішінде тұңғыш рет Петропавл қаласында жаңа православиелік шіркеу салынды. Мұны дінге сенушілер көптен күтті. Өңір басшысы: "Біз православиеліктерге етене тән ұлтаралық және дінаралық келісім дәстүрлерін жоғары бағалаймыз. Жаңа шіркеуді оның иелері – дінге сенушілерге тапсыру Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республиканы мекендейтін халықтардың рухани келісімін, татулығы мен достығын нығайтуға арналған саясатының нақты көрінісі", - деп атап көрсетті. Тайыр Мансұров келушілерді, "Сервис в сроительство" ЖШС-нің басшылары мен ұжымын – шіркеуді тұрғызуға үлес қосқандардың барлығын осы маңызды оқиғамен кұттықтады.
Епископ Елевферий "Қызылжар" мешітінің ашылғанына қатысқанын және шіркеудің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфтидің келгенше қуанышты екенін атап көрсетті. "Біздің барлығымыз мәселелерді татулық пен келісім жағдайында шешеміз", - деді ол. Православиелік шіркеу тарихтың талай кезеңінде куғынға ұшырағанын айта келіп, ол былай деді: "Мен адамдардың осы шіркеуге апаратын өз жолын табуын тілеймін. Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында салтанат құрған татулық пен достықгы көздің қарашығындай қорғайтын боламыз".
Православие дінін ұстанатындарды бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі де құттықтады.
Епископ Елевферий шіркеу құрылысына үлкен үлес қосқан облыс әкімі Тайыр Мансұровты Сергей Радонежский орденімен марапаттау туралы Мәскеу мен бүкіл Русьтің патриархы Екінші Алексийдің шешімін оқып, оның атынан жиналғандардың ду қол шапалақтауы үстінде өңір басшысына осы жоғары награданы тапсырды.
"Вознесение господня" соборында құдайға мінәжат етілді. Одан бір күн бұрын аластау рәсімі өткізілді.
... 2006 жылдың басынан бері әкім Тайыр Мансұровтың ұсынысы бойынша Петропавлда жаңа экскурсиялық маршрут ұйымдастырылып отыр. Онда қаланы аралағандар міндетті түрде тарихи-өлкетану муражайында, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің обсерваториясында, сондай-ақ, ең тамашасы сол, "Қызылжар" орталық мешіті мен "Вознесение господня" шіркеуінде болады.
Жаңа мешіттің зәулім ғимараты көрсетілгенде оның еліміздегі ең әдемі мешіттердің бірі екендігі айтылады. Мешіт пен шіркеу бір күнде пайдалануға берілді, бұл оқиғаны атап көрсеткен республика Президенті оны ұлтаралық және дінаралық келісім бұлжымайтын норма болып табылатын елімізге етене тән деп атады. Қаланың көрікті жерлерімен таныстыру туған өлкені жержаһанның бір бөлігі деп қабылдау, оны мақтан түту, оны мекендеген адамдардың достығын бағалау сезімін қалыптастырады. Өйткені мұндай экскурсиялар алдымен балаларды қамтиды. Қала мен ауылдардың мыңдаған оқушылары қазірдің өзінде жаңа маршрут бойынша жүріп өтті. Және алдағы уақытта да талайы тамсанатын болады.
* * *
Ұлы Абай: "Жаман дос көлеңке сияқты" деген: ашық күні олар қыр соңыңнан қалмайды, ал бұлтты күні төбе көрсетпейді. Солтүстік Қазақстанның тұрғындары туралы мұны айта алмайсыз. Олар әрқашан бірге және бір-біріне сөзбен де, іспен де көмектеседі. Себебі әбден көздері жеткен жәйт мынандай: ұлтаралық қатынастар мәселесіне ұстамды көзқарас жағдайындағы әртүрлі этностар мен әртүрлі діни сенім адамдарды ажыратпайды, қайта жақындастырады.