Жаңалықтар

Аудандарда ұлттық-мәдени орталықтардың филиалдары құрылуы

Кіші ассамблея аудандарда ұлттық-мәдени орталықтардың филиалдарын құруда белсенділік танытты. Мәселен, Ғабит Мүсірепов атындағы, Аққайың, Тимирязев аудандарында қазақ, славян, украин, неміс орталықтары, Петропавл қаласында "Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің филиалы құрылды. Аға ұрпақ өкілдерінің қатысуымен олардың тұсаукесері өткізілді. Тұңғыш рет аудандарда Мәдениет үйлері мен кітапханалардың негізінде 11 Достық үйі ұйымдастырылды. 2005 жылы Петропавл қаласында Достық үйін қайта жаңарту және жөндеу аяқталып, оған облыстық бюджеттен 40 миллион теңгенің үстінде қаржы бөлінді. Қажетті барлық техникалық құралдар, жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды. Қысқасы, ұлттық-мәдени бірлестіктердің жемісті жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасалды. Кіші ассамблея бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасап тұрады. Секретариат орталықтардың өкілдерін қатыстыра отырып, ұлтаралық мәселеге қалам тартып жүрген журналистермен кездесу өткізді. Әңгіме барысында рухани келісім, қазақстандық патриотизм идеясын қалыптастыруға және таратуға, әртүрлі халықтардың мәдени мұрасын насихаттауға ықпал жасайтын материалдарды БАҚ-та жариялау келісілді. Оның нәтижесі жақсы мерекелі жылы "Северный Казахстан" газетінің кіші ассамблея мен ұлттық-мәдени орталықтардың ұлтаралық келісімді сақтау жөніндегі қызметін бейнелейтін материалдар жүйелі түрде жарияланды, ал "Солтүстік Қазақстан газетінде "Отаным менің – Қазақстан" арнаулы айдары ашылып, оның шеңберінде нақ осы тақырыпқа арналған мақалалар мен корреспонденциялар оқырмандар назарына ұсынылды. Елші ассамблея мен орталықтарда өткізілетін барлық қызықты шаралар радио және телеэфир арқылы беріледі. Өскелең ұрпақты топтастыру жөнінде мақсатты жұмыс жүргізілуде. Кіші ассамблеяның жастар орталығы құрылды, оған ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдері мүше. Ұлттық құрамалардың жас мүшелері "Балдәурен" республикалық лагеріне жылда барып, онда түрлі ұлттарға, олардың мәдениетіне, ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қараудың мектебінен өтеді. Орталықтардың 14 студенті облыс әкімінің квотасы бойынша Қазақстан – Ресей университетінде оқып жүр. Кіші ассамблея мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға, облысты мекендейтін ұлттардың тілдерін жаңартуға және сақтауға жіті көңіл бөліп отырады.
04.04.2013 04:24 3660

Кіші ассамблея аудандарда ұлттық-мәдени орталықтардың филиалдарын құруда белсенділік танытты. Мәселен, Ғабит Мүсірепов атындағы, Аққайың, Тимирязев аудандарында қазақ, славян, украин, неміс орталықтары, Петропавл қаласында "Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің филиалы құрылды. Аға ұрпақ өкілдерінің қатысуымен олардың тұсаукесері өткізілді. Тұңғыш рет аудандарда Мәдениет үйлері мен кітапханалардың негізінде 11 Достық үйі ұйымдастырылды. 2005 жылы Петропавл қаласында Достық үйін қайта жаңарту және жөндеу аяқталып, оған облыстық бюджеттен 40 миллион теңгенің үстінде қаржы бөлінді. Қажетті барлық техникалық құралдар, жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды. Қысқасы, ұлттық-мәдени бірлестіктердің жемісті жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасалды.

Кіші ассамблея бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасап тұрады. Секретариат орталықтардың өкілдерін қатыстыра отырып, ұлтаралық мәселеге қалам тартып жүрген журналистермен кездесу өткізді. Әңгіме барысында рухани келісім, қазақстандық патриотизм идеясын қалыптастыруға және таратуға, әртүрлі халықтардың мәдени мұрасын насихаттауға ықпал жасайтын материалдарды БАҚ-та жариялау келісілді. Оның нәтижесі жақсы мерекелі жылы "Северный Казахстан" газетінің кіші ассамблея мен ұлттық-мәдени орталықтардың ұлтаралық келісімді сақтау жөніндегі қызметін бейнелейтін материалдар жүйелі түрде жарияланды, ал "Солтүстік Қазақстан газетінде "Отаным менің – Қазақстан" арнаулы айдары ашылып, оның шеңберінде нақ осы тақырыпқа арналған мақалалар мен корреспонденциялар оқырмандар назарына ұсынылды. Елші ассамблея мен орталықтарда өткізілетін барлық қызықты шаралар радио және телеэфир арқылы беріледі.

Өскелең ұрпақты топтастыру жөнінде мақсатты жұмыс жүргізілуде. Кіші ассамблеяның жастар орталығы құрылды, оған ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдері мүше. Ұлттық құрамалардың жас мүшелері "Балдәурен" республикалық лагеріне жылда барып, онда түрлі ұлттарға, олардың мәдениетіне, ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қараудың мектебінен өтеді. Орталықтардың 14 студенті облыс әкімінің квотасы бойынша Қазақстан – Ресей университетінде оқып жүр.

Кіші ассамблея мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға, облысты мекендейтін ұлттардың тілдерін жаңартуға және сақтауға жіті көңіл бөліп отырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға