Жаңалықтар

Александр Степанович Викторенко. Виктор Федорович Зайберт

Александр Степанович Викторенко (1947 жылы туған), КСРО ғарышкер-ұшқышы, Кеңес Одағының Батыры. Орынбор жоғары әскери ұшқыштар авиация училищесінің түлегі. "1-ші сыныпты әскери ұшқыш" және "3-ші сыныпты сынақшы-ұшқыш" білікгілігі бар. 1978 жылы космонавтар отрядына қабылданған. 1987 жылы "Союз ТМ-3" ғарыш кораблінің командирі ретінде А.Викторенко бірінші рет ғарышқа ұшып, ғарыш кораблі "Мир" ғылыми-зерттеу кешенімен түйісті. Модульдің бортында ғарышкерлер ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибелер жүргізді. Ғарышкерлер отрядында еңбек еткен 19 жыл ішінде А.Викторенко жалпы ұзақтығы 1 жыл 124 тәулік мерзім төрт рет ғарышта болды, бұл ғарышта қызмет етудің қосынды қызметі бойынша әлемде үшінші көрсеткіш. Ол көптеген бағдарламалар бойынша даярлықтан өтті, бірнеше рет резервтік және қосымша экипаждардың құрамын болды. Ашық ғарышқа алты рет шыға отырып ол орбиталдық кешеннен тыс 20 сағатқа жуық жұмыс істеді. Ол бірінші рет ғарышқа ұшкан кезде Сирияның бірінші ғарышкері Мұхаммед Фариске бағдарламасын орындауға көмектесті. ФРГ ғарышкерлері Клаус-Дитрих Фладемен және Ульф Мербольдпен бірге ұшудың халықаралық бағдарламасын орындауға қатысты. А.Серебровпен бірге "Боран" бағдарламасы бойынша жасалған ғарышкерлердің автономды қозғалыс құралын орбитада сынақтан өткізді, Е.Кондаковамен бірлесіп "Мир" кешенінін энергия жүйесіне жөндеу жұмыстарын табысты өткізді. 1997 жылы полковник шенінде отставкаға шықты. Жұлдызды қалашықта болашақ ғарышкерлер тобын жаттықтырды. Қазіргі кезде құрметті демалыста. КСРО-ның, Ресейдің және алыс шет елдердің ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазір Мәскеу қаласында тұрады, туған жерімен, Солтүстік Қазақстандағы достарымен тығыз байланысын үзген жоқ. Виктор Федорович Зайберт (1947 жылы туған), ғалым-археолог, Ботай мәдениетін зерттеуші. Мәскеу археология институты аспирантурасының түлегі (1972), тарих ғылымдарының докторы (1992), әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Германия археологиялық қоғамының мүше-корреспонденті. 1994-1996 жылдары Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, 1999-2003 жылдары Петропавл бизнес және басқару институтының ректоры болды. Монографияялардың, ғылыми мақалалардың авторы. Ұлыбританияның Кембридж, Оксфорд, Эдинбург, Белфаст, Нью-Касла университеттерінде дала өркениеті туралы лекциялар оқыған.
04.04.2013 03:49 4921

Александр Степанович Викторенко (1947 жылы туған), КСРО ғарышкер-ұшқышы, Кеңес Одағының Батыры. Орынбор жоғары әскери ұшқыштар авиация училищесінің түлегі. "1-ші сыныпты әскери ұшқыш" және "3-ші сыныпты сынақшы-ұшқыш" білікгілігі бар. 1978 жылы космонавтар отрядына қабылданған. 1987 жылы "Союз ТМ-3" ғарыш кораблінің командирі ретінде А.Викторенко бірінші рет ғарышқа ұшып, ғарыш кораблі "Мир" ғылыми-зерттеу кешенімен түйісті. Модульдің бортында ғарышкерлер ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибелер жүргізді. Ғарышкерлер отрядында еңбек еткен 19 жыл ішінде А.Викторенко жалпы ұзақтығы 1 жыл 124 тәулік мерзім төрт рет ғарышта болды, бұл ғарышта қызмет етудің қосынды қызметі бойынша әлемде үшінші көрсеткіш. Ол көптеген бағдарламалар бойынша даярлықтан өтті, бірнеше рет резервтік және қосымша экипаждардың құрамын болды. Ашық ғарышқа алты рет шыға отырып ол орбиталдық кешеннен тыс 20 сағатқа жуық жұмыс істеді. Ол бірінші рет ғарышқа ұшкан кезде Сирияның бірінші ғарышкері Мұхаммед Фариске бағдарламасын орындауға көмектесті. ФРГ ғарышкерлері Клаус-Дитрих Фладемен және Ульф Мербольдпен бірге ұшудың халықаралық бағдарламасын орындауға қатысты. А.Серебровпен бірге "Боран" бағдарламасы бойынша жасалған ғарышкерлердің автономды қозғалыс құралын орбитада сынақтан өткізді, Е.Кондаковамен бірлесіп "Мир" кешенінін энергия жүйесіне жөндеу жұмыстарын табысты өткізді. 1997 жылы полковник шенінде отставкаға шықты. Жұлдызды қалашықта болашақ ғарышкерлер тобын жаттықтырды. Қазіргі кезде құрметті демалыста. КСРО-ның, Ресейдің және алыс шет елдердің ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазір Мәскеу қаласында тұрады, туған жерімен, Солтүстік Қазақстандағы достарымен тығыз байланысын үзген жоқ.

Виктор Федорович Зайберт (1947 жылы туған), ғалым-археолог, Ботай мәдениетін зерттеуші. Мәскеу археология институты аспирантурасының түлегі (1972), тарих ғылымдарының докторы (1992), әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Германия археологиялық қоғамының мүше-корреспонденті. 1994-1996 жылдары Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, 1999-2003 жылдары Петропавл бизнес және басқару институтының ректоры болды. Монографияялардың, ғылыми мақалалардың авторы. Ұлыбританияның Кембридж, Оксфорд, Эдинбург, Белфаст, Нью-Касла университеттерінде дала өркениеті туралы лекциялар оқыған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға