Жаңалықтар

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов, нақты есімі Мұхамед-Қанапия (1835-1865 әйгілі ағартушы-демократ жиһангез, этнограф, фольклоршы, Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші. Уәлихановтың балалық шағы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Сырымбет қойнауында өтті. 1847-1853 жылдары ол Омбы кадет корпусында оқыды. Сол кездері ол туған өлке мен Шығыс елдерін зерттеуге қызығушылық танытты. 1853 жылы Уәлиханов Сібір казак әскеріне қызметке жіберілді, бір жылдан кейін Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттын адъютанты болып тағайындалды. 1855 жылы ол Гасфортпен бірге Орталық Қазақстан, Жетісу және Шығыс Қазақстан бойынша саяхат жасады. Бұл саяхатта ол қазақ халқының тарихы, дін, статистика, кұқық және т.б. жөнінде материалдар жинады. Уәлихановтың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына Ф.Достоевскиймен, С.Дуровпен және басқа да алдыңғы қатарлы демократияшы зиялы қауыммен таныстығы себеп болды. 1856-1857 жылдары Алакөлге, Ыстықкөлге, Орталық Тянь-Шаньға, Құлжаға жасалған экспедицияға қатысты. Мұнда ол өсімдіктер мен жануарлар әлемін зерттеді, Құлжада орыс-қырғыз саудасы жөніндегі мәселені ретке келтірді және көптен бергі шекара дауын бейбіт жолмен шешті. 1857 жылы Қырғызстанға екінші рет барып, алғаш рет ғылыми жазба жүргізіп, қырғыз халқының "Манас" жырын ішінара орыс тіліне аударды. Уәлихановтың 1856-1857 жылдардағы саяхаттарының нәтижесі "Ыстықкөлге сапардың күнделігі", "Қытай империясы мен Құлжаның қорықтық провинциясы", "Қырғыздар туралы жазбалар" жолжазба очерктерінде көрініс тапты. Қазақ ғалымының еңбектері орыс География қоғамының назарына ілініп, П.Семенов Тянь-Шаньскийдің кепілдемесі бойынша ол осы қоғамның толық мүшесі болып сайланды. 1858-1859 жылдары Қашқарияға сапар Уәлихановтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі  болды. Бұл өлкені зерттеу оған ірі ғалымның даңқын әкелді. Қашқарияға бұл сапардың нәтижесінде Уәлихановтың іргелі еңбегі Шығыс Түркістанның тарихына, географиясына және әлеуметтік құрылымына арналған "Алтышардың немесе қытайдың Нан-Лу (Кіші Бұқара) провинциясындағы алты шығыс қаласының жағдайы туралы" шығармасы болды. Жаңа материалдармен қамту және оларды таңдау тереңдігі бойынша бұл еңбек орыс ғылымына қосылған құнды үлес болып табылады. Уәлихановтың Қашқарияға сапары туралы есебі кейіннен онда сауда факторийлерін одан әрі құруға, Батыс Қытаймен сауда және мәдени байланыстарды орнатуға пайдаланылды. Уәлихановтың еңбектері неміс, ағылшын және француз тілдерінде жарық көрген. Ғалым-жиһангездің еңбегі әулие Владимир орденімен аталып өтіліп, оған штабсротмистр шені берілді. 1865 жылғы "Географиялық қоғамның хабаршысында" атап көрсетілгеніндей "Уәлиханов бүл елде болған тұңғыш білімді адам болу құрметіне бөленді". Уәлихановтың өмірінде Петропавл қаласы маңызды рөл атқарды. Ол Ресейдегі достарымен хат алмасқанда бұл қаланы өз үйінің мекен-жайы ретінде көрсеткен. Ол мұнда әлденеше рет болған, жергілікті кітап саудасының, киім тігу және тұрмыстық мақсаттағы орындардың қызметтерін пайдаланған. Ал ең бастысы Петропавлда оның достары мен пікірлестері болған. Солтүстікқазақстандықтар өздерінің ұлы жерлесінің есімін мәңгі есте сақгау үшін оның атын селолық ауданға, облыс орталығында — көшеге берді. Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында Шоқанның әжесі Айғаным айтысы бұл жанрдың классикасына айналған. Біржан сал өзінің шығармасында музыкалық, ақындық, драмалық сияқты халық өнерінің барлық түрлерін біріктіре білді. Петропавлда, Тайыншада және Қояндыда бірде бір мереке, бірде бір жәрмеңке оның қатысуынсыз өтпеген. Ол Қазақстанның солтүстігінде өзінен кейін көптеген шәкірттері мен ізбасарларын қалдырған. Біржан салдың халық арасында кеңінен тараған өлеңдері бар, оларды осы заманғы сазгерлер, әдебиеттанушылар мен фолыслоршылар ғылыми зерттеулердің тақырыбына айналдыруда
04.04.2013 03:17 21979

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға