Жаңалықтар

Қожаберген жырау. Шал ақын

Қожаберген жырау Толыбайұлы (1663-1762), жырау, қолбасшы, мемлекет қайраткері. Бала кезінде оның тәрбиесімен және оқуымен Ұлы жүздегі оның нағашысы Жалаңтөс Бақадүр Сейтқұлұлы айналысқан. Қожаберген жырау Бұқараның, Самарқандтың және Үргеніштің медреселерінде араб және парсы тілдерін, сондай-ақ шығыс мәдениетін үйренген. Ол 13 жасынан өлең жаза бастаған. Қоқан, Бұқара және Хиуа хандықтарына, Парсы патшалығына және т.б. Орта Азия елдеріне ханның дипломатиялық елшіліктерін жиі басқарған кезде Қожаберген жырауға тілдерді білу көп көмегін тигізген. Оның өмірі мен қызметінің белгілі бір бөлігі мемлекеттік құрылым мен тәртіптің негізгі қағидаларын анықтаған "Жеті жарғы" қарапайым құқықтар нормаларының жиынтығын жазған Тәуке ханмен байланысты болған. Бұл заңдар жинағы авторларының бірі Қожаберген жырау. 1688 жылы Түркістан түбінде Тәуке хан бастаған қазақ руларының басшылары 25 жастағы Қожаберген жырауды ордабасы, яғни хан әскерлерінің бас қолбасшысы етіп тағайындайды. Жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтардың, қырғыздардың, қара-қалпақтардың, ноғайлардың және барабин татарларының бірлескен әскерін 22 жыл бойы басқарған бұл әскери басшының ерліктері туралы өлеңдер мен дастандар жазылған. Жоңғарлар 1723 жылы қазақ жеріне басып кіргенде Қожаберген жырау әйгілі "Елім-ай" өлеңін, содан кейін осы атаумен дастанын жазған. Автор бұл шығармаларында сол кездегі хандар мен сұлтандардың халықты орасан қайғыға душар еткен сатқындықтарын әшкере етеді. Қожаберген жыраудың шығармашылық мұрасын зерттеушілердің айтуынша, ол сондай-ақ шебер музыкант, сазгер, ұста, зергер, аңшы, емші болған. Қожаберген жырау өз уақытының тарихи оқиғаларын және жарқын өкілдерін жырға қосқан халық тағдырының жыршысы. Қожаберген жы-раудың бірқатар шығармалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы. Шал   ақын,   шын   аты Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819), халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Туған кезде оған Тілеуке есімі берілген. Бала кезінен ол қабілетті, зерек болған, ақсақалдардың әңгімелерін тыңдауды ұнатқан және оларды бірден жадында сақтаған. Осынысы үшін құрдастары мен әзілқой жеңгелері оған Шал деген ат қойған. 15 жасынан оның өлең жазу қабілеті байқала бастаған. Ол сондай-ақ фольклорға және өзінің замандас ақындарының шығармаларына ынта қояды. Ш.Уәлихановтың айтуынша, Шал ақын қазақ халқының шыққан тегі, оның рулары, хандардың шежіресі туралы көптеген материалдар жинаған және соның негізінде тамаша эпос жазған. Өзі қанша мұқтаждық көріп жүрсе де байлардан көмек сұрамаған. Жарамсыздық пен жағымпаздықты жаны сүймеген, барлық қиыншылыққа еш мойымаған. Біздің күнге дейін жеткен Шал ақынның толық емес мұрасы бір жарым мың жолға жақын. Оның өлеңдері тақырыбы бойынша әртүрлі: жақсылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, ақылдылық пен көргенсіздік, кедейлік пен байлық. Оның сыршыл шығармалары өзінің пәлсапалық тереңдігімен және шынайылығымен баурап алады. Өз заманында жоғары білімді адам болған Шал ақын көптеген нәрсе адамның өзіне, оның өмірден өз орнын түйсінуіне, парызды түсінуіне және жақсылық істей білуіне байланысты екендігін айтқан. Бұл туралы оның дидактикалық шығармалары ("Ата-ананың қадірін", "Жігіт туралы", "Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң", "Жа манға дәулет бітсе", "Әйел туралы" және т.б.) бар. Ол тірлік пен достыққа ұмтылулы адамның ең жақсы қасиеттерінің бірі деп есептеген. Шал ақынның бірқатар өлеңдерінде жастық шақтан кәрілікке дейінгі адамның өмір кезеңдері туралы эволюциялық тақырыпты қамтитын дәстүр тән. Оның сыр сезіміне толы өлеңдері өзінің шынайылығымен баулыды, өзін өзі аяусыз сынау да ерекше сезімге бөлейді. Шал ақын шығармаларының басым бөлігі бірден шығарылған өлеңдер. Оның суырып салу өнері бұл жанның үлгісі болып есептеледі. Ол ақындар сайысының шебері болған, көптеген айтыстарға ("Шал ақын мен қыздың айтысы", "Шал ақын мен бәйбішенің айтысы", "Шал ақын мен жігіттің айтысы" және т.б.) қатысқан. Зерттеушілер оның өнер көрсетулерінің көркемдік жетілдірілгенін, бейнелілігін, дәлдігін, тапқырлығын және тілінің тұспалдығын, стилінің мәнерлігін атап көрсетеді. Шал ақынның айтқандары қанатты сөздерге айналған.
04.04.2013 03:07 8575

Қожаберген жырау Толыбайұлы (1663-1762), жырау, қолбасшы, мемлекет қайраткері. Бала кезінде оның тәрбиесімен және оқуымен Ұлы жүздегі оның нағашысы Жалаңтөс Бақадүр Сейтқұлұлы айналысқан. Қожаберген жырау Бұқараның, Самарқандтың және Үргеніштің медреселерінде араб және парсы тілдерін, сондай-ақ шығыс мәдениетін үйренген. Ол 13 жасынан өлең жаза бастаған. Қоқан, Бұқара және Хиуа хандықтарына, Парсы патшалығына және т.б. Орта Азия елдеріне ханның дипломатиялық елшіліктерін жиі басқарған кезде Қожаберген жырауға тілдерді білу көп көмегін тигізген. Оның өмірі мен қызметінің белгілі бір бөлігі мемлекеттік құрылым мен тәртіптің негізгі қағидаларын анықтаған "Жеті жарғы" қарапайым құқықтар нормаларының жиынтығын жазған Тәуке ханмен байланысты болған. Бұл заңдар жинағы авторларының бірі Қожаберген жырау. 1688 жылы Түркістан түбінде Тәуке хан бастаған қазақ руларының басшылары 25 жастағы Қожаберген жырауды ордабасы, яғни хан әскерлерінің бас қолбасшысы етіп тағайындайды. Жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтардың, қырғыздардың, қара-қалпақтардың, ноғайлардың және барабин татарларының бірлескен әскерін 22 жыл бойы басқарған бұл әскери басшының ерліктері туралы өлеңдер мен дастандар жазылған. Жоңғарлар 1723 жылы қазақ жеріне басып кіргенде Қожаберген жырау әйгілі "Елім-ай" өлеңін, содан кейін осы атаумен дастанын жазған. Автор бұл шығармаларында сол кездегі хандар мен сұлтандардың халықты орасан қайғыға душар еткен сатқындықтарын әшкере етеді. Қожаберген жыраудың шығармашылық мұрасын зерттеушілердің айтуынша, ол сондай-ақ шебер музыкант, сазгер, ұста, зергер, аңшы, емші болған. Қожаберген жырау өз уақытының тарихи оқиғаларын және жарқын өкілдерін жырға қосқан халық тағдырының жыршысы. Қожаберген жы-раудың бірқатар шығармалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы.

Шал   ақын,   шын   аты Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819), халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Туған кезде оған Тілеуке есімі берілген. Бала кезінен ол қабілетті, зерек болған, ақсақалдардың әңгімелерін тыңдауды ұнатқан және оларды бірден жадында сақтаған. Осынысы үшін құрдастары мен әзілқой жеңгелері оған Шал деген ат қойған. 15 жасынан оның өлең жазу қабілеті байқала бастаған. Ол сондай-ақ фольклорға және өзінің замандас ақындарының шығармаларына ынта қояды. Ш.Уәлихановтың айтуынша, Шал ақын қазақ халқының шыққан тегі, оның рулары, хандардың шежіресі туралы көптеген материалдар жинаған және соның негізінде тамаша эпос жазған. Өзі қанша мұқтаждық көріп жүрсе де байлардан көмек сұрамаған. Жарамсыздық пен жағымпаздықты жаны сүймеген, барлық қиыншылыққа еш мойымаған. Біздің күнге дейін жеткен Шал ақынның толық емес мұрасы бір жарым мың жолға жақын. Оның өлеңдері тақырыбы бойынша әртүрлі: жақсылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, ақылдылық пен көргенсіздік, кедейлік пен байлық. Оның сыршыл шығармалары өзінің пәлсапалық тереңдігімен және шынайылығымен баурап алады. Өз заманында жоғары білімді адам болған Шал ақын көптеген нәрсе адамның өзіне, оның өмірден өз орнын түйсінуіне, парызды түсінуіне және жақсылық істей білуіне байланысты екендігін айтқан. Бұл туралы оның дидактикалық шығармалары ("Ата-ананың қадірін", "Жігіт туралы", "Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң", "Жа манға дәулет бітсе", "Әйел туралы" және т.б.) бар. Ол тірлік пен достыққа ұмтылулы адамның ең жақсы қасиеттерінің бірі деп есептеген. Шал ақынның бірқатар өлеңдерінде жастық шақтан кәрілікке дейінгі адамның өмір кезеңдері туралы эволюциялық тақырыпты қамтитын дәстүр тән. Оның сыр сезіміне толы өлеңдері өзінің шынайылығымен баулыды, өзін өзі аяусыз сынау да ерекше сезімге бөлейді. Шал ақын шығармаларының басым бөлігі бірден шығарылған өлеңдер. Оның суырып салу өнері бұл жанның үлгісі болып есептеледі. Ол ақындар сайысының шебері болған, көптеген айтыстарға ("Шал ақын мен қыздың айтысы", "Шал ақын мен бәйбішенің айтысы", "Шал ақын мен жігіттің айтысы" және т.б.) қатысқан. Зерттеушілер оның өнер көрсетулерінің көркемдік жетілдірілгенін, бейнелілігін, дәлдігін, тапқырлығын және тілінің тұспалдығын, стилінің мәнерлігін атап көрсетеді. Шал ақынның айтқандары қанатты сөздерге айналған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға