Жаңалықтар

Ағынтай батыр. Жәнібек батыр

Ағынтай батыр (туған жылы белгісіз — 1672 ж.), батыр, Есім мен Жәңгір хандардың ең сенімді үзеңгілестерінің бірі. 1620 жылдан бастап Ағынтай жоңғарлармен болған барлық ірі шайқастарға белсене қатысқан әлденеше рет жаудың жауынгерлерімен жекпе-жекке шыққан және әрқашан жеңіске жеткен. 1643 жылы Орсулақ шайқасында ол Салқам Жәңгірдің 600 сарбазының қатарында болып, жоңғар қоңтайшыларының 50 мыңдық әскеріне қарсы шайқасқан. Шапырашты руынан шыққан әйгілі Қарасай батырмен бірге Жәңгірді қалмақтардың тұтқыннан азат етуге қатысқан Ағынтай батырдың ерекше күштілігі мен ерлігі туралы көптеген аңыздар сақталған. Замандастары оның жұдырығы кез келген адамды сұлатып салатынын білген, сондықтан халық жұдырығы күшті адамды «Ағынтайдың жұдырығына» теңеген. Ағынтай қайтыс болған соң өзінің үзеңгілес досы Қарасай батырдың зиратының жанына — Құлшынбай тауына жерленген. Қазір Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы халықтың көздің қарашығындай сақтайтын осы жерінде халықтық-азат ету қозғалысының әйгілі батырларына арналған ерекше мемориалдық кешен тұрғызылды. Жәнібек батыр (17 ғасырдың басы — 17 ғасырдың үшінші ширегі), батыр. Бөгенбай, Қабанбай, Толыбай, Малайсары батырлардың серіктері. Үргенші қаласындағы медресенің түлегі. Жоңғарлардың шапқыншылықтарына қарсы күрестерге қатысқан. Батырлығы мен ептілігінің арқасында Жәңгір ханның айтуымен Ер Жәнібек ретінде тарихта қалған. Баян Қасаболатұлы, Батыр Баян (болжаммен 1705/1710-1759), қазақ халқының жоңғар шапқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресінің батыры. Баян жасақ құрып, руластарының көп санды отрядын басқарған және Қабанбай, Малайсары, Олжабай, басқа да батырлармен бірлесіп Ертіс өңірін, Қалба жерін және Тарбағатай өңірін азат етуге қатысқан. Ол әсіресе Тарбағатай тауының етегіндегі 80 күндік шайқаста және Аягөз түбіндегі Ақшаулы ұрысында ерекше көзге түскен. Оның ақылы мен ержүректілігін Абылай хан жоғары бағалаған, оны ғалым-ағартушы Ш.Уәлихановтың жазбалары айғақтайды. 1759 жылы Баян 100 адамнан тұратын отрядпен Шығыс Түркістанды жаулап алған қытай әскерлерін ойсырата жеңді. Оларды Құлжа қаласына дейін қуған, алайда қайтып келе жатқанда ол уланып қайтыс болған. Ол туралы көптеген аңыздар мен әндер қалған. Халық аңыздарында Баянның ептілігі, ержүректілігі, батырлығы жырға қосылған. Оның ерліктерін XVIII ғасырдағы белгілі ақындар мен жыраулар Үмбетей мен Тәтіқара, XX ғасырда ақын Мағжан Жұмабаев жырлаған. Ұлт батырының 300 жылдығы қарсаңында облыс әкімі Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласында Батыр Баянның мүсінін салтанатты түрде ашты.
04.04.2013 03:04 5920

Ағынтай батыр (туған жылы белгісіз — 1672 ж.), батыр, Есім мен Жәңгір хандардың ең сенімді үзеңгілестерінің бірі. 1620 жылдан бастап Ағынтай жоңғарлармен болған барлық ірі шайқастарға белсене қатысқан әлденеше рет жаудың жауынгерлерімен жекпе-жекке шыққан және әрқашан жеңіске жеткен. 1643 жылы Орсулақ шайқасында ол Салқам Жәңгірдің 600 сарбазының қатарында болып, жоңғар қоңтайшыларының 50 мыңдық әскеріне қарсы шайқасқан. Шапырашты руынан шыққан әйгілі Қарасай батырмен бірге Жәңгірді қалмақтардың тұтқыннан азат етуге қатысқан Ағынтай батырдың ерекше күштілігі мен ерлігі туралы көптеген аңыздар сақталған. Замандастары оның жұдырығы кез келген адамды сұлатып салатынын білген, сондықтан халық жұдырығы күшті адамды «Ағынтайдың жұдырығына» теңеген. Ағынтай қайтыс болған соң өзінің үзеңгілес досы Қарасай батырдың зиратының жанына — Құлшынбай тауына жерленген. Қазір Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы халықтың көздің қарашығындай сақтайтын осы жерінде халықтық-азат ету қозғалысының әйгілі батырларына арналған ерекше мемориалдық кешен тұрғызылды.

Жәнібек батыр (17 ғасырдың басы — 17 ғасырдың үшінші ширегі), батыр. Бөгенбай, Қабанбай, Толыбай, Малайсары батырлардың серіктері. Үргенші қаласындағы медресенің түлегі. Жоңғарлардың шапқыншылықтарына қарсы күрестерге қатысқан. Батырлығы мен ептілігінің арқасында Жәңгір ханның айтуымен Ер Жәнібек ретінде тарихта қалған. Баян Қасаболатұлы, Батыр Баян (болжаммен 1705/1710-1759), қазақ халқының жоңғар шапқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресінің батыры. Баян жасақ құрып, руластарының көп санды отрядын басқарған және Қабанбай, Малайсары, Олжабай, басқа да батырлармен бірлесіп Ертіс өңірін, Қалба жерін және Тарбағатай өңірін азат етуге қатысқан. Ол әсіресе Тарбағатай тауының етегіндегі 80 күндік шайқаста және Аягөз түбіндегі Ақшаулы ұрысында ерекше көзге түскен. Оның ақылы мен ержүректілігін Абылай хан жоғары бағалаған, оны ғалым-ағартушы Ш.Уәлихановтың жазбалары айғақтайды. 1759 жылы Баян 100 адамнан тұратын отрядпен Шығыс Түркістанды жаулап алған қытай әскерлерін ойсырата жеңді. Оларды Құлжа қаласына дейін қуған, алайда қайтып келе жатқанда ол уланып қайтыс болған. Ол туралы көптеген аңыздар мен әндер қалған. Халық аңыздарында Баянның ептілігі, ержүректілігі, батырлығы жырға қосылған. Оның ерліктерін XVIII ғасырдағы белгілі ақындар мен жыраулар Үмбетей мен Тәтіқара, XX ғасырда ақын Мағжан Жұмабаев жырлаған. Ұлт батырының 300 жылдығы қарсаңында облыс әкімі Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласында Батыр Баянның мүсінін салтанатты түрде ашты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға