Жаңалықтар

Өлке тұрғындары санының динамикасы

Солтүстікқазақстандықтардың «Біз қаншамыз?» және «Біз қандаймыз?» деген сауалдарына статистика жеткілікті жауап береді. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Солтүстік Казақстан облысында 661,4 мың адам немесе республика тұрғындарының 4,3 пайызы тұрады, олардың 230,2 мыңы (34,8%) қала және 431,2 мыңы (65,2%) ауыл тұрғындары. Тұрғындардың орташа тығыздығы 1 шаршы километрге 6,7 адамнан келеді. Өлке тұрғындары санының динамикасын шиеленісті фактілер мен "тар жол, тайғақ кешу" оқиғаларына толы мемлекеттің тарихы анықтады. Солтүстік Қазақстанда көне заманнан бері қазақтар қоныс еткен, олар далалық және орманды-далалық кеңістіктерді жайлаған. Кезінде Петропавл уезінің аумағында 117 ауыл болған. Күнтізбелік жылдың басым бөлігінде көшпенділердің негізгі баспаналары көшіп қонуға ыңғайлы киіз үй болған. Осыдан екі жүз елу бес жыл бұрын 1752 жылы Ресейден шыққан әскерилендірілген орыс казак құрылымдарының өкілдері осы өңірде Новоишим бекінісін құрды. Ол ащы-тұзды көлдердің аудандарында орналасқандықтан "Қасірет белдеуі" деп аталды. Осы кезеңде Лебяжье, Полуденное, Петропавловское, Становское. Пресновское және т.б. алғашқы орыс казак қоныстары пайда болды. Солтүстік Қазақстан аймағына жергілікті емес ұлт өкілдерінің белсенді қоныстана бастауы 1891 жылы басталды. Сол кезде бүл өңірге Ресейдің батыс бөлігінен және Украинадан жері аз және жерсіз шаруалардың легі келе бастады. 1891-1912 жылдары Петропавл уезінің аумағында 200-ге жуық қоныс аударушылардың кенттері бой көтерді, ал олардағы тұрғындардың саны 293,4 мың адамға жетті. Тұрғындардың, әсіресе қалалықтардың тез өсуіне 1891-1916 жылдары Транссібір темір жол магистралін салу өз септігін тигізді. Мұндай ауқымды және көп еңбекті қажет ететін жобаны жүзеге асыру бірнеше мыңдаған жұмысшыларды талап етті. Олар Ресейдің орталық губернияларынан жиналып, Челябіден Владивостокқа дейін созылған барлық жолдың бойына орналастырылды. Солтүстік Қазақстанда темір жолға тікелей жақын орналасқан және "Қасірет белдеуіндегі" казак станицаларын, сондай-ақ Есіл өзе нінің жайылымдары аумақтарына осындай жұмысшылар тығыз орналастырылды. Сөйтіп, өмір ағымын күрт өзгерткен 1917 жылға дейін осы заманғы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ауылдар, казак станицалары және қоныс аударушылардың кенттері сияқты ауыл шаруашылығы елді мекендерінің үш түрі қалыптасты.
04.04.2013 02:50 3615

Солтүстікқазақстандықтардың «Біз қаншамыз?» және «Біз қандаймыз?» деген сауалдарына статистика жеткілікті жауап береді. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Солтүстік Казақстан облысында 661,4 мың адам немесе республика тұрғындарының 4,3 пайызы тұрады, олардың 230,2 мыңы (34,8%) қала және 431,2 мыңы (65,2%) ауыл тұрғындары. Тұрғындардың орташа тығыздығы 1 шаршы километрге 6,7 адамнан келеді.

Өлке тұрғындары санының динамикасын шиеленісті фактілер мен "тар жол, тайғақ кешу" оқиғаларына толы мемлекеттің тарихы анықтады. Солтүстік Қазақстанда көне заманнан бері қазақтар қоныс еткен, олар далалық және орманды-далалық кеңістіктерді жайлаған. Кезінде Петропавл уезінің аумағында 117 ауыл болған. Күнтізбелік жылдың басым бөлігінде көшпенділердің негізгі баспаналары көшіп қонуға ыңғайлы киіз үй болған.

Осыдан екі жүз елу бес жыл бұрын 1752 жылы Ресейден шыққан әскерилендірілген орыс казак құрылымдарының өкілдері осы өңірде Новоишим бекінісін құрды. Ол ащы-тұзды көлдердің аудандарында орналасқандықтан "Қасірет белдеуі" деп аталды. Осы кезеңде Лебяжье, Полуденное, Петропавловское, Становское. Пресновское және т.б. алғашқы орыс казак қоныстары пайда болды.

Солтүстік Қазақстан аймағына жергілікті емес ұлт өкілдерінің белсенді қоныстана бастауы 1891 жылы басталды. Сол кезде бүл өңірге Ресейдің батыс бөлігінен және Украинадан жері аз және жерсіз шаруалардың легі келе бастады. 1891-1912 жылдары Петропавл уезінің аумағында 200-ге жуық қоныс аударушылардың кенттері бой көтерді, ал олардағы тұрғындардың саны 293,4 мың адамға жетті.

Тұрғындардың, әсіресе қалалықтардың тез өсуіне 1891-1916 жылдары Транссібір темір жол магистралін салу өз септігін тигізді. Мұндай ауқымды және көп еңбекті қажет ететін жобаны жүзеге асыру бірнеше мыңдаған жұмысшыларды талап етті. Олар Ресейдің орталық губернияларынан жиналып, Челябіден Владивостокқа дейін созылған барлық жолдың бойына орналастырылды. Солтүстік Қазақстанда темір жолға тікелей жақын орналасқан және "Қасірет белдеуіндегі" казак станицаларын, сондай-ақ Есіл өзе нінің жайылымдары аумақтарына осындай жұмысшылар тығыз орналастырылды.

Сөйтіп, өмір ағымын күрт өзгерткен 1917 жылға дейін осы заманғы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ауылдар, казак станицалары және қоныс аударушылардың кенттері сияқты ауыл шаруашылығы елді мекендерінің үш түрі қалыптасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға