Жаңалықтар

Соғыстан кейінгі онжылдықтардағы Солтүстік Қазақстанның дамуы

Облыс басшылығы мал шаруашылығының жекелеген түрлері бойынша бірқатар шаруашылықтарды мамандандыруға шешім қабылдады. Соның нәтижесінде шошқа өсіруші шаруашылықтар мен құс фабрикалары қалалар мен жұмысшы кенттерінің тұрғындарын өз өнімдерімен толық қамтамасыз етуге қол жеткізді. Жемазықтың жетіспеуінен сүт өндіруге мамандандырылған шаруашылықтарда бұл тәжірибе аса нәтиже бере қоймады. Сонда 50-ші жылдардың соңында сүрлемдік дақылдардың арасында көшбастаушы болған жүгері өсіруге ден қойылды. Оның жоғары өнімділігі, өзіндік құнының төмендігі және сақтаудың арзанға түсуі жүгеріні мал шаруашылығын жемазықпен қамтамасыз етудегі бағалы өнім дәрежесіне жеткізді. Селоны жаңа техникамен, құрылыс материалдарымен, су қорларымен, электр қуатымен жігерлі жабдықтау басталды. Сегізінші және тоғызыншы бесжылдықтар жылдарында негізгі өндірістік қорлар екі есе артты. Кеңшарлар мен ұжымшарлар 15 мың трактор, 9 мыңнан аса астық комбайндарын, 6 мың жүк машиналарын алды. Ескі селолардың бейнесі өзгерді, барлық жерлерде мектептер, клубтар, емдеу мекемелері салынды. Тыңайған жерлерді игеру облыстың елдегі және республикадағы жағдайын өзгертті, оны ірі тауарлы астық өндірушіге айналдырды. Тың эпопеясы экономиканы оңтайлы жандандырып, адамдардың әл-ауқаты мен мәдениетін өсірді. Өнеркәсіпке келсек, соғыстан кейінгі уақытта соғыс жылдары Петропавлға көшіп келген қорғаныс зауыттарының жұмысшылары жергілікті кадрлармен алмастырылды — 1947 жылдың соңының өзінде жергілікті кадрлар 90 пайызға жетті. Қорғаныс зауыттары, ет комбинаты сияқты қоғамдық маңызы бар нысандар өңір тұрғындарының мақтанышына айналды. Республикалық кәсіпорындар — хром және сыра зауыттары, спирт-арақ комбинаты, пима басу-аяқ киім, тігін және темекі фабрикалары, сондай-ақ жергілікті бағыныстағы өндірістер — нан комбинаты, сүт зауыты, облыстық өнеркәсіп одағының артельдері тауарлы өнімдер шығаруға аз үлес қосқан жоқ. Облыстың жалпы өнімдерінің құнының 48 пайызын одақтық өнеркәсіп, 33 пайызын республикалық өнеркәсіп және 19 пайызын жергілікті өнеркәсіп берді. Тұтастай алғанда, соғыстан кейінгі онжылдықтардағы даму кезінде Солтүстік Қазақстанның шаруашылығы қалпына келтіріліп қана қойған жоқ, сонымен бірге оны одан әрі жетілдірудің жолдары да белгіленді. 1965 жылы облысымызда 92 кәсіпорын болды, олардың 14-і одақтық және 38-і республикалық. Республикамыздағы аса ірі ТЭЦ-2 іске қосылды. 1961 жылы қорғаныс өнімдерін шығаратын ПЗТМ пайдаланылуға берілді. Темір жол транспорты электрмен   жүруге   көшірілді. Өңірде 18 автотранспорт кәсіпорны жұмыс істеді, алғашқы троллейбус желілер: тартылды, ірі әуежай салынды, қуатты құрылыс индустриясы ірге қалап, ол қысқа мерзімде қалалықтардың 80 пайызын пәтерлермен қамтамасыз етуге қол жеткізді. "Союзцелинвод" тресі ірі магистральдық су құбырларын жасап, солар арқылы Көкшетау, Қорған және Солтүстік Қазақстан облыстарының 494 елді мекені Есіл суын алды. Жол-құрылыс ұйымдарының күш-жігерінің арқасында облыстың асфальт төселген жолдардың ұзындығы 600 шақырымға жетті. Соғыстан кейінгі уақытта өнеркәсіп өндірісінің нақты өсімі айтарлықтай болды: 1940 жылмен салыстырғанда 1965 жылы өнеркәсіп өнімінің шығарылуы 11,8 есе, 1975 жылы - 26,4 есе, 1980 жылы — 48,5 есе артты. Өндірістің жалпы көлемінде машина жасау өнімдерінің үлес салмағы 46 пайыз, ал тамақ өнеркәсібі өнімдері — 34,8 пайыз болды. Тұрғындардың тұрғын үй жағдайы айтарлықтай жақсарды: 1961-1980 жылдары 5530 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, қалада 62,7 мың пәтер, ал селоларда — 88 мың пәтер газбен жабдықталды.
03.04.2013 23:43 4480

Облыс басшылығы мал шаруашылығының жекелеген түрлері бойынша бірқатар шаруашылықтарды мамандандыруға шешім қабылдады. Соның нәтижесінде шошқа өсіруші шаруашылықтар мен құс фабрикалары қалалар мен жұмысшы кенттерінің тұрғындарын өз өнімдерімен толық қамтамасыз етуге қол жеткізді. Жемазықтың жетіспеуінен сүт өндіруге мамандандырылған шаруашылықтарда бұл тәжірибе аса нәтиже бере қоймады. Сонда 50-ші жылдардың соңында сүрлемдік дақылдардың арасында көшбастаушы болған жүгері өсіруге ден қойылды. Оның жоғары өнімділігі, өзіндік құнының төмендігі және сақтаудың арзанға түсуі жүгеріні мал шаруашылығын жемазықпен қамтамасыз етудегі бағалы өнім дәрежесіне жеткізді.

Селоны жаңа техникамен, құрылыс материалдарымен, су қорларымен, электр қуатымен жігерлі жабдықтау басталды. Сегізінші және тоғызыншы бесжылдықтар жылдарында негізгі өндірістік қорлар екі есе артты. Кеңшарлар мен ұжымшарлар 15 мың трактор, 9 мыңнан аса астық комбайндарын, 6 мың жүк машиналарын алды. Ескі селолардың бейнесі өзгерді, барлық жерлерде мектептер, клубтар, емдеу мекемелері салынды.

Тыңайған жерлерді игеру облыстың елдегі және республикадағы жағдайын өзгертті, оны ірі тауарлы астық өндірушіге айналдырды. Тың эпопеясы экономиканы оңтайлы жандандырып, адамдардың әл-ауқаты мен мәдениетін өсірді.

Өнеркәсіпке келсек, соғыстан кейінгі уақытта соғыс жылдары Петропавлға көшіп келген қорғаныс зауыттарының жұмысшылары жергілікті кадрлармен алмастырылды — 1947 жылдың соңының өзінде жергілікті кадрлар 90 пайызға жетті.

Қорғаныс зауыттары, ет комбинаты сияқты қоғамдық маңызы бар нысандар өңір тұрғындарының мақтанышына айналды. Республикалық кәсіпорындар — хром және сыра зауыттары, спирт-арақ комбинаты, пима басу-аяқ киім, тігін және темекі фабрикалары, сондай-ақ жергілікті бағыныстағы өндірістер — нан комбинаты, сүт зауыты, облыстық өнеркәсіп одағының артельдері тауарлы өнімдер шығаруға аз үлес қосқан жоқ. Облыстың жалпы өнімдерінің құнының 48 пайызын одақтық өнеркәсіп, 33 пайызын республикалық өнеркәсіп және 19 пайызын жергілікті өнеркәсіп берді.

Тұтастай алғанда, соғыстан кейінгі онжылдықтардағы даму кезінде Солтүстік Қазақстанның шаруашылығы қалпына келтіріліп қана қойған жоқ, сонымен бірге оны одан әрі жетілдірудің жолдары да белгіленді. 1965 жылы облысымызда 92 кәсіпорын болды, олардың 14-і одақтық және 38-і республикалық. Республикамыздағы аса ірі ТЭЦ-2 іске қосылды. 1961 жылы қорғаныс өнімдерін шығаратын ПЗТМ пайдаланылуға берілді. Темір жол транспорты электрмен   жүруге   көшірілді.

Өңірде 18 автотранспорт кәсіпорны жұмыс істеді, алғашқы троллейбус желілер: тартылды, ірі әуежай салынды, қуатты құрылыс индустриясы ірге қалап, ол қысқа мерзімде қалалықтардың 80 пайызын пәтерлермен қамтамасыз етуге қол жеткізді. "Союзцелинвод" тресі ірі магистральдық су құбырларын жасап, солар арқылы Көкшетау, Қорған және Солтүстік Қазақстан облыстарының 494 елді мекені Есіл суын алды. Жол-құрылыс ұйымдарының күш-жігерінің арқасында облыстың асфальт төселген жолдардың ұзындығы 600 шақырымға жетті.

Соғыстан кейінгі уақытта өнеркәсіп өндірісінің нақты өсімі айтарлықтай болды: 1940 жылмен салыстырғанда 1965 жылы өнеркәсіп өнімінің шығарылуы 11,8 есе, 1975 жылы - 26,4 есе, 1980 жылы — 48,5 есе артты. Өндірістің жалпы көлемінде машина жасау өнімдерінің үлес салмағы 46 пайыз, ал тамақ өнеркәсібі өнімдері — 34,8 пайыз болды.

Тұрғындардың тұрғын үй жағдайы айтарлықтай жақсарды: 1961-1980 жылдары 5530 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, қалада 62,7 мың пәтер, ал селоларда — 88 мың пәтер газбен жабдықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға