Жаңалықтар

Соғыстың алғашқы күндері

Соғыстың алғашқы күндерінде облыстың еңбек ұжымдарында көп адамдар жиналған митингтер мен жиналыстар болып, оларда солтүстік қазақстандықтар Отанды қорғауға даярлығын және Жеңіс үшін екпінді еңбек ететіндіктерін мәлімдеді. Көптеген адамдар шақыру орындарына келіп: "Майданға аттандырыңдар!" деген талап қойды. Небары бес күн өтісімен соғыс болып жатқан жерге 702-ші құрылыс батальоны аттанып кетті. 1941 жылдың тамызында соғысып жатқан армияға Петропавлда жасақталған 314-ші атқыштар дивизиясы қосылды. Жүздеген жерлес-жауынгерлер Мәскеу түбінде даңқты Панфилов дивизиясында соғысты. Көптеген солтүстікқазақстандықтар Сталинградты қорғады, Курск иінінде, Днепрде, партизан отрядтарында соғысты, Польшаны, Венгрияны, Румынияны фашистерден азат етті, жорық жолдарымен Германияны көктеп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында облыстың 92 мыңнан астам тұрғыны әскерге алынды, 34 мыңнан астам адам еңбек армиясына шақырылды. 53 солтүстікқазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді, 11-і "Даңқ" орденінің толық иегері болды. Соғыс кезінде облыстың 45364 азаматы қаза тапты, басқаша айтқанда майданға аттанған екеудің бірі кейін оралмады. Соғыстың алғашқы жылында мұнда 20 зауыт пен фабрика көшіп келіп, қорғаныс кәсіпорындарының тобын құрды. Былғары және хром заводтарының, аяқ киім және темекі фабрикаларының, өнеркәсіп артельдерінің қуаты едәуір күшейді. Осы кәсіпорындар ұжымдарына мыңдаған қалалықтар — қарттар, әйелдер, жасөспірімдер қосылды. Майдан және гвардия бригадаларының қозғалысы ашылып, шикізаттар мен электр куатын үнемдеу жолында күрес күшейді.      Тамақтың жетіспеуіне, тұрмыстың қолайсыздығына, кәсіпорындарын шикізаттармен, электр куатымен, отынмен және жарақтармен жабдықтауға байланысты қиыншылықтарға төзе отырып, адамдар бүкіл күш-қуатын майдан мұқтаждықтарына сарп етті. Село бұдан да қиын жағдайға душар болды: еркектердің аттанып кетуі, тракторларды, автомашиналарды, аттарды алып қою оның өндірістік негізін әлсіретті. Егістік алқаптарының төрттен біріндейі ғана қалды. Мал басының қанағаттанғысыз жағдайы және 1942-1943 жылдардағы қуаңшылық малдың және оның өнімділігінің кеміп кетуіне әкеліп соқтырды. Алайда осы жағдайлардың өзінде облыс еңбекшілері басқыншылықтан босатылған аудандардың шаруашылықтарын қалпына келтіруге көмектесті — Сталинградтың, Донецк темір жолының, Орел облысының қалпына келтірілуіне қаржы аударды. Украинаға мыңдаған бас ірі қара мал жөнелтілді.
03.04.2013 23:40 3955

Соғыстың алғашқы күндерінде облыстың еңбек ұжымдарында көп адамдар жиналған митингтер мен жиналыстар болып, оларда солтүстік қазақстандықтар Отанды қорғауға даярлығын және Жеңіс үшін екпінді еңбек ететіндіктерін мәлімдеді. Көптеген адамдар шақыру орындарына келіп: "Майданға аттандырыңдар!" деген талап қойды. Небары бес күн өтісімен соғыс болып жатқан жерге 702-ші құрылыс батальоны аттанып кетті. 1941 жылдың тамызында соғысып жатқан армияға Петропавлда жасақталған 314-ші атқыштар дивизиясы қосылды. Жүздеген жерлес-жауынгерлер Мәскеу түбінде даңқты Панфилов дивизиясында соғысты. Көптеген солтүстікқазақстандықтар Сталинградты қорғады, Курск иінінде, Днепрде, партизан отрядтарында соғысты, Польшаны, Венгрияны, Румынияны фашистерден азат етті, жорық жолдарымен Германияны көктеп өтті.

Ұлы Отан соғысы жылдарында облыстың 92 мыңнан астам тұрғыны әскерге алынды, 34 мыңнан астам адам еңбек армиясына шақырылды. 53 солтүстікқазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді, 11-і "Даңқ" орденінің толық иегері болды. Соғыс кезінде облыстың 45364 азаматы қаза тапты, басқаша айтқанда майданға аттанған екеудің бірі кейін оралмады. Соғыстың алғашқы жылында мұнда 20 зауыт пен фабрика көшіп келіп, қорғаныс кәсіпорындарының тобын құрды. Былғары және хром заводтарының, аяқ киім және темекі фабрикаларының, өнеркәсіп артельдерінің қуаты едәуір күшейді. Осы кәсіпорындар ұжымдарына мыңдаған қалалықтар — қарттар, әйелдер, жасөспірімдер қосылды. Майдан
және гвардия бригадаларының қозғалысы ашылып,
шикізаттар мен электр куатын үнемдеу жолында күрес
күшейді.      Тамақтың жетіспеуіне, тұрмыстың қолайсыздығына, кәсіпорындарын шикізаттармен, электр куатымен, отынмен және жарақтармен жабдықтауға байланысты қиыншылықтарға төзе отырып, адамдар бүкіл күш-қуатын майдан мұқтаждықтарына сарп етті.

Село бұдан да қиын жағдайға душар болды: еркектердің аттанып кетуі, тракторларды, автомашиналарды, аттарды алып қою оның өндірістік негізін әлсіретті. Егістік алқаптарының төрттен біріндейі ғана қалды. Мал басының қанағаттанғысыз жағдайы және 1942-1943 жылдардағы қуаңшылық малдың және оның өнімділігінің кеміп кетуіне әкеліп соқтырды. Алайда осы жағдайлардың өзінде облыс еңбекшілері басқыншылықтан босатылған аудандардың шаруашылықтарын қалпына келтіруге көмектесті — Сталинградтың, Донецк темір жолының, Орел облысының қалпына келтірілуіне қаржы аударды. Украинаға мыңдаған бас ірі қара мал жөнелтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға