Жаңалықтар

Қасірет бeлдeуінің салынуы

Қасірет белдеуінің салынуы қазақ руларының иелігіндегі жерлерді және ортақ жайлауларды тартып алуға әкеліп соқтырды. Мұның өзі он шақырымдық аттап кіруге болмайтын аумақтың белгіленуіне байланысты уезд казактарының иелігіндегі жерлердің аумағын 1127200 десятинаға дейін кеңейтуге мүмкіндік берді. Малды айдап кетудің және жергілікті тұрғындардың казактармен қақтығысының алдын алу үшін казактар қоныстанған жерлерге дейінгі он шақырым қашықтықтағы шекараға дала көшпенділерінің аяқ басуына тыйым салынды. 1904 жылдан бастап бұл жолақты әскерлердің иелігіне берді. Мұның өзі ауылдардың мал өсіруге қолайсыз жерлерге жаппай көшіп кетуіне әкеліп соқтырды. Патша өкіметі даланы империяның құрамдас бір бөлігі ретінде басқаруға тырысты. Сол үшін даланың ішкі істеріне араласпау жөніндегі саясаттан бас тартуға тура келді. 1822 жылы қабылданған "Сібір қырғыздары туралы жарғы" Орта жүздегі басқару ісін түбегейлі қайта өзгертті: хандық билік жойылды, жүздің аумағы округтік приказ басқарған сыртқы округтарға бөлінді. Оның құрамына аға сұлтан – төраға, екі орыс заседателі және сайланған екі қазақ кіретін болды. Округтер болыстарға бөлінді. Оны билеуші басқарды. Болыстар старшындар басқарған ауыл әкімшіліктерін құрды. Қабан кентінен Лебяжье станицасына дейін, Қасірет белдеуінің бойымен казактардың кенттері орналастырылды. Оларды әскерлердің наказной атаманынан бастап, станицалардың атамандары мен болыс басқарушылары басқарды. Белдеуден теріскейге қарай шаруалардың мекендері қоныстанды. Төменгі әкімшілік бірлік қауымдастық деп аталды. Билік органы көпшілік жиыны, атқарушы билік старосты мен хатшының қолында болды. Қауымдастықтар Тобыл губерниясының Ишим округіне қарады. 1861 жылғы реформа Ресейдің Орталық Азия аумағына бойлап енуіне әкеліп соқтырды. Қазақстанды шаруашылық қатынастардың жүйесіне қосу және өлкені экономикалық игеру үшін 1868 жылы Сенат өзінің жарлығымен "Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереже" қабылдады. Петропавл уезі 60953 шаршы шақырым аумақта ұйымдастырылды. Оның тұрғындарының қатарында 42524 қазақтар, 27748 казактар және 9604 қала тұрғындары болды. Соған қоса, станицаларда «басқа қалалықтар» — діндарлар, мүғалімдер, фельдшерлер, қолөнершілер тұрды. Бір шаршы шақырымға 1,3 адамнан келді. 1822 жылы егістік алқап соншалықты аумақты емес, бар болғаны 18 мың десятина болды. Өлкенің экономикалық және әлеуметтік қатынастарындағы ірі өзгерістер шаруалардың көшіп келіп қоныстануымен байланысты болды. Ақмола облысы, ал оның құрамында Петропавл мен Көкшетау уездері, империяның маңызды колонизация аудандарына айналды. Бұрынғы қазақ ауылдарының орнына көшіп келіп қоныстанған шаруалардың селолары тұрғызылды. 1900 жылға қарай мұнда 6369 шаруашылығы және 39340 жаны бар 44 село пайда болып үлгерді
03.04.2013 23:25 3323

Қасірет белдеуінің салынуы қазақ руларының иелігіндегі жерлерді және ортақ жайлауларды тартып алуға әкеліп соқтырды. Мұның өзі он шақырымдық аттап кіруге болмайтын аумақтың белгіленуіне байланысты уезд казактарының иелігіндегі жерлердің аумағын 1127200 десятинаға дейін кеңейтуге мүмкіндік берді. Малды айдап кетудің және жергілікті тұрғындардың казактармен қақтығысының алдын алу үшін казактар қоныстанған жерлерге дейінгі он шақырым қашықтықтағы шекараға дала көшпенділерінің аяқ басуына тыйым салынды. 1904 жылдан бастап бұл жолақты әскерлердің иелігіне берді. Мұның өзі ауылдардың мал өсіруге қолайсыз жерлерге жаппай көшіп кетуіне әкеліп соқтырды. Патша өкіметі даланы империяның құрамдас бір бөлігі ретінде басқаруға тырысты. Сол үшін даланың ішкі істеріне араласпау жөніндегі саясаттан бас тартуға тура келді. 1822 жылы қабылданған "Сібір қырғыздары туралы жарғы" Орта жүздегі басқару ісін түбегейлі қайта өзгертті: хандық билік жойылды, жүздің аумағы округтік приказ басқарған сыртқы округтарға бөлінді. Оның құрамына аға сұлтан – төраға, екі орыс заседателі және сайланған екі қазақ кіретін болды. Округтер болыстарға бөлінді. Оны билеуші басқарды. Болыстар старшындар басқарған ауыл әкімшіліктерін құрды. Қабан кентінен Лебяжье станицасына дейін, Қасірет белдеуінің бойымен казактардың кенттері орналастырылды. Оларды әскерлердің наказной атаманынан бастап, станицалардың атамандары мен болыс басқарушылары басқарды. Белдеуден теріскейге қарай шаруалардың мекендері қоныстанды. Төменгі әкімшілік бірлік қауымдастық деп аталды. Билік органы көпшілік жиыны, атқарушы билік старосты мен хатшының қолында болды. Қауымдастықтар Тобыл губерниясының Ишим округіне қарады.

1861 жылғы реформа Ресейдің Орталық Азия аумағына бойлап енуіне әкеліп соқтырды. Қазақстанды шаруашылық қатынастардың жүйесіне қосу және өлкені экономикалық игеру үшін 1868 жылы Сенат өзінің жарлығымен "Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереже" қабылдады. Петропавл уезі 60953 шаршы шақырым аумақта ұйымдастырылды. Оның тұрғындарының қатарында 42524 қазақтар, 27748 казактар және 9604 қала тұрғындары болды. Соған қоса, станицаларда «басқа қалалықтар» — діндарлар, мүғалімдер, фельдшерлер, қолөнершілер тұрды. Бір шаршы шақырымға 1,3 адамнан келді. 1822 жылы егістік алқап соншалықты аумақты емес, бар болғаны 18 мың десятина болды. Өлкенің экономикалық және әлеуметтік қатынастарындағы ірі өзгерістер шаруалардың көшіп келіп қоныстануымен байланысты болды. Ақмола облысы, ал оның құрамында Петропавл мен Көкшетау уездері, империяның маңызды колонизация аудандарына айналды. Бұрынғы қазақ ауылдарының орнына көшіп келіп қоныстанған шаруалардың селолары тұрғызылды. 1900 жылға қарай мұнда 6369 шаруашылығы және 39340 жаны бар 44 село пайда болып үлгерді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға