Жаңалықтар

Медициналық қызмет көрсету

Медициналық қызмет көрсету біртіндеп дами бастады. Сөйтіп, 1868 жылы қаланың 8752 тұрғынына бір дәрігер келсе, қалада бар болғаны жалғыз ғана дәріхана жұмыс істеді. 1863 жылы көпес Муратов қалалық аурухананы орналастыру үшін қалаға бір қабатты тас ғимаратты тарту етті. 1907 жылы осы емханада небары 18 кереует болды. Соған қоса он кереуеттік уездік аурухана және перзентхана болды. Осының бәрі 33 мың қала тұрғындарына және соған қосымша Петропавл уезіне шаққандағы жағдай еді. Сол 1907 жылы қалада 10 дәрігер, 15 фельдшер, 4 акушер және бір тіс дәрігері болды. Олардың көбі жеке емдеумен айналысты. XIX ғасырда қалада қандай да бір болмасын мәдени-ағарту мекемелері жоқ еді. Тек қана жергілікті дворяндардың уақыт өткізуіне арналып, қалалық саябақта 1870 жылдары салынған ізгілікті жиналыстың ағаш ғимараты болды. XIX ғасырдың соңында қоғамдық кітапханалар ашу туралы мәселе қойылды. Ол жеке қаржыларға салынды. Сол кезде көпестер клубы бой көтерді. Клубтың жанында гастрольге келетіндерге спектакльдер қою үшін жалға берілетін көрермендер залы болды. Петропавлдың театр мәдениеті туралы XIX ғасырдың 60-шы жылдары сөз болғаны айтылса да, нағыз сахнаның тарихы 1886-1887 жылдардың қысқы кезеңінен басталады. 1887 жылдың          қаңтарында Томскінің "Сібір жаршысы" газетінде сауда-саттық және көпестер қаласы Петропавлда " А.Г. Горбунов басқаратын драма артистерінің серіктестігі құрылды" деп хабар жарияланды. Біртіндеп, бірде жанданып, бірде тоқырап, театр ісі қалыптаса бастады. Бір қызығы, антрепренер емес, ақсақалдар кеңесі, басқаша айтқанда, клубтың көпес әкімшілігі сахнаның қожайыны болды. Осымен байланысты қолайсыз жағдайлар да болып тұрды. Мысалы, 1912 жылы әлгі кеңеске басшы рөлдерде ойнаған кейбір артистердің ойыны ұнамай, антрепренер Леоновке екі апта бойы оларды ауыстыру ұсынылды. XX ғасырдың басында қалада қарапайым адамдарға арналған сауық орындары пайда болды. 1905 жылі бастап өрт депосының үйі де әрбір жексенбі сайын діни және монархиялық қырыптардағы "халық оқулары" өткізіліп тұрды. Соңында әуесқой актерлер ойнаған спектакльдер көрсетілді. 1905 жылы Петропавлға Сібір арқылы "Нағыз Люмьердің көшпелі синематографы" келді, сөйтіп, таң-тамаша болған қала түрғындары тұңғыш рет кино көрді. Оларға "Ай туралы түс", "Нью-Йорктегі үлкен өрт" жене "Ресейдің Жапониямен соғысы" ленталары көрсетілді. 1908 немесе 1909 жылдары қаланың өзінің кинотеатрлары пайда болды. 1911 жылы Халық үйі ашылып,  онда билер қойылды, жұртшылығы лото және қарта ойнай болды. Көп уақытқа дейін Петропавлдың өзінің газеті болмады. Қала тұрмысы жайлы Омбыда шығатын газеттердің беттерінде жазылған. Өйткені Омбы сол кезде облыс орталығы болды. Алғашқы жергілікті газет "Степная жизнь" 1907 жылғы маусымда шықты. 1912 жылы тұрғындар "Ишимский край", ал бір жылдан кейін "Приишимье" газетін алатын болды.
03.04.2013 23:23 2839

Медициналық қызмет көрсету біртіндеп дами бастады. Сөйтіп, 1868 жылы қаланың 8752 тұрғынына бір дәрігер келсе, қалада бар болғаны жалғыз ғана дәріхана жұмыс істеді. 1863 жылы көпес Муратов қалалық аурухананы орналастыру үшін қалаға бір қабатты тас ғимаратты тарту етті. 1907 жылы осы емханада небары 18 кереует болды. Соған қоса он кереуеттік уездік аурухана және перзентхана болды. Осының бәрі 33 мың қала тұрғындарына және соған қосымша Петропавл уезіне шаққандағы жағдай еді. Сол 1907 жылы қалада 10 дәрігер, 15 фельдшер, 4 акушер және бір тіс дәрігері болды. Олардың көбі жеке емдеумен айналысты.

XIX ғасырда қалада қандай да бір болмасын мәдени-ағарту мекемелері жоқ еді. Тек қана жергілікті дворяндардың уақыт өткізуіне арналып, қалалық саябақта 1870 жылдары салынған ізгілікті жиналыстың ағаш ғимараты болды. XIX ғасырдың соңында қоғамдық кітапханалар ашу туралы мәселе қойылды. Ол жеке қаржыларға салынды. Сол кезде көпестер клубы бой көтерді.

Клубтың жанында гастрольге келетіндерге спектакльдер қою үшін жалға берілетін көрермендер залы болды. Петропавлдың театр мәдениеті туралы XIX ғасырдың 60-шы жылдары сөз болғаны айтылса да, нағыз сахнаның тарихы 1886-1887 жылдардың қысқы кезеңінен басталады. 1887 жылдың          қаңтарында Томскінің "Сібір жаршысы" газетінде сауда-саттық және көпестер қаласы Петропавлда " А.Г. Горбунов басқаратын драма артистерінің серіктестігі құрылды" деп хабар жарияланды. Біртіндеп, бірде жанданып, бірде тоқырап, театр ісі қалыптаса бастады. Бір қызығы, антрепренер емес, ақсақалдар кеңесі, басқаша айтқанда, клубтың көпес әкімшілігі сахнаның қожайыны болды. Осымен байланысты қолайсыз жағдайлар да болып тұрды. Мысалы, 1912 жылы әлгі кеңеске басшы рөлдерде ойнаған кейбір артистердің ойыны ұнамай, антрепренер Леоновке екі апта бойы оларды ауыстыру ұсынылды.

XX ғасырдың басында қалада қарапайым адамдарға арналған сауық орындары пайда болды. 1905 жылі бастап өрт депосының үйі де әрбір жексенбі сайын діни және монархиялық қырыптардағы "халық оқулары" өткізіліп тұрды. Соңында әуесқой актерлер ойнаған спектакльдер көрсетілді.

1905 жылы Петропавлға Сібір арқылы "Нағыз Люмьердің көшпелі синематографы" келді, сөйтіп, таң-тамаша болған қала түрғындары тұңғыш рет кино көрді. Оларға "Ай туралы түс", "Нью-Йорктегі үлкен өрт" жене "Ресейдің Жапониямен соғысы" ленталары көрсетілді. 1908 немесе 1909 жылдары қаланың өзінің кинотеатрлары пайда болды. 1911 жылы Халық үйі ашылып,  онда билер қойылды, жұртшылығы лото және қарта ойнай болды.

Көп уақытқа дейін Петропавлдың өзінің газеті болмады. Қала тұрмысы жайлы Омбыда шығатын газеттердің беттерінде жазылған. Өйткені Омбы сол кезде облыс орталығы болды. Алғашқы жергілікті газет "Степная жизнь" 1907 жылғы маусымда шықты. 1912 жылы тұрғындар "Ишимский край", ал бір жылдан кейін "Приишимье" газетін алатын болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға