Жаңалықтар

1903 ж.-ХХ ғасырдың соңы

1903 жылы ұзындығы бес шақырымға тарта алғашқы су құбырларының желісі салынды. Ол кейін кеңейтіліп, 1911 жылға дейін ұзындығы 13 шақырымға жетті. Қалада сегіз су құбырының бөткесі және 28 өрт сөндіретін құбыр болды. тәулігіне 40 мың шелек су жұмсалды. 1900 жылы телефон байланысы орнатылды. Екі жыл өткеннен кейін телефон желісінің ұзындығы 32 шақырымға, абоненттер саны 192 адамға жетті. Алғашқы электр жарығы 1908 немесе 1909 жылы (анық уақыты белгісіз) кинотеатрда пайда болды. Шамамен осы уақыттан бастап баспахана жанындағы электр стансасы жұмыс істеді. Қалалық электр стансасы 1912 жылы салынды, алайда электр жарығы қаланың орталығына ғана берілді. Өзінің геосаяси жағдайына орай Петропавл қаласы, шындығында да, екпінді сауда алмасу және кәсіпкерлік орталығы болды. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Петропавл арқылы жыл сайын 1 миллион сомнан астам тауарлар енгізіліп, одан 900 мың сомнан астам тауарлар шығарылып отырды. Қалаға Тәшкеннен, Бұқарадан, Қоқаннан және Батыс Қытайдан керуен жолдары келіп, түйісіп жатты. Ақмолада тауарларды түйелерден арбаларға артып, ал Петропавлға атпен тасып жеткізілді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Орта Азиядан мақта, жібек, кілемдер, қағаз маталары, түбіт, өрік, жүзім әкелінді. Бірақ сауда-саттықтың көбі керуен тасымалымен жасалмады. Қазақ кәсіпкерлерімен сауда-саттық бұдан гөрі маңызды еді. Олар сатуға жылқы, сиыр, қойларды әкелді. Кейбір жылдары Петропавл базарларына 1 миллионнан аса мал айдалатын болды. Қаладан қазақ ауылдарына негізінен маталар әкелінді. Олар Бұқараны, Ташкенді және Қытайды тұтастай алғандақыдай мөлшерде тұтынылды. Оның мысалы мынадай: 1860 жылы Петропавл кедені арқылы өткен 6903 мың аршын сисаның 3051 мың аршынын жергілікті тұрғындар сатып алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында жергілікті сауда-саттыққа Петербургтің, Мәскеудің, Қазанның, Уфаның және басқа қалалардың көпестері қосылды. Олар Еуропа елдеріне және Ресейге мал өнімдерін сатып алды. Петропавлда алуан тауарлар қойылған дүкендер пайда болды. 1908 жылы қалада 677 дүкенше болды. Көпестердің саны да өте жылдам өсті. Сол уақытта жергілікті көпестер Америкамен, Англиямен, Голландиямен, Германиямен, Түркиямен және басқа да елдермен кеңінен сауда-саттық жасады. Өз кезегінде Петропавлда да шет елдердің сауда фирмалары орналасты. Әлемдік рыноктың мұқтаждарына орайластырылған мал шаруашылығ далалық өлкенің өзіне тән өндіріс саласына айналды. Нью-Йорктың, Бостон мен Филадельфияның саудагерлері мал шаруашылығы өнімдерін ықыласпен сатып алатын болды. Бірінші Дүниежүзілік соғыстан бұрын Петропавлдан Амеркиға, Еуропаға терілер, тұздалған және құрғақ қой ішектері, жылқының жалдары, аң терілері мен шошқа еті жеткізіліп тұрды. Әсіресе, осында иленген терілер онда жақсы бағаланды. Американың рыноктарында олар Семейдің, Орынбордың және Қостанайдың өнімдерінен гөрі артық бағамен сатылды. Ривель арқылы Англия мен Бельгияға жылқының қылы, сары май, басқа да өнімдері тасып, жеткізілді.
03.04.2013 23:19 4714

1903 жылы ұзындығы бес шақырымға тарта алғашқы су құбырларының желісі салынды. Ол кейін кеңейтіліп, 1911 жылға дейін ұзындығы 13 шақырымға жетті. Қалада сегіз су құбырының бөткесі және 28 өрт сөндіретін құбыр болды. тәулігіне 40 мың шелек су жұмсалды. 1900 жылы телефон байланысы орнатылды. Екі жыл өткеннен кейін телефон желісінің ұзындығы 32 шақырымға, абоненттер саны 192 адамға жетті. Алғашқы электр жарығы 1908 немесе 1909 жылы (анық уақыты белгісіз) кинотеатрда пайда болды. Шамамен осы уақыттан бастап баспахана жанындағы электр стансасы жұмыс істеді. Қалалық электр стансасы 1912 жылы салынды, алайда электр жарығы қаланың орталығына ғана берілді.

Өзінің геосаяси жағдайына орай Петропавл қаласы, шындығында да, екпінді сауда алмасу және кәсіпкерлік орталығы болды.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Петропавл арқылы жыл сайын 1 миллион сомнан астам тауарлар енгізіліп, одан 900 мың сомнан астам тауарлар шығарылып отырды. Қалаға Тәшкеннен, Бұқарадан, Қоқаннан және Батыс Қытайдан керуен жолдары келіп, түйісіп жатты. Ақмолада тауарларды түйелерден арбаларға артып, ал Петропавлға атпен тасып жеткізілді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Орта Азиядан мақта, жібек, кілемдер, қағаз маталары, түбіт, өрік, жүзім әкелінді.

Бірақ сауда-саттықтың көбі керуен тасымалымен жасалмады. Қазақ кәсіпкерлерімен сауда-саттық бұдан гөрі маңызды еді. Олар сатуға жылқы, сиыр, қойларды әкелді. Кейбір жылдары Петропавл базарларына 1 миллионнан аса мал айдалатын болды. Қаладан қазақ ауылдарына негізінен маталар әкелінді. Олар Бұқараны, Ташкенді және Қытайды тұтастай алғандақыдай мөлшерде тұтынылды. Оның мысалы мынадай: 1860 жылы Петропавл кедені арқылы өткен 6903 мың аршын сисаның 3051 мың аршынын жергілікті тұрғындар сатып алды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында жергілікті сауда-саттыққа Петербургтің, Мәскеудің, Қазанның, Уфаның және басқа қалалардың көпестері қосылды. Олар Еуропа елдеріне және Ресейге мал өнімдерін сатып алды. Петропавлда алуан тауарлар қойылған дүкендер пайда болды.

1908 жылы қалада 677 дүкенше болды. Көпестердің саны да өте жылдам өсті. Сол уақытта жергілікті көпестер Америкамен, Англиямен, Голландиямен, Германиямен, Түркиямен және басқа да елдермен кеңінен сауда-саттық жасады. Өз кезегінде Петропавлда да шет елдердің сауда фирмалары орналасты.

Әлемдік рыноктың мұқтаждарына орайластырылған мал шаруашылығ далалық өлкенің өзіне тән өндіріс саласына айналды. Нью-Йорктың, Бостон мен Филадельфияның саудагерлері мал шаруашылығы өнімдерін ықыласпен сатып алатын болды. Бірінші Дүниежүзілік соғыстан бұрын Петропавлдан Амеркиға, Еуропаға терілер, тұздалған және құрғақ қой ішектері, жылқының жалдары, аң терілері мен шошқа еті жеткізіліп тұрды. Әсіресе, осында иленген терілер онда жақсы бағаланды. Американың рыноктарында олар Семейдің, Орынбордың және Қостанайдың өнімдерінен гөрі артық бағамен сатылды. Ривель арқылы Англия мен Бельгияға жылқының қылы, сары май, басқа да өнімдері тасып, жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға