Жаңалықтар

1752-1781 ж.ж.

1752 жылғы наурызда Сенаттың Тобылдағы Звериная голова шоғынан Омбы бекінісіне дейін ұзындығы 565 шақырым Новоишим немесе Қасірет белдеуін салу туралы жарлығы шықты. 11 бекініс, 33 редіт және 42 маяк, басқаша айтқанда, бақылау бағандарын салу көзделді. Құрылысты жүргізу үшін 3642 адам кірген отряд жасақталды. Жұмыстар 1752 жылдың жазында басталды. 1752 жылғы 12 шілдеде Есіл өзенінде, ескі белдеуден түстікке қарай 180 шақырым жерде, Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанында жырланатын «Қызылжар» деп аталған екі қазақ ауылының маңында әуелгіде «Әулие Петрдің бекінісі» деп аталған басты фортификациялық құрылыс Новоишим белдеуінің іргесі қаланды. 1752 жылғы қазанға дейін онда уақытша бөрене жақтаулар, төрт батарея, қақпалы мұнара, штаб үйі, офицерлер мекені, он казарма, екі азық-түлік дүкені, дәрі-дәрмек қоймасы, қарауылдар, шағын батареялар тұрғызылды. Бекіністің жанында 120 атқа арналған атқора салынған. Кейінде ол Петропавл бекінісі деп аталатын болды. Құрылыс жұмыстары ширек ғасыр жалғасты. Бекіністің құрылысы XVIII ғасырдың 70-жылдарының соңына таман аяқталды. Есіл белдеуіндегі бекіністермен салыстырғанда бұл құрылыстың аумағы зор еді. Ол Есілдің оң жағалауындағы биік жарқабақта, өзен арнасының бұрылысында салынғанымен айбынды көрінетін. Бөренеден қиылған жақтауы (ал кейінде жер үйіндісі де) алты ұшты жұлдыз түрінде болды. Әрбір ұшында алты бастион орнатылды. Бекіністің ішінде ағаш үйлер: штаб үйі, офицерлер мекені, казармалар, дәрі-дәрмек қоймалары, азық-түлік дүкендері және екі кордегардия болды, бекіністің жанында, жарқабақта жоғарғы, ал ойда төменгі форштадттар орналасып, олар бөренелермен қоршалды. Төменгі форштадттың екі қақпасы болды. Петропавл бекінісінің ішкі көрінісі мынадай еді: бір-бірінен егіздерше аумайтын, жіңішке қайың ағашынан қиылған, төбелеріне шым төселген немесе жұқа тақтайлармен жабылған бір қабатты үйлерде казармалар орналастырылды. Офицерлер мекендері де осыған ұқсас еді. Құрылыстардың біріне түрме жайғастырылды. Бекіністің ортасында солдаттарды үйрететін және жазалайтын шағын алаң болды. Осы жерде ағаш шіркеу тұрғызылды. Сібір корпусы командирінің штабы Омбыда болды. Бекіністе белдеу бастығы тұрып, белдеудегі екі полктың бірінің штабы жайғасты. Тұрақты әскерлерге қоса мұнда казактар бөлімшесі тұрған еді. Гарнизонындағы адамдар саны 300-350 адамнан аспады. Бекіністі салғаннан кейін оған қатардағы тұрғындарды тарту мәселесі туындады. 1752 жылы редуттар мен бекіністерге ниеті барлардың бәрін орналастыруды талап еткен патша жарлығы шықты. Ресеймен қалыптасқан саяси байланыстар сауданың өсуіне қол жеткізді, қазақ көпестері алым төлеуден босатылды. Сыртқы істер алқасының 1771 жылғы жарлығымен Қасырет белдеуі арқылы көшпенділердің өтуіне рұқсат етілді, ал 1788 және 1797 жылдардағы жарлықтармен қазақтарға Ресей иеліктерінің ішіне қоныстануға құқық берілді. Белдеуді орнатқаннан кейінгі 20-30 жылда бекіністер мен редуттардың тұрмысы қатты өзгерді. 1765 жылы бекіністе белдеудегі алғашқы мектеп ашылды, онда әскерилердің және отставкадағы солдаттардың балалары оқыды. 1786 жылы әскери почтаға қосымша азаматтық почта да ашылды. Бұл туралы Мәскеудің бас почтамтына хабар беріліп, ол почта тасымалдарының анық кестесін бекітті де содан бастап бекіністің тұрғындары империяның кез келген түкпіріне хаттар жіберетін болды. Құрылыстың көбі ойдағы-төменгі форштадта орналасты. Осында маусымдың сауда алаңы жұмыс істеді. Оның болуын бекіністің басшылығы да, сонымен бірге қазақтың рубасылары да қалады. Дереккөздерінде Пестрое көлінің маңында Абылай ханның жақын серігі Құлсары батырдың үлкен жәрмеңкесі туралы айтылады. Жоғарғы форштадта қазақтың билік басындағы хандарымен жақын қарым-қатынас орнатуға мүдделі болған Ресей әкімшілігі Абылай ханға арнап салып берген Елшілік үйі тұрғызылды.
03.04.2013 23:15 5440

1752 жылғы наурызда Сенаттың Тобылдағы Звериная голова шоғынан Омбы бекінісіне дейін ұзындығы 565 шақырым Новоишим немесе Қасірет белдеуін салу туралы жарлығы шықты. 11 бекініс, 33 редіт және 42 маяк, басқаша айтқанда, бақылау бағандарын салу көзделді. Құрылысты жүргізу үшін 3642 адам кірген отряд жасақталды. Жұмыстар 1752 жылдың жазында басталды.

1752 жылғы 12 шілдеде Есіл өзенінде, ескі белдеуден түстікке қарай 180 шақырым жерде, Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанында жырланатын «Қызылжар» деп аталған екі қазақ ауылының маңында әуелгіде «Әулие Петрдің бекінісі» деп аталған басты фортификациялық құрылыс Новоишим белдеуінің іргесі қаланды. 1752 жылғы қазанға дейін онда уақытша бөрене жақтаулар, төрт батарея, қақпалы мұнара, штаб үйі, офицерлер мекені, он казарма, екі азық-түлік дүкені, дәрі-дәрмек қоймасы, қарауылдар, шағын батареялар тұрғызылды. Бекіністің жанында 120 атқа арналған атқора салынған.

Кейінде ол Петропавл бекінісі деп аталатын болды. Құрылыс жұмыстары ширек ғасыр жалғасты. Бекіністің құрылысы XVIII ғасырдың 70-жылдарының соңына таман аяқталды. Есіл белдеуіндегі бекіністермен салыстырғанда бұл құрылыстың аумағы зор еді. Ол Есілдің оң жағалауындағы биік жарқабақта, өзен арнасының бұрылысында салынғанымен айбынды көрінетін. Бөренеден қиылған жақтауы (ал кейінде жер үйіндісі де) алты ұшты жұлдыз түрінде болды. Әрбір ұшында алты бастион орнатылды. Бекіністің ішінде ағаш үйлер: штаб үйі, офицерлер мекені, казармалар, дәрі-дәрмек қоймалары, азық-түлік дүкендері және екі кордегардия болды, бекіністің жанында, жарқабақта жоғарғы, ал ойда төменгі форштадттар орналасып, олар бөренелермен қоршалды. Төменгі форштадттың екі қақпасы болды.

Петропавл бекінісінің ішкі көрінісі мынадай еді: бір-бірінен егіздерше аумайтын, жіңішке қайың ағашынан қиылған, төбелеріне шым төселген немесе жұқа тақтайлармен жабылған бір қабатты үйлерде казармалар орналастырылды. Офицерлер мекендері де осыған ұқсас еді. Құрылыстардың біріне түрме жайғастырылды. Бекіністің ортасында солдаттарды үйрететін және жазалайтын шағын алаң болды. Осы жерде ағаш шіркеу тұрғызылды.

Сібір корпусы командирінің штабы Омбыда болды. Бекіністе белдеу бастығы тұрып, белдеудегі екі полктың бірінің штабы жайғасты. Тұрақты әскерлерге қоса мұнда казактар бөлімшесі тұрған еді. Гарнизонындағы адамдар саны 300-350 адамнан аспады.

Бекіністі салғаннан кейін оған қатардағы тұрғындарды тарту мәселесі туындады. 1752 жылы редуттар мен бекіністерге ниеті барлардың бәрін орналастыруды талап еткен патша жарлығы шықты.

Ресеймен қалыптасқан саяси байланыстар сауданың өсуіне қол жеткізді, қазақ көпестері алым төлеуден босатылды. Сыртқы істер алқасының 1771 жылғы жарлығымен Қасырет белдеуі арқылы көшпенділердің өтуіне рұқсат етілді, ал 1788 және 1797 жылдардағы жарлықтармен қазақтарға Ресей иеліктерінің ішіне қоныстануға құқық берілді.

Белдеуді орнатқаннан кейінгі 20-30 жылда бекіністер мен редуттардың тұрмысы қатты өзгерді. 1765 жылы бекіністе белдеудегі алғашқы мектеп ашылды, онда әскерилердің және отставкадағы солдаттардың балалары оқыды. 1786 жылы әскери почтаға қосымша азаматтық почта да ашылды. Бұл туралы Мәскеудің бас почтамтына хабар беріліп, ол почта тасымалдарының анық кестесін бекітті де содан бастап бекіністің тұрғындары империяның кез келген түкпіріне хаттар жіберетін болды.

Құрылыстың көбі ойдағы-төменгі форштадта орналасты. Осында маусымдың сауда алаңы жұмыс істеді. Оның болуын бекіністің басшылығы да, сонымен бірге қазақтың рубасылары да қалады. Дереккөздерінде Пестрое көлінің маңында Абылай ханның жақын серігі Құлсары батырдың үлкен жәрмеңкесі туралы айтылады. Жоғарғы форштадта қазақтың билік басындағы хандарымен жақын қарым-қатынас орнатуға мүдделі болған Ресей әкімшілігі Абылай ханға арнап салып берген Елшілік үйі тұрғызылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға