Жаңалықтар

Жаңа дәуірдің қарсағында

Жаңа дәуірдің қарсаңында төменгі және орта Есіл бойының тұрғындарын угрофин тайпалары құрастырды. Біртіндеп, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсеріне байланысты, угрлар Зауралье мен Поволжьеге көшіп-қонды. Біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында Қазақстанның далалық аудандарына гүн тайпаларының шабуылдары орын алды. Гүндер басқыншылығынан кейін жергілікті тұрғындардың құрамында азиялық антропологиялық құрам осындағы жалпы құрамнан  басымдық таныта бастады. Мамандардың пікірінше, тіл қолданысында гүндер түркі сөздерінің негізін қалап қана қойған жоқ, сонымен бірге белгілі бір дәрежеде оны өлкенің байырғы тұрғындарының арасына енгізіп те үлгерді. Бұған сақ-үйсін мәдени тарихи қауымдастығы келіп қосылды. Бұл қауымдастық қазақ халқының арғы бабаларының ұлттық және антропологиялық негізін қалыптастырды. Қазақстанның көне үнді-еуропалық тайпалары және олардың бүкіл шаруашылық-мәдени дәстүрлерінің жиынтығы бірыңғай бабалар негізін құрап, жергілікті тайпалар одағының бұдан былайғы даму бағытын айқындады. Бірыңғай географиялық орталық Қазақстанның тарихи-мәдени дамуының бүкіл түрлерінің тұрақты табиғи негізі ретінде сипат алды. Қазақстан аумағында бірнеше мыңдаған жылдар бойы тайпалар қауымдастығының тұрақты бір бағытта болуы дербес антропологиялық қауымдастықтың нақты қалыптасуына жағдай жасап, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық-мәдени тұтастығына қол жеткізді. Еуразияның далалық белдеуінің орта ортағасырлық жалпы тарихи жағдайы бірқатар этносаяси және мемлкеттік құрылымдардың құрылуымен ерекшеленіп, атап айтқанда, Қазақстанның Шығыс, Орталық және Теріскей бөліктерінде әуелі Қимақ, кейін Қыпшақ қағанаттары пайда болды. Нақ түркілер уақытында Қазақстанның кең-байтақ аумағы өзінің тарихи дамуы мен географиялық орналасуына орай ұзақ ғасырлар бойы Шығыс пен Батыстың арасындағы көпір болды, ал тұрғылықты тұрғындар мыңдаған жылдар бойы Еуразияның көші-қон жолдарының ен ортасында тіршілік етуі тиіс еді. Осы кезеңнен бастап Ұлы дала белдеуінің орасан зор аумағы Түркістан, басқаша айтқанда түркілер елі атанды. Түркілік этно-мәдени бейнедегі, дүниетанымдағы, еуропалық-моңғолдық кейіптегі Қазақстанның ортағасырлық тұрғындарының қазақ халқының өткен бабаларына ең жақын түріне жатқызуға болады. Тұтастай алғанда, Қазақстанның түркі кезеңіндегі этникалық құрылымдарының мәдени, лингвистикалық және антропологиялық ұқсастығы қазақ халқының – Еуразияның ортағасырлық тарихи географиясындағы дербес ұлттық құрылымның тікелей қалыптасуына және түпкілікті ұйымдасуына табиғи-тарихи негіз болады.
03.04.2013 22:53 3693

Жаңа дәуірдің қарсаңында төменгі және орта Есіл бойының тұрғындарын угрофин тайпалары құрастырды. Біртіндеп, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсеріне байланысты, угрлар Зауралье мен Поволжьеге көшіп-қонды. Біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында Қазақстанның далалық аудандарына гүн тайпаларының шабуылдары орын алды. Гүндер басқыншылығынан кейін жергілікті тұрғындардың құрамында азиялық антропологиялық құрам осындағы жалпы құрамнан  басымдық таныта бастады. Мамандардың пікірінше, тіл қолданысында гүндер түркі сөздерінің негізін қалап қана қойған жоқ, сонымен бірге белгілі бір дәрежеде оны өлкенің байырғы тұрғындарының арасына енгізіп те үлгерді.

Бұған сақ-үйсін мәдени тарихи қауымдастығы келіп қосылды. Бұл қауымдастық қазақ халқының арғы бабаларының ұлттық және антропологиялық негізін қалыптастырды. Қазақстанның көне үнді-еуропалық тайпалары және олардың бүкіл шаруашылық-мәдени дәстүрлерінің жиынтығы бірыңғай бабалар негізін құрап, жергілікті тайпалар одағының бұдан былайғы даму бағытын айқындады.

Бірыңғай географиялық орталық Қазақстанның тарихи-мәдени дамуының бүкіл түрлерінің тұрақты табиғи негізі ретінде сипат алды. Қазақстан аумағында бірнеше мыңдаған жылдар бойы тайпалар қауымдастығының тұрақты бір бағытта болуы дербес антропологиялық қауымдастықтың нақты қалыптасуына жағдай жасап, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық-мәдени тұтастығына қол жеткізді.

Еуразияның далалық белдеуінің орта ортағасырлық жалпы тарихи жағдайы бірқатар этносаяси және мемлкеттік құрылымдардың құрылуымен ерекшеленіп, атап айтқанда, Қазақстанның Шығыс, Орталық және Теріскей бөліктерінде әуелі Қимақ, кейін Қыпшақ қағанаттары пайда болды.

Нақ түркілер уақытында Қазақстанның кең-байтақ аумағы өзінің тарихи дамуы мен географиялық орналасуына орай ұзақ ғасырлар бойы Шығыс пен Батыстың арасындағы көпір болды, ал тұрғылықты тұрғындар мыңдаған жылдар бойы Еуразияның көші-қон жолдарының ен ортасында тіршілік етуі тиіс еді. Осы кезеңнен бастап Ұлы дала белдеуінің орасан зор аумағы Түркістан, басқаша айтқанда түркілер елі атанды.

Түркілік этно-мәдени бейнедегі, дүниетанымдағы, еуропалық-моңғолдық кейіптегі Қазақстанның ортағасырлық тұрғындарының қазақ халқының өткен бабаларына ең жақын түріне жатқызуға болады. Тұтастай алғанда, Қазақстанның түркі кезеңіндегі этникалық құрылымдарының мәдени, лингвистикалық және антропологиялық ұқсастығы қазақ халқының – Еуразияның ортағасырлық тарихи географиясындағы дербес ұлттық құрылымның тікелей қалыптасуына және түпкілікті ұйымдасуына табиғи-тарихи негіз болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға