Жаңалықтар

ЕО-дағы жұмыссыздық рекордтық деңгейге жетті

Еуропа Одағының (ЕО) еуроны қолданатын 17 еліндегі жұмыссыздық деңгейі рекордтық көрсеткішке - 12 пайызға жетті де хабарлайды Азаттық сайты. ЕО-ның статистикалық қызметі - Еуростаттың сейсенбіде таратқан мәліметі бойынша, 17 мемлекетте қаңтар айындағы жұмыссыздық деңгейі 11,9 пайызды құраған. Ал ақпанда жұмыссыздар саны 33 мың адамға көбейіп, көрсеткіш 12 пайызға жеткен. Сөйтіп, 17 елдегі жұмыссыздардың жалпы саны 19 миллион адамды құрап отырған көрінеді. ЕО-ның кейбір жекелеген елдерінде жұмыссыздық деңгейі тым жоғары. Мысалы, Грекия мен Испанияда көрсеткіш 26 пайызға жеткен. Бірақ экономикасы қуатты Германияда бұл көрсеткіш ең төменгі деңгейде - 5,4 пайыз.  Ал ЕО-ға мүше 27 елдегі жұмыссыздар саны ақпанда 76 мыңға көбейіп, жұмыссыздық деңгейі 10,9 пайызды құраған. Соңғы дерек бойынша, одақтағы 27 мемлекеттегі жұмыссыздар саны - 26,3 миллион адам. BAQ.KZ
02.04.2013 13:37 3584

Еуропа Одағының (ЕО) еуроны қолданатын 17 еліндегі жұмыссыздық деңгейі рекордтық көрсеткішке - 12 пайызға жетті де хабарлайды Азаттық сайты. ЕО-ның статистикалық қызметі - Еуростаттың сейсенбіде таратқан мәліметі бойынша, 17 мемлекетте қаңтар айындағы жұмыссыздық деңгейі 11,9 пайызды құраған. Ал ақпанда жұмыссыздар саны 33 мың адамға көбейіп, көрсеткіш 12 пайызға жеткен. Сөйтіп, 17 елдегі жұмыссыздардың жалпы саны 19 миллион адамды құрап отырған көрінеді.
ЕО-ның кейбір жекелеген елдерінде жұмыссыздық деңгейі тым жоғары. Мысалы, Грекия мен Испанияда көрсеткіш 26 пайызға жеткен. Бірақ экономикасы қуатты Германияда бұл көрсеткіш ең төменгі деңгейде - 5,4 пайыз. 
Ал ЕО-ға мүше 27 елдегі жұмыссыздар саны ақпанда 76 мыңға көбейіп, жұмыссыздық деңгейі 10,9 пайызды құраған. Соңғы дерек бойынша, одақтағы 27 мемлекеттегі жұмыссыздар саны - 26,3 миллион адам.

BAQ.KZ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға