Жаңалықтар

Поэзия

Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл ПОЭЗИЯ (грек. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. П. сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. П. ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. П. мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. П-ның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонац. байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. П-лық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоц. сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда П-да адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың көркем пішініндегі әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады. П. ұғымы тарихи тұрғыдан ерте қалыптасқан. Іай халықтың әдебиетін алсақ та, П-сы ерте заманнан дамып өркендеген. Сөз өнеріндегі ертегі-аңыздар қара сөз түрінде келгенімен, П-мен жалғас туындады, ал көркем проза кейін қалыптасты. Сөз өнерін П. мен прозаға бөліп қараудың мәні зор. Орыс әдебиеттанушысы В.Г. Белинский: “Поэзия — тұтас өнер, онда үн де, сурет те, айқын айтылған пайымды түсінік те бар. Ол бар өнердің ерекшелігін бойына жиып, бүкілінің ұйытқысы болады” дей келе П-ны тегі мен түріне қарай лирик., эпик., драм. жанрларға жіктеді. А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” атап көрсеткен дарынды сөз үлгісіндегі толғау түрі П. ұғымына сәйкес келеді. Зерттеуші еңбегінде толғаудың мазмұнына қойылатын ішкі және сыртқы шарттарды белгілейді: а) шын көңілден шыққан сырлы; ә) былғаныш пікірден таза; б) терең күйден хабар беретін, терең із қалдыратын болуы керек. Сыртқы шарттары: а) көңіл күйінің бейне бір билеуі тәрізді, күй мен би үйлесімдігі; ә) қысқа; б) әуезді болуы тиіс. Байтұрсынов “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласында классик. П. үлгісін Абай шығарм-нан көретіндігін айтады. Қазақ әдебиеті 19 ғ-ға дейін негізінен П. үлгісінде дамып өркендеді. Халық П-сы түрлі жанрларды қамтыды: өлең, эпостық жырлар, дастандар, т.б. П. тарихи-әдеби процестің дамуына орай өркендеп, жаңа сипат-қасиеттермен толығып отырды. Қазақ П-сында Абайдан кейінгі дәуірде Ш.Іұдайбердіұлы, С.Торайғыров, Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, т.б. қаламгерлер сөз өнерін жаңа мазмұн мен образдық жүйе, көркемдік бояу-нақыштармен байыта түсті. Қазақ П-сында лириканың көптеген жаңа үлгілері қалыптасты, публицистик. поэма секілді жанрлық түрлер кеңінен орын алды.   А. Ісмақова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том
08.11.2012 12:26 4038

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

ПОЭЗИЯ (грек. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. П. сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. П. ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. П. мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. П-ның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонац. байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. П-лық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоц. сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда П-да адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың көркем пішініндегі әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады. П. ұғымы тарихи тұрғыдан ерте қалыптасқан. Іай халықтың әдебиетін алсақ та, П-сы ерте заманнан дамып өркендеген. Сөз өнеріндегі ертегі-аңыздар қара сөз түрінде келгенімен, П-мен жалғас туындады, ал көркем проза кейін қалыптасты. Сөз өнерін П. мен прозаға бөліп қараудың мәні зор. Орыс әдебиеттанушысы В.Г. Белинский: “Поэзия — тұтас өнер, онда үн де, сурет те, айқын айтылған пайымды түсінік те бар. Ол бар өнердің ерекшелігін бойына жиып, бүкілінің ұйытқысы болады” дей келе П-ны тегі мен түріне қарай лирик., эпик., драм. жанрларға жіктеді. А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” атап көрсеткен дарынды сөз үлгісіндегі толғау түрі П. ұғымына сәйкес келеді. Зерттеуші еңбегінде толғаудың мазмұнына қойылатын ішкі және сыртқы шарттарды белгілейді: а) шын көңілден шыққан сырлы; ә) былғаныш пікірден таза; б) терең күйден хабар беретін, терең із қалдыратын болуы керек. Сыртқы шарттары: а) көңіл күйінің бейне бір билеуі тәрізді, күй мен би үйлесімдігі; ә) қысқа; б) әуезді болуы тиіс. Байтұрсынов “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласында классик. П. үлгісін Абай шығарм-нан көретіндігін айтады. Қазақ әдебиеті 19 ғ-ға дейін негізінен П. үлгісінде дамып өркендеді. Халық П-сы түрлі жанрларды қамтыды: өлең, эпостық жырлар, дастандар, т.б. П. тарихи-әдеби процестің дамуына орай өркендеп, жаңа сипат-қасиеттермен толығып отырды. Қазақ П-сында Абайдан кейінгі дәуірде Ш.Іұдайбердіұлы, С.Торайғыров, Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, т.б. қаламгерлер сөз өнерін жаңа мазмұн мен образдық жүйе, көркемдік бояу-нақыштармен байыта түсті. Қазақ П-сында лириканың көптеген жаңа үлгілері қалыптасты, публицистик. поэма секілді жанрлық түрлер кеңінен орын алды.

 

А. Ісмақова

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға