Жаңалықтар

Басқарғандар

  1973-1976 жылдары ойыншы ретінде Вильюстің «Жальгирис» командасында өнер көрсеткен. 1976-1980 жылдары- «Жальгирис» балалар мен спорт мектебінде жаттықтырушы. 1980-1983 жылдары- Дене шынықтыру және спорт комитетінде бас жаттықтырушы 1983-1985 жылдары – «Жальгирис» шеберлер командасында бас жаттықтырушы. 1988 жылы – «Абахами» (Дахко, Бангладеш) футбол клубында бас жаттықтырушы. 1989-1991 жылдары – Литва Олимпиадалық жеткіншектер даярлау мекемесінде жаттықтырушы. 1995-1997 жылдары – «Кареда» (Шауляй) футбол командасында бас жаттықтырушы. 1997-1998 жылдары- «Панерис» (Вильнюс) футбол командасында бас жаттықтырушы 1998-1999 жылдары – «Ягелония»(Белосток, Польша) футбол командасында бас жаттықтырушы . 1999 жылы Вильнюс қаласында өзін-өзі басқару мекемесінде дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі. 2002-2003 жылдары- Литва мемлекетінің олимпиадалық құрама командасының жаттықтырушысы. 2003-2008 жылдары- Литва мемлекеттік ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушы. 2008-2010 жылдары- «Львов» (Украина) футбол командасының бас жаттықтырушысы Соңғы кезде Литва мемлекетінің жастар құрама командасының жаттықтырушысы қызметін атқарған. Альгимантас Любинскастың жаттықтырушы қызметіндегі еңбек жетістіктері әсерлі. Оның жаттықтырушы қызметін атқарған кезінде 1993 жылы «Жальгирис» командасы КСРО біріншілігінің бірінші айналыспен соң көш басында болатын. 1988 жылы «Абахами» футбол командасы Бангладеш мемлекетінің Кубок иегері болды. 1992-1995 жылдары Литва ұлттық құрама командасы халықаралық жарыстарда айтарлықтай қомақты нәтижелерге қол жеткізді. 1996 жылы- Кареда (Шауляй) командасы Литва футбол федерациясының Кубогін және Суперкубок жүлделерін жеңіп алды. Осы команда 1997 жылы Литва мемлекеті біріншілігінің жеңімпазы атанды. А.Любинскастың жеңістіктері қатарына 1992 жылы өткізілген әлем біріншілігінің ойындары-спорт алаңдарда Солтүстік Ирландия және Словакия командасымен тең ойнауы. Сонымен қатар «үйдегі» ойында күшті де жәй жеңілмейтін Дания құрама командасымен тең ойыны кіреді. Кәрі құрлық чемпионатының іріктеу ойындарында спорт алаңдарында Германия ұлттық құрама командасымен тең және үйдегі ойында Шотландия құрама командасын жеңген болатын. 2004 жылы Литва ұлттық құрама командасы Вильнюс қаласында Испандықтардан тең түсіп, бельгиялықтар алаңында ұтылмаған болатын. 2005 жылы Литва ұлттық құрама командасы Италия және Башня мен Германия мемлекеттері командаларымен тең ойнап өз беделін нығайтты. 2007 жылы Еуропа елдері чемпионатының іріктеу ойындарында Украина және Грузия (екі мәрте) құрама командаларын жеңген.Альгимантас Любинскас биылғы жылы «Қайсар» футбол командасына Шымкент қаласында өткізілген бірінші оқу-жаттығу жиынтығында қосылған болатын. Оның басшылығымен «Қайсар» командасы Қазақстан біріншілігінің бірінші лигасында өнер көрсететін жергілікті «Тарлан» командасымен бақылау ойынын өткізді.Осы ойында алаң иелері санында Қызылордалық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс, премьер лига командаларында бай тәжірибе жинақтаған Павел Пищулин,Жандос Аметов,Алишер Тажибайұлы сынды футболшылар өнер көрсетті. «Қайсар» футбол командасының жаттықтырушылар ұжымы осы ойында команда құрамындағы барлық ойыншылардың істерін тексеріп көрді. Ойынның бірінші таймында біздің жерлестеріміздің басымдылығын Сүйіндік Көшеков соққан дөп айқындады. Ойынның үзілісінде А.Любинскас команда қатарынан бірнеше ойыншыларды уыстырған соң,ойын қортындысында «Тарлан» еситі теңестірді, ойын 1:1 есебімен аяқталды. Оқу-жаттығу барысындағы екінші ойында «Қайсар» командасы «Ордабасы» командасының қоалқы құрамымен кездесті.Бұл ойында есеп ашылған жоқ. «Қайсар» футбол командасының екінші оқу-жаттығу жиынтығы ақпан айының басында өткізілді. Оқу-жаттығу жиынтығы Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Түрік мемлекетінде өткізілетін болып белгіленді. Дереккөзі: «Қайсар» футбол клубы    
01.04.2013 11:19 3828

 

1973-1976 жылдары ойыншы ретінде Вильюстің «Жальгирис» командасында өнер көрсеткен.

1976-1980 жылдары- «Жальгирис» балалар мен спорт мектебінде жаттықтырушы.

1980-1983 жылдары- Дене шынықтыру және спорт комитетінде бас жаттықтырушы

1983-1985 жылдары – «Жальгирис» шеберлер командасында бас жаттықтырушы.

1988 жылы – «Абахами» (Дахко, Бангладеш) футбол клубында бас жаттықтырушы.

1989-1991 жылдары – Литва Олимпиадалық жеткіншектер даярлау мекемесінде жаттықтырушы.

1995-1997 жылдары – «Кареда» (Шауляй) футбол командасында бас жаттықтырушы.

1997-1998 жылдары- «Панерис» (Вильнюс) футбол командасында бас жаттықтырушы

1998-1999 жылдары – «Ягелония»(Белосток, Польша) футбол командасында бас жаттықтырушы .

1999 жылы Вильнюс қаласында өзін-өзі басқару мекемесінде дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі.

2002-2003 жылдары- Литва мемлекетінің олимпиадалық құрама командасының жаттықтырушысы.

2003-2008 жылдары- Литва мемлекеттік ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушы.

2008-2010 жылдары- «Львов» (Украина) футбол командасының бас жаттықтырушысы

Соңғы кезде Литва мемлекетінің жастар құрама командасының жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Альгимантас Любинскастың жаттықтырушы қызметіндегі еңбек жетістіктері әсерлі. Оның жаттықтырушы қызметін атқарған кезінде 1993 жылы «Жальгирис» командасы КСРО біріншілігінің бірінші айналыспен соң көш басында болатын.

1988 жылы «Абахами» футбол командасы Бангладеш мемлекетінің Кубок иегері болды. 1992-1995 жылдары Литва ұлттық құрама командасы халықаралық жарыстарда айтарлықтай қомақты нәтижелерге қол жеткізді. 1996 жылы- Кареда (Шауляй) командасы Литва футбол федерациясының Кубогін және Суперкубок жүлделерін жеңіп алды. Осы команда 1997 жылы Литва мемлекеті біріншілігінің жеңімпазы атанды.

А.Любинскастың жеңістіктері қатарына 1992 жылы өткізілген әлем біріншілігінің ойындары-спорт алаңдарда Солтүстік Ирландия және Словакия командасымен тең ойнауы. Сонымен қатар «үйдегі» ойында күшті де жәй жеңілмейтін Дания құрама командасымен тең ойыны кіреді. Кәрі құрлық чемпионатының іріктеу ойындарында спорт алаңдарында Германия ұлттық құрама командасымен тең және үйдегі ойында Шотландия құрама командасын жеңген болатын. 2004 жылы Литва ұлттық құрама командасы Вильнюс қаласында Испандықтардан тең түсіп, бельгиялықтар алаңында ұтылмаған болатын. 2005 жылы Литва ұлттық құрама командасы Италия және Башня мен Германия мемлекеттері командаларымен тең ойнап өз беделін нығайтты.

2007 жылы Еуропа елдері чемпионатының іріктеу ойындарында Украина және Грузия (екі мәрте) құрама командаларын жеңген.Альгимантас Любинскас биылғы жылы «Қайсар» футбол командасына Шымкент қаласында өткізілген бірінші оқу-жаттығу жиынтығында қосылған болатын. Оның басшылығымен «Қайсар» командасы Қазақстан біріншілігінің бірінші лигасында өнер көрсететін жергілікті «Тарлан» командасымен бақылау ойынын өткізді.Осы ойында алаң иелері санында Қызылордалық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс, премьер лига командаларында бай тәжірибе жинақтаған Павел Пищулин,Жандос Аметов,Алишер Тажибайұлы сынды футболшылар өнер көрсетті.

«Қайсар» футбол командасының жаттықтырушылар ұжымы осы ойында команда құрамындағы барлық ойыншылардың істерін тексеріп көрді. Ойынның бірінші таймында біздің жерлестеріміздің басымдылығын Сүйіндік Көшеков соққан дөп айқындады.

Ойынның үзілісінде А.Любинскас команда қатарынан бірнеше ойыншыларды уыстырған соң,ойын қортындысында «Тарлан» еситі теңестірді, ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Оқу-жаттығу барысындағы екінші ойында «Қайсар» командасы «Ордабасы» командасының қоалқы құрамымен кездесті.Бұл ойында есеп ашылған жоқ.

«Қайсар» футбол командасының екінші оқу-жаттығу жиынтығы ақпан айының басында өткізілді. Оқу-жаттығу жиынтығы Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Түрік мемлекетінде өткізілетін болып белгіленді.

Дереккөзі: «Қайсар» футбол клубы

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға