Жаңалықтар

Стадионы

  Жарты ғасырдан астам тарихы бар қарағандылық футбол клубы «Шахтер» стадионында барлық қарсыластарын қонақ ретінде қабылдап келеді. «Шахтер» стадионы 1958 жылы салынған. Алғашқы аумағы 2,6 гектор болған, бірақ келе-келе оған жапсарлас бірнеше құрылыс нысандары салынып, алаңқайлар қосылды. Бүгінгі күнде қаланың бас спорттық аренасының аумағы 14 гектарға дейін жетті. Бұл жерде халайық футболмен ғана емес, жеңіл атлетика, бокс, пауэрлифтинг, бодибилдинг, конькимен жүгіру, городки, хоккей, үлкен және үстел теннисі, баскетбол, волейбол, ауыр атлетика, велоспорт, туризм, полиатлон, президенттік көрсайыс және мини футбол сынды спорт түрлерімен айналыса алады. Қазақстан Футбол федерациясының деректері бойынша, «Шахтер» орталық стадионы Республикадағы адам ең көп келетін спорттық нысан. «Шахтер» стадионы көрермендер саны бойынша 29.10.2011 рекорд жасады. Стадионға 18900 жанкүйер келген болатын. Тарихы Ең алғашқы ойын 1958 жылы 12 тамызда өткізілді, «Шахтер» командасы ҚХР-ден келген «Чан-Чуня» командасына қарсы ойнады. 60-70-ші жылдары «Шахтер» стадионында Польша, Мексика, Лфос, Кәріс командаларының қатысуымен өткен Халықаралық ойындар өтті. Облыс басшылығы «Шахтер» стадионының әлемдік талаптарға сай болуы үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасап жатыр. Осы мақсатта 2001 жылы стадионда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, ал 2005 жылы қосалқы алаңға жасанды көгал төселіп, негізгі аренаның трибунасындағы, ағаш сәкілердің орнына пластикалық жайлы орындықтар қойылды. 2006 жылы стадион базасын жетілдіру жұмыстары жалғасын тапты: жарықтандыру жаңартылды, ойыншылар шешінетін жерлер толығымен жөндеуден өтті, басқа да көптеген жұмыстар істелді. Осының бәрі «Шахтер» стадионының Еурокубоктар аясындағы халықаралық матчтарды өткізу үшін УЕФА лицензиясын алуына мүмкіндік берді. Құрылымы ·         Таңбаланған тізім элементі ·         Орталық арена: футбол алаңы, жеңіл атлетика секторы және жүгіретін жол, 19500 орындық трибуна ·         Жасанды газонды қосымша алаң ·         Ашық волейбол алаңы ·         Теннис корттары ·         Үстел теннисі ойнауға арналған зал ·         Киім шешетін бөлме ·         Допингке текскру кабинеті ·         Төрешілерге арналған Киім шешетін бөлме ·         Медициналық бақылау кабинеті ·         Жеңіл атлетика, бокс, пауэрлифтинг, бодибилдинг, конькимен жүгіру, городки, хоккей, баскетбол, волейбол, ауыр атлетика, велоспортпен айналасуға арналған алаңдар Дереккөзі: «Шахтер» футбол клубы    
01.04.2013 10:06 3462

 

Жарты ғасырдан астам тарихы бар қарағандылық футбол клубы «Шахтер» стадионында барлық қарсыластарын қонақ ретінде қабылдап келеді. «Шахтер» стадионы 1958 жылы салынған. Алғашқы аумағы 2,6 гектор болған, бірақ келе-келе оған жапсарлас бірнеше құрылыс нысандары салынып, алаңқайлар қосылды. Бүгінгі күнде қаланың бас спорттық аренасының аумағы 14 гектарға дейін жетті. Бұл жерде халайық футболмен ғана емес, жеңіл атлетика, бокс, пауэрлифтинг, бодибилдинг, конькимен жүгіру, городки, хоккей, үлкен және үстел теннисі, баскетбол, волейбол, ауыр атлетика, велоспорт, туризм, полиатлон, президенттік көрсайыс және мини футбол сынды спорт түрлерімен айналыса алады. Қазақстан Футбол федерациясының деректері бойынша, «Шахтер» орталық стадионы Республикадағы адам ең көп келетін спорттық нысан. «Шахтер» стадионы көрермендер саны бойынша 29.10.2011 рекорд жасады. Стадионға 18900 жанкүйер келген болатын.

Тарихы

Ең алғашқы ойын 1958 жылы 12 тамызда өткізілді, «Шахтер» командасы ҚХР-ден келген «Чан-Чуня» командасына қарсы ойнады. 60-70-ші жылдары «Шахтер» стадионында Польша, Мексика, Лфос, Кәріс командаларының қатысуымен өткен Халықаралық ойындар өтті. Облыс басшылығы «Шахтер» стадионының әлемдік талаптарға сай болуы үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасап жатыр. Осы мақсатта 2001 жылы стадионда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, ал 2005 жылы қосалқы алаңға жасанды көгал төселіп, негізгі аренаның трибунасындағы, ағаш сәкілердің орнына пластикалық жайлы орындықтар қойылды. 2006 жылы стадион базасын жетілдіру жұмыстары жалғасын тапты: жарықтандыру жаңартылды, ойыншылар шешінетін жерлер толығымен жөндеуден өтті, басқа да көптеген жұмыстар істелді. Осының бәрі «Шахтер» стадионының Еурокубоктар аясындағы халықаралық матчтарды өткізу үшін УЕФА лицензиясын алуына мүмкіндік берді.

Құрылымы

·         Таңбаланған тізім элементі

·         Орталық арена: футбол алаңы, жеңіл атлетика секторы және жүгіретін жол, 19500 орындық трибуна

·         Жасанды газонды қосымша алаң

·         Ашық волейбол алаңы

·         Теннис корттары

·         Үстел теннисі ойнауға арналған зал

·         Киім шешетін бөлме

·         Допингке текскру кабинеті

·         Төрешілерге арналған Киім шешетін бөлме

·         Медициналық бақылау кабинеті

·         Жеңіл атлетика, бокс, пауэрлифтинг, бодибилдинг, конькимен жүгіру, городки, хоккей, баскетбол, волейбол, ауыр атлетика, велоспортпен айналасуға арналған алаңдар

Дереккөзі: «Шахтер» футбол клубы

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға