2013 жылы көліктердің салмағын өлшейтін 11 бекет салынады
01.04.2013 06:27
2839
Биыл Қазақстанда автокөліктердің салмағын өлшейтін 11 бекет салынса, болашақта олардың саны 80-ге жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«Өткен жылдан бастап автокөліктердің салмағы мен габаритін автоматты түрде өлшейтін 2 бекет орнатылды. Осындай бекеттің биыл 11-і іске қосылады. Болашақта осындай бекеттердің санын 80-ге жеткізу жоспарлануда»,- деп хабарлады министр.
Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасады.
Bnews.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Месси бір матчта екі рекорд орнатты