Жаңалықтар

Партия

Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл ПАРТИЯ, саяси партия (лат. partіs — бөлік) — халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін білдіріп, мемлекеттік билікке қол жеткізуді немесе оны жүзеге асыруға қатысуды мақсат ететін, ортақ мүдде негізінде біріккен адамдардың ерікті одағы. Алғашқы саяси П-лар ежелгі Грекияда пайда болды. Бірақ олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Немістің көрнекті саясаттанушысы М.Вебер (1864 — 1920) саяси П-лардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократ. үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік П-лар. Көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі П-сы — либералдық (виги) және консервативтік (тори) П-лар ғана басынан кешірді. Қазір өмір сүріп отырған П-лардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік П. болып қалыптасты. Бірінші саяси көпшілік П. болып 1861 ж. Англияда Либералдық П. құрылды. Мұндай П-лардың дамуына сол кездегі бурж. революциялар нәтижесінде парламенттерге жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі себепші болды. Соған байланысты бұқара халықтың саясатқа қатысу аясы кеңейіп, жұмысшылардың ұйымшылдығы күшейді. Бірінші көпшілік жұмысшы П-сы болып 1863 ж. Германияның жұмысшы одағы құрылды. 19 ғ-дың аяғына қарай Бат. Еуропа елдерінің көбінде көпшілік П-лар пайда болды. Америкалық саясаттанушы Дж.Ла Паломбараның пікірінше, П-лар мынадай төрт белгімен сипатталады: 1) П. белгілі бір идеологияны қорғайды; 2) П. — адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықар. дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде ұзақ біріктіретін ұйым; 3) П-ның мақсаты — билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе коалиц. жолмен іске асады); 4) әр П. өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді. Белгілі поляк саясаттанушысы А.Борнар көрсеткендей, қазіргі саяси П-лар мынадай қызметтер атқарады: қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтайды, тұжырымдайды және негіздейді; олардың белсенділігін арттырады; саяси идеология мен саяси ілімдерді әзірлейді; саяси жүйені, оның жалпы принциптерін, құрамдас бөліктерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысады; мемлекетте билік үшін күреске қатысады және оның жұмыс бағдарламасын әзірлейді; мемл. билікті іске асыруға қатысады; қоғамдық пікірді қалыптастырады, т.б. Саяси П-ның маңызды міндеті — азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. П-лар арқылы әр түрлі әлеум. топтар өздерінің саяси талап-тілектерін білдіреді. Іоғамның қай тобына П-ның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ П-ның әлеум. негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым дауысын беруші сайлаушылар оның электоратын (сайлаушылар тобын) құрайды. П-лар сайлауға, мемл. органдар құруға, мемл. маңызы бар шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзінде жүзеге асыруға қатысады. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси П-лар төрт түрге топтасады: 1. Авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен П-ның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мыс., Үндістанның Ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы КОКП. 2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты — үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.б. Оларда тұрақты мүшелік, идеол. негіз, ұйымдық құрылым жоқ. 3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызмет атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестендіріп, келістіру үшін П-лар парламенттер мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін-өзі басқару органы) фракциялар құрады. 4. Іауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас пен ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіреді. Саяси идеологиясына қарай П-ларды 5 түрге жүйелейді: 1) Коммунистік партиялар мен солшыл бағыттағы партиялар; 2) Социал-демокр. (соц., лейбористік) партиялар; 3) Бурж.-демокр. партиялар; 4) Консервативтік партиялар; 5) Фашистік партиялар. П-ларды идеол. бағытына қарай рев., реформистік, консервативтік, реакц. деп бөледі. Революциялық П-лар қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысады. Реформистік П-лар қоғамның негізгі құрылысын сақтай отырып маңызды өзгерістер жасауды көздейді. Консервативтік П-лар қазіргі әлеум. өмірдің негізгі сипаты мен ерекшеліктерін сақтап қалуға тырысады. Реакциялық П-лар — қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға не дәуірлерге қайтып оралуды көксейді. Саяси өмірде алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси П-лар билеуші және оппозиц. болып бөлінеді. Билеуші П-лардың қолдарына мемл. билік тигендіктен, оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады, яғни, олар басқа П-лардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ қалған П-лар өздерінің конституц. құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, өз мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір қоғамдық пікір тудырып, билеуші П-ның саясатын сын көзбен бағалап, оған сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси П-ларды оппозициялық деп атайды. Қазақстандағы алғашқы саяси П-лар 20 ғ-дың басында пайда болды. Қазақ халқының ұлт зиялылары Қазақстанда қалыптасқан ауыр саяси, әлеум.-экон. жағдайдан шығудың жолын іздеп, Ресейдің конституц.-демокр. (кадет) партиясының қызметіне белсенді қатысты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қ-нда Ә.Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының “делегаттар съезі” шақырылып, кадет партиясының бөлімшесі құрылды әрі партияның бағдарламасы қабылданды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов сынды қайраткерлер 1917 ж. шілденің 21 — 26 аралығында Орынборда “Алаш” партиясының бірінші жалпықазақтық съезін өткізді. 1917 ж. желтоқсанда Орынборда екінші жалпықазақ съезі шақырылып, онда Алашорда үкіметі құрылды. Бірақ 1918 ж. қарашада Алашорда үкіметі кеңес әскерлерінің күшімен талқандалып, “Алаш” партиясының басшылары мен мүшелері қуғын-сүргінге ұшырады. 1917 жылдың күзінде “Үш жүз” атты Қырғыз (Қазақ) соц. партиясы құрылды. Ол большевиктер саясатына бағдар ұстап, “Алаш” партиясының қарсыласы болды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауымен большевиктердің партиялық ұйымдары құрылып, билікке монополия орнатылды. Кеңес өкіметі тұсында жалғыз басқарушы партия Қазақстан Коммунистік партиясы үстемдік етті. Қазақстан егемендік алғаннан кейін саяси бағыт-бағдары әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымдар құрылып, көппартиялық жүйенің негізі қаланды. 1990 жылдардың басында елде Ұлттық-демокр. “Желтоқсан” партиясы, Қазақстанның респ. “Азат” партиясы, Қазақстанның социал-демокр. партиясы, Қазақстанның соц. партиясы, Қазақстанның Халық конгресі партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, т.б. құрылды. 1990 жылдардың ортасында елдің партиялық-саяси жүйесінде Қазақстанның демокр. партиясы, Қазақстанның дәуірлеу партиясы, Респ. еңбек саяси партиясы, т.б. қызмет етті. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді. ІР-ның 2002 жылғы 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес Қазақстан “Ақ жол” демократиялық партиясы, Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы, респ. “Отан” саяси партиясы, Қазақстан социал-демокр. “Ауыл” партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан патриоттар партиясы қайта тіркеуден өтті; қ. Көппартиялылық. Д. Жамбылов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том
08.11.2012 12:18 11526

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

ПАРТИЯ, саяси партия (лат. partіs — бөлік) — халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін білдіріп, мемлекеттік билікке қол жеткізуді немесе оны жүзеге асыруға қатысуды мақсат ететін, ортақ мүдде негізінде біріккен адамдардың ерікті одағы. Алғашқы саяси П-лар ежелгі Грекияда пайда болды. Бірақ олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Немістің көрнекті саясаттанушысы М.Вебер (1864 — 1920) саяси П-лардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократ. үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік П-лар. Көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі П-сы — либералдық (виги) және консервативтік (тори) П-лар ғана басынан кешірді. Қазір өмір сүріп отырған П-лардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік П. болып қалыптасты. Бірінші саяси көпшілік П. болып 1861 ж. Англияда Либералдық П. құрылды. Мұндай П-лардың дамуына сол кездегі бурж. революциялар нәтижесінде парламенттерге жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі себепші болды. Соған байланысты бұқара халықтың саясатқа қатысу аясы кеңейіп, жұмысшылардың ұйымшылдығы күшейді. Бірінші көпшілік жұмысшы П-сы болып 1863 ж. Германияның жұмысшы одағы құрылды. 19 ғ-дың аяғына қарай Бат. Еуропа елдерінің көбінде көпшілік П-лар пайда болды. Америкалық саясаттанушы Дж.Ла Паломбараның пікірінше, П-лар мынадай төрт белгімен сипатталады: 1) П. белгілі бір идеологияны қорғайды; 2) П. — адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықар. дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде ұзақ біріктіретін ұйым; 3) П-ның мақсаты — билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе коалиц. жолмен іске асады); 4) әр П. өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді. Белгілі поляк саясаттанушысы А.Борнар көрсеткендей, қазіргі саяси П-лар мынадай қызметтер атқарады: қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтайды, тұжырымдайды және негіздейді; олардың белсенділігін арттырады; саяси идеология мен саяси ілімдерді әзірлейді; саяси жүйені, оның жалпы принциптерін, құрамдас бөліктерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысады; мемлекетте билік үшін күреске қатысады және оның жұмыс бағдарламасын әзірлейді; мемл. билікті іске асыруға қатысады; қоғамдық пікірді қалыптастырады, т.б. Саяси П-ның маңызды міндеті — азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. П-лар арқылы әр түрлі әлеум. топтар өздерінің саяси талап-тілектерін білдіреді. Іоғамның қай тобына П-ның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ П-ның әлеум. негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым дауысын беруші сайлаушылар оның электоратын (сайлаушылар тобын) құрайды. П-лар сайлауға, мемл. органдар құруға, мемл. маңызы бар шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзінде жүзеге асыруға қатысады. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси П-лар төрт түрге топтасады: 1. Авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен П-ның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мыс., Үндістанның Ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы КОКП. 2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты — үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.б. Оларда тұрақты мүшелік, идеол. негіз, ұйымдық құрылым жоқ. 3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызмет атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестендіріп, келістіру үшін П-лар парламенттер мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін-өзі басқару органы) фракциялар құрады. 4. Іауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас пен ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіреді. Саяси идеологиясына қарай П-ларды 5 түрге жүйелейді: 1) Коммунистік партиялар мен солшыл бағыттағы партиялар; 2) Социал-демокр. (соц., лейбористік) партиялар; 3) Бурж.-демокр. партиялар; 4) Консервативтік партиялар; 5) Фашистік партиялар. П-ларды идеол. бағытына қарай рев., реформистік, консервативтік, реакц. деп бөледі. Революциялық П-лар қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысады. Реформистік П-лар қоғамның негізгі құрылысын сақтай отырып маңызды өзгерістер жасауды көздейді. Консервативтік П-лар қазіргі әлеум. өмірдің негізгі сипаты мен ерекшеліктерін сақтап қалуға тырысады. Реакциялық П-лар — қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға не дәуірлерге қайтып оралуды көксейді. Саяси өмірде алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси П-лар билеуші және оппозиц. болып бөлінеді. Билеуші П-лардың қолдарына мемл. билік тигендіктен, оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады, яғни, олар басқа П-лардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ қалған П-лар өздерінің конституц. құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, өз мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір қоғамдық пікір тудырып, билеуші П-ның саясатын сын көзбен бағалап, оған сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси П-ларды оппозициялық деп атайды.

Қазақстандағы алғашқы саяси П-лар 20 ғ-дың басында пайда болды. Қазақ халқының ұлт зиялылары Қазақстанда қалыптасқан ауыр саяси, әлеум.-экон. жағдайдан шығудың жолын іздеп, Ресейдің конституц.-демокр. (кадет) партиясының қызметіне белсенді қатысты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қ-нда Ә.Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының “делегаттар съезі” шақырылып, кадет партиясының бөлімшесі құрылды әрі партияның бағдарламасы қабылданды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов сынды қайраткерлер 1917 ж. шілденің 21 — 26 аралығында Орынборда “Алаш” партиясының бірінші жалпықазақтық съезін өткізді. 1917 ж. желтоқсанда Орынборда екінші жалпықазақ съезі шақырылып, онда Алашорда үкіметі құрылды. Бірақ 1918 ж. қарашада Алашорда үкіметі кеңес әскерлерінің күшімен талқандалып, “Алаш” партиясының басшылары мен мүшелері қуғын-сүргінге ұшырады. 1917 жылдың күзінде “Үш жүз” атты Қырғыз (Қазақ) соц. партиясы құрылды. Ол большевиктер саясатына бағдар ұстап, “Алаш” партиясының қарсыласы болды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауымен большевиктердің партиялық ұйымдары құрылып, билікке монополия орнатылды. Кеңес өкіметі тұсында жалғыз басқарушы партия Қазақстан Коммунистік партиясы үстемдік етті. Қазақстан егемендік алғаннан кейін саяси бағыт-бағдары әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымдар құрылып, көппартиялық жүйенің негізі қаланды. 1990 жылдардың басында елде Ұлттық-демокр. “Желтоқсан” партиясы, Қазақстанның респ. “Азат” партиясы, Қазақстанның социал-демокр. партиясы, Қазақстанның соц. партиясы, Қазақстанның Халық конгресі партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, т.б. құрылды. 1990 жылдардың ортасында елдің партиялық-саяси жүйесінде Қазақстанның демокр. партиясы, Қазақстанның дәуірлеу партиясы, Респ. еңбек саяси партиясы, т.б. қызмет етті. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді. ІР-ның 2002 жылғы 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес Қазақстан “Ақ жол” демократиялық партиясы, Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы, респ. “Отан” саяси партиясы, Қазақстан социал-демокр. “Ауыл” партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан патриоттар партиясы қайта тіркеуден өтті; қ. Көппартиялылық.

Д. Жамбылов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға