Жаңалықтар

Құрылу кезеңі

  «Қайрат» ФК 1954 жылы алматылық «Динамо» клубының іргесінде құрылды. КСРО КОБОК президиумының (27.04.56, В.Гришин) және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің (01.06.56, Д.Қонаев) қаулыларына сәйкес, «Урожай» («Өнім») және «Колхозшы» ерікті спорт қоғамдарын біріктіру нәтижесінде 1956 жылы 18 маусымда Қаз КСР Ерікті Ауылдық Спорт Қоғамы (ЕАСҚ) құрылды. Оның атын «Қайрат» деп қойды. Шілде айынан бастап «Б» сыныпты«Урожай» («Өнім») футбол командасының аты (Алматы) «Қайрат» болып өзгертілді. Қызғылықты жайттар: «Урожай» еркіті спорт қоғамын колхозшылардың республикалық спорт қоғамдарымен біріктіру туралы» Кәсіптік Одақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесі (КОБОК) президиумының Қаулысы, 1956 жылғы 27 сәуірдегі №6 Хаттамасы. КСРО КОБОК Төрағасы–В.Гришин «Урожай» және «Колхозшы» спорт қоғамдарын біртұтас ауылдық спорт қоғамына біріктіру туралы ҚазКСР Министрлер кеңесінің 1956 жылғы 01 маусымдағы №299 Қаулысы. ҚазКСР МинКеңесінің Төрағасы – Д.Қонаев.  1956 жылы 18 маусым. ҚазКСР-нің «Урожай» және «Колхозшы» ЕСҚ Республикалық Кеңестерінің біріккен пленумының №1 хаттамасынан … ҚазКСР ЕАСҚ – «Қайрат» деп атау туралы ұсыныс түсті.  …қаулы етті: ҚазКСР Ерікті Ауылдық Спорт Қоғамы «Қайрат» деп, бұдан былай «Қайрат» ЕАСҚ деп аталсын. «Қайрат» ЕАСҚ –ның тұңғыш төрағасы Барлыхан Чинжалинов болды. Пленум алдында екі ЕСҚ-ға келешек ЕАСҚ атауының нұсқалары ұсынылды. Тізімде мынадай атаулар кездесті: «Егінші», «Тұлпар», «Өнім» («Урожай»), «Алтын дән» («Золотое зерно»), «Күресші» («Борец»), «Дала бүркіті» («Степной орел»), «Жастар» («Молодежь»). «Қайрат» есімі бұл нұсқалардың арасында болған жоқ. Бірақ қоғамдар ұсынған нұсқалардың ешқайсысы тәпті күн тәртібінде қаралған да жоқ. «Қайрат» атауын кім ұсынғаны беймәлім болып қала берді. Ой елегінен өткізе келе, бұл атау жоғарыдан «түсірілсе» керек, Димаш Ахмедовичтің өзі де ұсынуы мүмкін. 1956 жылдың бүкіл маусым айы бойы команда Воронежде  (2-сі күні), Сталинградта (6-сы), Тбилисиде (11-і күні), Ереванда (15-і күні), Краснодарда (22-сі күні) және Ростовта (26-сы күні) кезек-кезек ойнап, сапарда болды. Тұңғшы рет «Қайрат» атымен команда өз алаңында пленумнан кейін бір ай өткен соң шықты – 18 шілдеде сталинабадтық «Колхозчи» командасымен сайысқа түсті (3:0). 1954 -1991 жылдар аралығында КСРО чемпионаттарына қатысты, соның ішінде 24 маусымды Жоғарғы лигада өткізді. 1986 жылы КСРО чемпионатында өзі үшін рекордтық жетінші орынға ие болды. Дереккөзі: «Қайрат» футбол клубы
29.03.2013 08:53 3520

 

«Қайрат» ФК 1954 жылы алматылық «Динамо» клубының іргесінде құрылды. КСРО КОБОК президиумының (27.04.56, В.Гришин) және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің (01.06.56, Д.Қонаев) қаулыларына сәйкес, «Урожай» («Өнім») және «Колхозшы» ерікті спорт қоғамдарын біріктіру нәтижесінде 1956 жылы 18 маусымда Қаз КСР Ерікті Ауылдық Спорт Қоғамы (ЕАСҚ) құрылды. Оның атын «Қайрат» деп қойды. Шілде айынан бастап «Б» сыныпты«Урожай» («Өнім») футбол командасының аты (Алматы) «Қайрат» болып өзгертілді.

Қызғылықты жайттар:
«Урожай» еркіті спорт қоғамын колхозшылардың республикалық спорт қоғамдарымен біріктіру туралы» Кәсіптік Одақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесі (КОБОК) президиумының Қаулысы, 1956 жылғы 27 сәуірдегі №6 Хаттамасы. КСРО КОБОК Төрағасы–В.Гришин
«Урожай» және «Колхозшы» спорт қоғамдарын біртұтас ауылдық спорт қоғамына біріктіру туралы ҚазКСР Министрлер кеңесінің 1956 жылғы 01 маусымдағы №299 Қаулысы. ҚазКСР МинКеңесінің Төрағасы – Д.Қонаев. 
1956 жылы 18 маусым. ҚазКСР-нің «Урожай» және «Колхозшы» ЕСҚ Республикалық Кеңестерінің біріккен пленумының №1 хаттамасынан
… ҚазКСР ЕАСҚ – «Қайрат» деп атау туралы ұсыныс түсті.
 
…қаулы етті: ҚазКСР Ерікті Ауылдық Спорт Қоғамы «Қайрат» деп, бұдан былай «Қайрат» ЕАСҚ деп аталсын. «Қайрат» ЕАСҚ –ның тұңғыш төрағасы Барлыхан Чинжалинов болды.
Пленум алдында екі ЕСҚ-ға келешек ЕАСҚ атауының нұсқалары ұсынылды. Тізімде мынадай атаулар кездесті: «Егінші», «Тұлпар», «Өнім» («Урожай»), «Алтын дән» («Золотое зерно»), «Күресші» («Борец»), «Дала бүркіті» («Степной орел»), «Жастар» («Молодежь»). «Қайрат» есімі бұл нұсқалардың арасында болған жоқ. Бірақ қоғамдар ұсынған нұсқалардың ешқайсысы тәпті күн тәртібінде қаралған да жоқ. «Қайрат» атауын кім ұсынғаны беймәлім болып қала берді. Ой елегінен өткізе келе, бұл атау жоғарыдан «түсірілсе» керек, Димаш Ахмедовичтің өзі де ұсынуы мүмкін.

1956 жылдың бүкіл маусым айы бойы команда Воронежде  (2-сі күні), Сталинградта (6-сы), Тбилисиде (11-і күні), Ереванда (15-і күні), Краснодарда (22-сі күні) және Ростовта (26-сы күні) кезек-кезек ойнап, сапарда болды. Тұңғшы рет «Қайрат» атымен команда өз алаңында пленумнан кейін бір ай өткен соң шықты – 18 шілдеде сталинабадтық «Колхозчи» командасымен сайысқа түсті (3:0).

1954 -1991 жылдар аралығында КСРО чемпионаттарына қатысты, соның ішінде 24 маусымды Жоғарғы лигада өткізді. 1986 жылы КСРО чемпионатында өзі үшін рекордтық жетінші орынға ие болды.

Дереккөзі: «Қайрат» футбол клубы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға