Ресей азаматтары ішімдік саудасына тыйым салуды талап етіп отыр
Ресей Федерациясы тұрғындарының көбісі (76 %) 21 жастан төмен балаларға арақ-шарап сатпау жөніндегі бастаманы қолдап отыр. Мұны Бүкілресейлік қоғам пікірін зерделеу орталығының жасаған сауалнама қорытындысы растауда.
muslim.kz сайтының жазуынша, аталмыш бастаманы басым көпшілігі егде тартқандар мен қарт адамдар (80-81 %) қолдаған, ал жобаны қолдаушы ерлер мен әйелдердің үлесін есептегенде, ерлерге (70%) қарағанда әйелдер (81%) белсенділік танытқан.
Ал елдің әрбір бесінші тұрғыны «ішімдік түрлерін сатуға рұқсат берілетін жас шамасын тағы да жоғарылату керек» деген идеяның жүзеге асатынына шүбәмен қараған. Бүкілресейлік қоғам пікірін зерделеу орталығы осыған қатысты сауалнаманы «Трезвая Россия» атты федералды жоба аясында жүргізді. Бұл сауалнамаға елдің 42 аймағындағы 130 елдімекеннің 1,5 мың тұрғыны қатысқан.