Әлемдегі ең қысқа әліпби
29.03.2013 05:54
6103
Әлемдегі ең қысқа әліпби он екі-ақ әріптен тұрады. Ол – Бугенвиль аралының тұрғындары өзара сөйлесетін Ротокас тілі.
Он екі әріптен тұратын алфавиттің бес дауысты және жеті дауыссыз дыбысы бар. олар мынадай тәртіппен орналасқан:
A, E, G, I, K, O, P, R, S, T, U, V.
Бразилиядағы Пираха тіліндегі әріптер бұдан да аз. Алайда, бұл тілдің жазбаша нұсқасы жоқ. Яғни, тайпа адамдары жазу қолданбайды. Сондықтан Ротокас әлемдегі ең қысқа әліпби мәртебесіне ие болып отыр.
Ең қызығы, Пираха тілінде сандық ұғым жоқ. Олар санау кезінде тек «бірнеше» және «көп» деген сөздерді қолданады екен. Сондай-ақ, бұл тілде сөйлейтін тайпа өкілдерінде түсті анықтайтын сөздер де кездеспейді.
BAQ.KZ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1995-2000 жылдар
Келесі жаңалық
72 жастағы зейнеткер «Күміс университет» студенті атанды