Жаңалықтар

Қалыптасу тарихы

  Қала көлемі – 2,4 мың ш/км.  Тұрғындарының саны – 200,9 мың адам. Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818ж., Перовск – 1853 ж., қайтадан Ақмешіт – 1922 ж., Қызылорда – 1925ж.,), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастады. 1905 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті. 1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда деген атпен беріліп, онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты белгілі М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектаклі қойылды. Ал 1938 жылы Қызылорда облысы құрылды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқ киім, механикалық және күріш зауыттарымен қатар бірнеше фабрикалар іске қосылып, жаңадан салынған Гагарин, Титов елді-мекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті. Осы жылдары Қызылордада педагогикалық институт пен Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институттарының филиалы және бірнеше арнаулы оқу орындары жұмыс істеп, көптеген мектеп үйлері жаңадан салынды. 1980-90 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов көшелерінде сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді. Соңғы жылдары салынған Ақмешіт, Мерей шағын аудандары, “Оңтүстікмұнайгаз” фирмасының әкімшілік үйі, Диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңа үйлері қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялардың Сыр бойының табиғи байлығын игеруі, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне ықпалы тие бастады. Қаланың өрісі кеңейіп, халқының саны артты. Ауылдан келіп, шоғырланушылар қатары да едәуір өсті. Дереккөзі: «Менің Қызылордам» жастар сайты
28.03.2013 11:27 4461

 

Қала көлемі – 2,4 мың ш/км. 
Тұрғындарының саны – 200,9 мың адам.

Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818ж., Перовск – 1853 ж., қайтадан Ақмешіт – 1922 ж., Қызылорда – 1925ж.,), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.

1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастады. 1905 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті. 1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда деген атпен беріліп, онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты белгілі М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектаклі қойылды.

Ал 1938 жылы Қызылорда облысы құрылды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқ киім, механикалық және күріш зауыттарымен қатар бірнеше фабрикалар іске қосылып, жаңадан салынған Гагарин, Титов елді-мекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті. Осы жылдары Қызылордада педагогикалық институт пен Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институттарының филиалы және бірнеше арнаулы оқу орындары жұмыс істеп, көптеген мектеп үйлері жаңадан салынды. 1980-90 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов көшелерінде сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді.

Соңғы жылдары салынған Ақмешіт, Мерей шағын аудандары, “Оңтүстікмұнайгаз” фирмасының әкімшілік үйі, Диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңа үйлері қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялардың Сыр бойының табиғи байлығын игеруі, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне ықпалы тие бастады. Қаланың өрісі кеңейіп, халқының саны артты. Ауылдан келіп, шоғырланушылар қатары да едәуір өсті.

Дереккөзі: «Менің Қызылордам» жастар сайты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға