Жаңалықтар

сот тарихы

  Жаңақорған ауданы – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының шығысындағы әкімгершілік аудан. Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған. Аудан аумағы батыстан шығысқа қарай 130 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 230 шақырым жерге созылып жатыр. Ол шығысында және оңтүстік шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, оңтүстік батысында Өзбекстанмен, солтүстік батысында Шиелі ауданымен шекаралас жатыр. Ауданның жер көлемі – 16,6 мың шаршы шақырым, бұл облыс жер көлемнің 6,8 пайызы.   Ауданда 17 ұлттың өкілі тұрады.  2009 жылдың қаңтар айындағы халықтық санақ мәліметтері бойынша аудан орталығында 25 мың, ал жалпы аумағында 75 мыңға  жуық тұрғын бар. Ауданда 37 елді мекен бар, оның 20-сы ауыл шаруашылығына, 5 темір жол стансасы, 6 темір жол бекеті, сонымен қатар 1-2 мың адам тұратын 7 елді мекен бар. Қай қоғамда, қай заманда болсын әділдік салтанат құрып, адамдардың құқықтарының сақталуы мен заң талаптарының мұқият жүзеге асуы қамтамасыз етілуі үшін сот билігі  дұрыс жұмыс істеуі қажет. Осы ретте 1966 жылы құрылып, ел конституциясына сай жұмыс жүргізіп келе жатқан Жаңақорған аудандық сотының да бүгінгі таңда қырық алты жылдық тарихы бар. Аудандық халық сотының алғашқы төрағасы Ержанов Жарқынбай. Ол осы құзырлы мекемені 1966 жылдан 1978 жылға дейін басқарды. Пірімжанов Ильяс 1978 жылдан 1982 жылдың маусымына дейін аудандық сотқа төрағалық етті. Оспанов Тұңғышбай 1982-1986 жылға дейін жетекшілік жасады. Құрманбаев Сарыбай 1986-1989 жылдар аралығында аудандық сот төрағасы; Рысбеков Шазатхан 1989-1996 жылдары аудандық сот төрағасы; Ердешбаев Мәдібек Жолдасбекұлы 1996-2002 жылдары аудандық сот төрағасы; Сайдуллаев Абдуллажан Сейтжаппарұлы 2002-2007 жылдары аудандық сот төрағасы; Жұбанғанов Талап Көшенұлы 2007-2009 жылдары аудандық сот төрағасы болды. 2010 жылдың қаңтарынан бүгінгі  күнге  дейін Өміртайұлы Нұрлан төрағалық етіп келеді. Қазіргі таңда аудандық сотта барлығы 11 қызметкер жұмыс атқарып келеді. Олардың ішінде 2-уі судья, 1 кеңсе менгерушісі, 3 бас маман, 1 бас маман-сот жасауылы, 2 бас маман сот отырысының хатшысы, 2 жетекші маман. Қызметкерлердің  барлығы жоғары білімді,  бүгінгі таңда абыроймен қызмет атқаруда.    Аудандық соттың  2-сот залы бар, оның  үлкен сот залына заманауи  талапқа сай істерді аудио-фиксацияға басып қарау құралы, ғимараттың фоесіне  «моноблок» мониторы қойылған. Сотқа келушілерге арналып күту бөлмесі ашылып, жабдықталған, яғни сотқа келген азаматтарға жағдай жасалынған. Дереккөзі: Жаңақорған аудандық соты  
28.03.2013 10:40 4305

 

Жаңақорған ауданы – Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының шығысындағы әкімгершілік аудан.

Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған.

Аудан аумағы батыстан шығысқа қарай 130 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 230 шақырым жерге созылып жатыр. Ол шығысында және оңтүстік шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, оңтүстік батысында Өзбекстанмен, солтүстік батысында Шиелі ауданымен шекаралас жатыр. Ауданның жер көлемі – 16,6 мың шаршы шақырым, бұл облыс жер көлемнің 6,8 пайызы. 

 Ауданда 17 ұлттың өкілі тұрады.  2009 жылдың қаңтар айындағы халықтық санақ мәліметтері бойынша аудан орталығында 25 мың, ал жалпы аумағында 75 мыңға  жуық тұрғын бар. Ауданда 37 елді мекен бар, оның 20-сы ауыл шаруашылығына, 5 темір жол стансасы, 6 темір жол бекеті, сонымен қатар 1-2 мың адам тұратын 7 елді мекен бар.

Қай қоғамда, қай заманда болсын әділдік салтанат құрып, адамдардың құқықтарының сақталуы мен заң талаптарының мұқият жүзеге асуы қамтамасыз етілуі үшін сот билігі  дұрыс жұмыс істеуі қажет. Осы ретте 1966 жылы құрылып, ел конституциясына сай жұмыс жүргізіп келе жатқан Жаңақорған аудандық сотының да бүгінгі таңда қырық алты жылдық тарихы бар.

Аудандық халық сотының алғашқы төрағасы Ержанов Жарқынбай. Ол осы құзырлы мекемені 1966 жылдан 1978 жылға дейін басқарды.

Пірімжанов Ильяс 1978 жылдан 1982 жылдың маусымына дейін аудандық сотқа төрағалық етті.

Оспанов Тұңғышбай 1982-1986 жылға дейін жетекшілік жасады.

Құрманбаев Сарыбай 1986-1989 жылдар аралығында аудандық сот төрағасы;

Рысбеков Шазатхан 1989-1996 жылдары аудандық сот төрағасы;

Ердешбаев Мәдібек Жолдасбекұлы 1996-2002 жылдары аудандық сот төрағасы;

Сайдуллаев Абдуллажан Сейтжаппарұлы 2002-2007 жылдары аудандық сот төрағасы;

Жұбанғанов Талап Көшенұлы 2007-2009 жылдары аудандық сот төрағасы болды.

2010 жылдың қаңтарынан бүгінгі  күнге  дейін Өміртайұлы Нұрлан төрағалық етіп келеді.

Қазіргі таңда аудандық сотта барлығы 11 қызметкер жұмыс атқарып келеді. Олардың ішінде 2-уі судья, 1 кеңсе менгерушісі, 3 бас маман, 1 бас маман-сот жасауылы, 2 бас маман сот отырысының хатшысы, 2 жетекші маман. Қызметкерлердің  барлығы жоғары білімді,  бүгінгі таңда абыроймен қызмет атқаруда.   

Аудандық соттың  2-сот залы бар, оның  үлкен сот залына заманауи  талапқа сай істерді аудио-фиксацияға басып қарау құралы, ғимараттың фоесіне  «моноблок» мониторы қойылған.

Сотқа келушілерге арналып күту бөлмесі ашылып, жабдықталған, яғни сотқа келген азаматтарға жағдай жасалынған.

Дереккөзі: Жаңақорған аудандық соты

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға