Жаңалықтар

Аудан сотының тарихы

  Ол баста Ресейдің шеткері аймақтарында әскери бекініс есебінде дүниеге келген Қазалы қаласы мен ауданның өзіндік бай салт-дәстүрлері бар. Жастайынан мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген Ғани Мұратбаевтың атындағы мұражайдағы құжаттарда сот жүйесі жөніндегі сараң деректер былайша сыр шертеді. Қазалы аудандық халық соты 1924 жылы құрылған. Алғашқы құрылған жылы сотта 4 /төрт/ адам жұмыс істеген.Бірақ нақты сол жылдары кімдер қызмет атқарғандығы туралы мәліметтер сақталмаған. Қазалы аудандық сотында осы уақытқа дейін қызмет атқарған судьялардың деректері: 22-тамыз 1927 жылғы №22 санды хаттама бойынша Қазалы уездік атқару комитетінің коммуналдық мекемесінде халық судьясы Д.Иманбаева қызмет атқарған. №4 учаскесінің халық судьясы Баймухамедов №24 учаскесінің халық судьясы болып тағайындалып, қызмет атқарған. Хамза Қожабергенов 18 тамыз 1927 жылы №23 учаскесінде халық судьясы қызмет атқарған. 1959 жылдың қыркүйек айында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында екі сот болған, яғни Қазалы қаласында халық сотының халық судьясы Айтбай Досымов, Қазалы аудандық халық сотының халық судьясы Әділбек Балымбетов жұмыс істеген. 1960 жылдың желтоқсан айында сайлау болып, Қазалы аудандық халық сотының халық судьялары болып Әбдіғани Тәжімбетов, Жұмабек Үсенов сайланған. 1970 жылдың желтоқсан айында сайлау болып, Қазалы аудандық халық сотының халық судьялары болып Ш.Өміртаев, Ж.Үсеновтер сайланған. 1974-1980 ж.ж. аралығында Қазалы аудандық халық сотының халық судьялары болып Нұрғабыл Жұбанғанов, Атабай Қызыров қызмет еткен. 1983 жылы Қазалы аудандық халық сотында судьялар Жакас Шерипов пен С.Құрманбаев қызмет атқарған. 1987 жылдан кейін Қазалы аудандық халық сотының судьялары болып Оспанов Бектай, Жаңаберген Құрмантаев, Алмас Тәжімбетов, Тілектес Сейітовтер қызмет істеген. 1994 жылдан бастап Қазалы аудандық сотының халық судьясы,1996 жылдан Қазалы аудандық сотының судьясы, 1999-2008 жылдар аралығында осы соттың төрағасы болып Абдыхалықов Нармағамбет қызмет еткен. Судья Жақыпов Мұхиядин Сқақұлы 1999-2009 жылдар аралығында аудандық соттың судьясы болып қызмет атқарып, 2009 жылы шілде айында зейнеткерлікке шыққан. 2008 жылдың желтоқсан айынан – 2011 жылдың ақпан айына дейін аудандық соттың төраға қызметін Жұбанғанов Мейрамбек Нұрғабылұлы атқарды. 2011 жылдың маусым айынан аудандық сот төрағасының қызметін Темірбаев Қайыркелді атқарып келеді. Сонымен қатар, аудандық соттың судьялары болып Аманбаева Нұрсәуле Рахманқызы 1998 жылдан, Сабыров Асхат Аббасұлы 2010 жылдан қазіргі күнге дейін абыроймен атқарып келеді. Қазіргі таңда аталған судьялармен бірге аудандық сотта 9 мемлекеттік қызметкер сот жүйесін дамытуға өз үлестерін қосып келеді.  Дереккөзі: Қазалы аудандық соты  
28.03.2013 10:28 5253

 

Ол баста Ресейдің шеткері аймақтарында әскери бекініс есебінде дүниеге келген Қазалы қаласы мен ауданның өзіндік бай салт-дәстүрлері бар. Жастайынан мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген Ғани Мұратбаевтың атындағы мұражайдағы құжаттарда сот жүйесі жөніндегі сараң деректер былайша сыр шертеді.

Қазалы аудандық халық соты 1924 жылы құрылған. Алғашқы құрылған жылы сотта 4 /төрт/ адам жұмыс істеген.Бірақ нақты сол жылдары кімдер қызмет атқарғандығы туралы мәліметтер сақталмаған.

Қазалы аудандық сотында осы уақытқа дейін қызмет атқарған судьялардың деректері:

22-тамыз 1927 жылғы №22 санды хаттама бойынша Қазалы уездік атқару комитетінің коммуналдық мекемесінде халық судьясы Д.Иманбаева қызмет атқарған.

№4 учаскесінің халық судьясы Баймухамедов №24 учаскесінің халық судьясы болып тағайындалып, қызмет атқарған.

Хамза Қожабергенов 18 тамыз 1927 жылы №23 учаскесінде халық судьясы қызмет атқарған.

1959 жылдың қыркүйек айында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында екі сот болған, яғни Қазалы қаласында халық сотының халық судьясы Айтбай Досымов, Қазалы аудандық халық сотының халық судьясы Әділбек Балымбетов жұмыс істеген.

1960 жылдың желтоқсан айында сайлау болып, Қазалы аудандық халық сотының халық судьялары болып Әбдіғани Тәжімбетов, Жұмабек Үсенов сайланған.

1970 жылдың желтоқсан айында сайлау болып, Қазалы аудандық халық сотының халық судьялары болып Ш.Өміртаев, Ж.Үсеновтер сайланған.

1974-1980 ж.ж. аралығында Қазалы аудандық халық сотының халық судьялары болып Нұрғабыл Жұбанғанов, Атабай Қызыров қызмет еткен.

1983 жылы Қазалы аудандық халық сотында судьялар Жакас Шерипов пен С.Құрманбаев қызмет атқарған.

1987 жылдан кейін Қазалы аудандық халық сотының судьялары болып Оспанов Бектай, Жаңаберген Құрмантаев, Алмас Тәжімбетов, Тілектес Сейітовтер қызмет істеген.

1994 жылдан бастап Қазалы аудандық сотының халық судьясы,1996 жылдан Қазалы аудандық сотының судьясы, 1999-2008 жылдар аралығында осы соттың төрағасы болып Абдыхалықов Нармағамбет қызмет еткен.

Судья Жақыпов Мұхиядин Сқақұлы 1999-2009 жылдар аралығында аудандық соттың судьясы болып қызмет атқарып, 2009 жылы шілде айында зейнеткерлікке шыққан.

2008 жылдың желтоқсан айынан – 2011 жылдың ақпан айына дейін аудандық соттың төраға қызметін Жұбанғанов Мейрамбек Нұрғабылұлы атқарды.

2011 жылдың маусым айынан аудандық сот төрағасының қызметін Темірбаев Қайыркелді атқарып келеді.

Сонымен қатар, аудандық соттың судьялары болып Аманбаева Нұрсәуле Рахманқызы 1998 жылдан, Сабыров Асхат Аббасұлы 2010 жылдан қазіргі күнге дейін абыроймен атқарып келеді.

Қазіргі таңда аталған судьялармен бірге аудандық сотта 9 мемлекеттік қызметкер сот жүйесін дамытуға өз үлестерін қосып келеді. 

Дереккөзі: Қазалы аудандық соты

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға