Жапон студенті халал мекемелер бойынша гид-қосымшасын ойлап тапты
Токионың Томоаки Сато (Tomoaki Sato) университетінің 19 жастағы физик студенті мұсылман емес елдерде халал орындарды табуға көмектесетін қалта телефонының қосымшасын ойлап тапты.
Ол Сауд Арабиясындағы Хұсейн есімді досының Жапонияда қоғамдық халал тамақтандыру орнын табуда қиындық көргенін және досының басынан өткен жағдайдың өзіне ой салғанын айтты. Осы ойдың жетегімен нарықты зерттеп көрмек болады. Ақыры Movida технологиялық компаниясының қолдауымен мұсылмандарға арналған қосымшаны ойлап тапты.
Жаңа қосымша онлайн режимінде халал мейрамханаларды немесе халал азық-түлік сататын дүкендерді табуға көмектеседі. Бұл жайында Halal Focus хабар таратты.
Оның айтуынша, бұл қосымшаны тегін пайдалануға болады әрі әркім оған жаңа халал қызмет көрсететін орындарды енгізе алады.
Жапонияда мұсылмандардың қатары шамамен 100 мың адамдай болады. Бұған қоса, жыл сайын бұл елге 100 мыңдай мұсылман келіп-кетеді екен.
Жапониядағы халал нарығының қаржы айналымы 1300 миллион долларды құрайды. Оның 400 миллионы онлайн нарығына тиесілі.
Ол жарнама берушілерді тартып, қосымшаның мүмкіндіктерін Америка, Қытай, Үндістан және Таиланд елдері үшін кеңейтуді көздеп отыр.
Бұған қоса, ол Васэда университеті жанындағы кәсіпкерлік саладағы зерттеу бөлімшесіне қарайтын алғашқы венчурлік фирманың бұл жобаға инвестиция құятынына сенім артып отыр.
«Мұсылман достарым жетерлік... менің бұл ойым оларға шынымен де ұнады», – деді студент.
muslim.kz