NASA: АҚШ аумағына метеорит құлауы ықтимал
28.03.2013 05:43
3224
«Жақын аптада астероидтың қаншалықты қауіпті және америкалықтарға нені күту керектігін нақты білетін боламыз. Дегенмен, қандай жағдай болмасын дұға тілей беру керек», - деді агенттік басшысы.
Мамандар белгісіз астероидты 22 наурызда АҚШ-тың шығыс жағалауының үстінен жалынды шар түрінде байқаған.
Бұның алдында 0,9 метрлік астероидқа «манхэттен» есімі берілген болатын. Оның ұшу траекториясына қарағанда, метеорит шынымен-ақ АҚШ-қа үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Алайда ғалымдар аспан денесінің құлауы екіталай екендігін алға тартып, америкалықтарды сабырға шақыруда. Себебі ірі көлемді астероидтар Жермен 1 мың жылда 1 рет соқтығысады екен.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға