Қазақстан спортшылары 2014 жылы өтетін Сочиде өттін XXII Қысқы Олимпиада ойындарына 30-ға жуық лицензия алып үлгерді, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметі.
«2012-2013 жылғы қысқы спорт маусымында спортшыларымыз зор жетістіктерге қол жеткізді. Шаңғы спортынан әлем чемпионатында Алексей Полторанин мен Николай Чебатько қола жүлде алды. Одан кейін Денис Тен мен Денис Кузин бізге ғаламат жеңіс әкелді. Мұның бәрі бұрын қазақ спорты тарихында болмаған көрсеткіш болды», – деді агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов.
Бұл аралықта осы жарыстардың бәрінің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» компаниясымен меморандум жасалды. Оның аясында спортшыларды әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына дайындауға үлкен қолдау көрсетіледі. Бұл ретте алдымен бапкерлерге алғыс айтқым келеді. Олардың табысқа сіңірген еңбектері өте үлкен», – деді ол. Төрағаның орынбасары алдағы маңызды міндет Сочидегі Олимпиадаға жан-жақты дайындалып, байрақты бәсекеде лайықты өнер көрсету екенін атап өтті.
Осы жерде тағы да еске түсіре кетейік, биылғы 11-17 наурыз күндері Канаданың Лондон деген шағын қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатында Денис Тен күміс медальге қол жеткізген болатын. Бұл- мәнерлеп сырғанаудан қазақ елі тарихынды тұңғыш күміс медаль. Осыны әкелген 19 жасар спортшы қысқа бағдарламада 91,56 ұпаймен екінші орын, еркін бағдарламада 174,92 ұпай жинап, бірінші орынға шықты. Қоссайыс қорытындысы бойынша 266,48 ұпаймен канадалық Патрик Чаннан кейін екінші сатыға табан тіреді. Рас, кейінірек бірқатар елдердің журналистері осы бәсекеде төрешілер тарапынан спортшылардың бағалары әділ берілмегенін көтерген жағдайы да орын алды. Олар қазылардың бүйрегі алаң иелесі – Чанға ерекше бұрылғанын алға тартып, оның алтын медаль алуына да осының негіз болғанын баяндады. Бұлардың пікірлерінше, бас жүлде талассыз Денис Тенге берілуге тиіс болатын. Дегенмен, біз үшін осы күміс медальдің өзінің ғаламат табыс болғанын тағы бір мәрте қайталап айтқымыз келеді.
Ал Ресейдің Сочи қаласында өткен конькиден әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Денис Кузин алтын медаль алды. Бұл – Қазақстанның әлем чемпионатында конькиден алған алғашқы алтын медалі. 23 жастағы Денис Кузин 2011 жылы қысқы Азия ойындарында 1500 метрге жүгіру жарысында чемпион атанған болатын. Ол сонымен бірге Ойындардың рекордын да жаңартқан еді.
Үстіміздегі жылы Италияда өткен шаңғы спортынаy әлем чемпионатында қазақстандықтар жақсы қырынан кқрінді. Мұнда біздің жерлестеріміз Алексей Полторанин мен Николай Чебатько командалық жарыста қола жүлде алды. Мұның өзін де тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бірінші осындай ірі жеңіс болып отырғанын атап өтуіміз керек.
Егемен Қазақстан.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға