Жаңалықтар

Музыка

Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 Музыка (грек. musіke, тура мағынасында “музалар өнері”) – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға өзінің үйлесімді ұйымдасқан сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнердің бір түрі. Өзінің эмоц. әсері арқылы М. адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстет. рөл атқарады. М. адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде М. оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоц. қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, М. адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. М-да дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Муз. шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоц. жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психол. хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да М-да ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде М-ның мүмкіндігі мол. Сондай-ақ М. идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді. Пластик. өнерден, әдебиеттен, театрдан айырмашылығы – ол образдарды түгелдей дыбыстық үн құралдары арқылы суреттейді. Алайда М-да табиғат көрінісін көркем бейнелеу кездесіп отырады. Мыс., табиғат үні (жел гуілі, судың гүрілі, құстың әні, т.б.), адамның дауысы, күнделікті өмірде кездесетін дыбыстар М-да азды-көпті көрініс табады. Сондай-ақ М-да заттардың сезім арқылы қабылданатын кейбір белгілері ассоциация (құс әнімен орман суретін меңзеу), аналогия (мелодияның байсалды, кең тынысты қозғалысынан жазық дала көрінісін елестету) және есту, көру сезімдері байланысының көмегімен қиялда қайта жаңғыру арқылы бейнелейді. Адамның муз. іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Олар – шығарм. (муз. шығарушылық), орындау, қабылдау. Яғни автор М-ны тудырса, орындаушы қайта жаңғыртады, ал тыңдаушы оны есту арқылы қабылдайды. М-ны насихаттау, ғыл. тұрғыда зерттеу, М. сыны, М. кадрларын даярлау сияқты іс-әрекеттің басқа да түрлерімен қосыла отырып, шығарм., орындаушылық өнер және қабылдау негізінен қоғамның М. мәдениеті болып қалыптасады. Осы секілді М. салаларының әрқайсысының өзіндік құрылысы болады. Мыс., дамыған муз. мәдениеттің алуан белгілерімен дараланатын шығарм. түрлері бар. Олар: 1) Мазмұны жағынан лирик., эпик., драм., қаһармандық, трагед., т.б.; басқаша айтқанда байсалды және жеңіл М.; 2) Орындаушылық жағынан: вокалдық және аспаптық немесе жеке адам орындайтын, ансамбльдік, оркестрлік, аралас М.; 3) Өнердің басқа түрлері және сөз өнерімен бірге: театр музыкасы, би музыкасы, бағдарламалы аспаптық, мелодрама (музыка фонында көркемсөз оқу) және сөзбен айтылатын вокалдық М.; 4) Дыбыс шығару ерекшелігімен байланысты арнайы жағдайда тыңдалатын М. (мұнда тыңдаушылар орындаушылардан бөлек болады), күнделікті өмірде дағдылы жағдайда көпшілік орындайтын әрі тыңдайтын М. Мұның алғашқысы ойын-сауық және концерттік М. болып бөлінсе, кейінгісі көпшілік-тұрмыстық және әдет-ғұрып М-сына жіктеледі. Осы 4 түрлі жанрлық топтың өзі одан әрі ойын-сауықтық М., яғни муз. театр, драм. театр және кино М-сы; концерттік – симф., камералық және эстрад. М.; көпшілік-тұрмыстық – ән және би М-сы; әдет-ғұрыптық – дін және дәстүрлі М., т.б. болып дараланады. Ал көпшілік-тұрмыстық музыкасынан ішінара ән (гимн, бесік жыры, серенада, т.б.), би (гопак, вальс, полонез, т.б.) және марш (сап маршы, қаралы марш) жанрлары бөлініп шығады; 5) Композиц. түрі және муз. тілі жағынан (орындаушылық тәсілдерімен қоса) бір бөлімді және циклдік жанрлар болады. Мыс., ойын-сауық М-сы: опера, балет, оперетта, т.б.; концерттік М.: симфония, сюита, увертюра, поэма, аспаптық концерт, оратория, кантата, трио, квартет, т.б. Әдет-ғұрып М-сынан хорал, месса, реквием, т.б. бөлінсе, осы жанрлардың әрқайсысы ішінара жанрлық түрлерге жіктеледі: Мыс., опера, оперетта, оратория, кантатада; ария, ансамбль, хор, балетте – адажио жеке биленетін вариация; симфония, соната, камер.-аспаптық ансамбльде анданте және скерцо, т.б. кездеседі. М-ның мазмұны, жанрлары, түрлері, мәнерлеу құралдары бірте-бірте байи түсті, 6 – 7 ғ-лардан Бат. Еуропада речитация (псалмодия) мен әннің (гимн) басын біріктірген диатоник. ладтар (григориан хоралы) негізінде нақты тәртіпке түсірілген бір дауысты шіркеу М-сының жүйесі қалыптасты. 1- және 2-мыңжылдықтар арасында көп дауыстылық туды. Вокалдық (хор шығармалары) және вокалды-аспаптық (хор мен орган) жаңа жанрлар (органум, мотет, кондукт, месса) қалыптаса бастады. 12 ғ-да Францияда Париж Құдай анасы ғибадатханасының жанынан тұңғыш композиторлық мектеп ашылды. Қайта өркендеу дәуірі қарсаңында кәсіби М-да көп дауыстылық бір дауыстылықты ығыстырды. Осы кезеңде Шығыста (Араб халифаты, Орта Азия елдері, Иран, Үндістан, Қытай, Жапония) М. мәдениетінің ерекше түрі (мұқам, мақам, раг, т.б.) қалыптасты. Қайта өркендеу дәуірінде (14 – 16 ғ-лар) Бат. және Орт. Еуропада гуманистік бағытта өркендеп, адамның ішкі жан дүниесін және айналадағы шындықты бейнелеудегі М-ның эстет. және танымдық функциясы алдыңғы орынға шықты. Кәсіби М-да диатоник. негіздегі көп дауысты хор капелласы месса мен мотет жанрында өзінің шарықтау шегіне жетті. Аспаптық М. даралана бастады. М. туралы ғыл. ойлар жанданып, муз.-теор. трактаттар жазылды. Италияда тұңғыш фортепьяно (1709, Б.Кристофори) жасалды, нота басып шығару және муз. білім беру ісі өрістеді. М. ғылымынан М. сыны (И.Маттезон, Германия, 18 ғ-дың басы) бөлініп шықты. Композиторлық шығарм. барокко, рококо, классицизм нақыштарының әсерінде дамыды. Муз. мәдениетте опера (Италия, Франция, Англия), оратория (Италия, Германия, Англия), кантата жетекші орынға көтерілді. Осы кезеңнің соңында муз. жанр ретінде қазіргі симфониялар мен сонаталар, сондай-ақ балеттік шығармалар қалыптаса бастады. Ресейде Петр І реформасы кезінде қала тұрмысын бейнелейтін М. жанданды. 18 ғ-дың ортасы мен 19 ғ-дың басында Еуропа М-сы ағартушылық және ұлы француз төңкерісі идеяларының әсерінде дамыды. Бұл жағдайлар көпшілік-тұрмыс М-сын (марштар, қаһармандық әндер, олардың ішінде “Марсельеза”, көпшілік мейрамдары мен салт-жора М-сы) тудырды. Жоғ. этик. мұраттар, адамдардың теңдігін, ақыл-ойды уағыздаған ағартушылық М-лық бағыт (К.В. Глюк, И.Гайдн, В.А. Моцарт, Л.Бетховен) басты орын алды. Демокр. жанрдағы комедиялық операның ұлттық түрлері (Дж.Перголези, Ж.Ж. Руссо, А.Гретри, Гайдн, Моцарт, В.А. Пашкевич, Е.И. Фомин) дамыды. Дербес жанр ретінде балет М-сы (Глюк, Бетховен) бөлініп шықты. Гайдн, Моцарт, Бетховен шығарм-нда симфония жанры классик. дәрежеге көтеріліп, сонаталық аллегро мен камералық-аспаптық ансамбльдің классик. түрі қалыптасты. Орыс (негізін салушы М.И. Глинка), поляк (Ф.Шопен, С.Монюшко), чех (Б.Сметана, А.Дворжак), венгер (Ф.Эркель, Ф.Лист), норвег (Э. Григ) композиторлары мектебі өркен жая бастады. 19 ғ-дың 1 жартысында бірқатар Еуропа елдерінің композиторлары (Э.Гофман, К.Вебер, Ф.Шуберт, Ф.Мендельсон, Р.Шуман, Г.Берлиоз, Лист, Шопен) шығарм-нда романтизм бағыты нығайды. Бағдарламалық М., аспаптық миниатюра, романс, камералық-вокалдық цикл өрістеді. Италияда комедиялық (Дж.Россини), лирик. (В.Беллини, Г.Доницетти), қаһармандық (Дж.Верди) опералар шарықтау шыңына жетті. Ресейде ұлттық классик. М. қалыптасты. 19 ғ-дың ортасы мен 2-жартысында бірқатар Еуропа композиторлары опера (Р.Вагнер), симфония (А.Брукнер, Дворжак), бағдарламалы-аспаптық М-да (Лист, Э.Григ) романтик. бағытты одан әрі өрістетті. Италиялықтар (Верди) мен француздар (Ш.Гуно, Ж.Бизе, Ж.Массне) операсы мен балеті (Л.Делиб), поляк және чех (Монюшко, Сметана) операсы романтик. дәстүрмен байланысын сақтай отырып, дербес шығарм. жолмен дамыды. Бірқатар Бат. Еуропа (Верди, Бизе, Х.Вольф, т.б.) және орыс композиторларының (“Құдіретті топ” композиторлары – М.А. Балакирев, А.П. Бородин, М.П. Мусоргский, Н.А. Римский-Корсаков, Ц.А. Кюи) шығарм-нда реализм бағыты күшейе түсті. 19 ғ-дың аяғы және 20 ғ-дың басында Германия мен Австрияда романтик. симфонизм (Г.Малер, Р.Штраус) кезеңі аяқталып, муз. экспрессионизм (А.Шенберг), Францияда импрессионизм (К.Дебюсси, М.Равель), Ресейде символизм (А.Н. Скрябин) туды. Украина, Грузия Армения, Әзербайжан, Эстония, Латвия, Литва, Финляндия, т.б. елдерде ұлттық классик. М-ның іргетасы қаланды. 19 ғ-дың ортасында Бат. Еуропада жаңа муз. театр жанры – оперетта қалыптасты. М-ның өзгеше бір саласы ретінде эстрад. музыка туды. ұыл.-тех. прогресс (кино, радио, телевизия, дыбыс жазу студиясы) М. өнеріне елеулі әсер етті. 20 ғ-дағы еур. елдер композиторларының шығарм. нақыштық ағымдарының (экспрессионизм, неоклассицизм, т.б.) алуан түрлілігімен ерекшеленді. 50-жылдарда классик. дәстүрден бөлек, электронды М-ны таратушы авангардизм ағымы туды. 20 ғ-дағы дүниежүз. М-ға тән ерекшеліктің бірі дамып келе жатқан Азия, Африка, Лат. Амер. елдері муз. мәдениетінің жедел өсуі, оның еур. мәдениетпен жақындасуы және бір-біріне әсер етуі еді. 20 ғ-да КСРО-да муз. шығармалар мен көркемөнерпаздардың орындаушылық шеберлігі және фольклор кәсіби өнермен ұштаса отырып, жан-жақты дами түсті. Барлық халықтар өздерінің ұлттық М-сын жан-жақты өрістетуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар олар дүниежүз. кәсіби өнерден үлгі ала отырып, опера, симфония, балет, оратория жанрларын игерді. 20 ғ-дағы дүниежүз. муз. мәдениетте жетекші рөл атқарған көрнекті композиторлар Н.Я. Мясковский, Ю.А. Шапорин, Г.В. Свиридов (Ресей); Н.Г. Жиганов (Татарстан); Г.Гасанов, Ш.Чалаев (Дағыстан); Л.Н. Ревуцкий, Б.Н. Лятошинский (Украина); Е.К. Тикоцкий (Белоруссия); А.Д. Мачавариана, О.В. Тактакишвили (Грузия); К.Караев, Ф.Амиров (Әзербайжан); А.И. Хачатурян, А.Г. Арутюнян (Армения); Е.Г. Брусиловский, А.Жұбанов, ұ.Жұбанова, Қ.Қожамияров, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев, М.Төлебаев, Л.Хамиди (Қазақстан); М.Бұрханов (Өзбекстан); У.Мұхатов (Түрікменстан); Э.Капп, Г.Эрнесакс (Эстония); М.Заринь (Латвия); Б.Дварионас (Литва), орындаушылар (Е.М. Мравинский, Е.Ф. Светланов, Г.Н. Рождественский, Л.В. Собинов, А.В. Нежданова, Н.А. Обухова, А.С. Пирогов, И.С. Козловский, С.Я. Лемешев, З.А. Долуханова, К.Байсейітова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Р.Бағланова) мен муз. зерттеушілерін (Б.В. Асафьев, А.В. Оссовский, И.И. Соллертинский, Жұбанов, А.В. Затаевич, Б.Г. Ерзакович, т.б.) тәрбиелеп шығарды. Өнердің халықтық принциптерін ұстанған реализм әдісі М-ның идеялық-эстет. негізі болып табылды. Осыған орай М-да көптеген дәстүрлі муз. жанрлар жаңа мазмұнға ие болды. Опера, балет, симфония классик. монументті формасын сақтай отырып, жаңа заман талаптарына сай іштей қайта құрылды. Тарихи және халықтық-патриоттық тақырыптың әсерінде хор және вокалдық-симф. М. (оратория, кантата, поэма) гүлденді. Романс жанрының өріс алуына мүмкіндік туды. Ән (көпшілік және тұрмыс-салт әндері) – кәсіби композиторлық шығарм-тың жаңа жанры болып, ол көпшілік қалың бұқараның өмірінде үлкен рөл атқарды. ТМД елдерінің фольклорлық дәстүрі одан әрі дамыды; көптеген жаңа интонациялар мен мәнерлеу құралдарын бойына сіңіре отырып, ұлттық муз. нақыштар байып, елеулі өзгеріске түсті; қ. Қазақ музыкасы. Т. Қоңыратбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том
08.11.2012 12:05 8111

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

Музыка (грек. musіke, тура мағынасында “музалар өнері”) – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға өзінің үйлесімді ұйымдасқан сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнердің бір түрі. Өзінің эмоц. әсері арқылы М. адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстет. рөл атқарады. М. адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде М. оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоц. қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, М. адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. М-да дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Муз. шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоц. жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психол. хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да М-да ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде М-ның мүмкіндігі мол. Сондай-ақ М. идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді. Пластик. өнерден, әдебиеттен, театрдан айырмашылығы – ол образдарды түгелдей дыбыстық үн құралдары арқылы суреттейді. Алайда М-да табиғат көрінісін көркем бейнелеу кездесіп отырады. Мыс., табиғат үні (жел гуілі, судың гүрілі, құстың әні, т.б.), адамның дауысы, күнделікті өмірде кездесетін дыбыстар М-да азды-көпті көрініс табады. Сондай-ақ М-да заттардың сезім арқылы қабылданатын кейбір белгілері ассоциация (құс әнімен орман суретін меңзеу), аналогия (мелодияның байсалды, кең тынысты қозғалысынан жазық дала көрінісін елестету) және есту, көру сезімдері байланысының көмегімен қиялда қайта жаңғыру арқылы бейнелейді. Адамның муз. іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Олар – шығарм. (муз. шығарушылық), орындау, қабылдау. Яғни автор М-ны тудырса, орындаушы қайта жаңғыртады, ал тыңдаушы оны есту арқылы қабылдайды. М-ны насихаттау, ғыл. тұрғыда зерттеу, М. сыны, М. кадрларын даярлау сияқты іс-әрекеттің басқа да түрлерімен қосыла отырып, шығарм., орындаушылық өнер және қабылдау негізінен қоғамның М. мәдениеті болып қалыптасады. Осы секілді М. салаларының әрқайсысының өзіндік құрылысы болады. Мыс., дамыған муз. мәдениеттің алуан белгілерімен дараланатын шығарм. түрлері бар. Олар: 1) Мазмұны жағынан лирик., эпик., драм., қаһармандық, трагед., т.б.; басқаша айтқанда байсалды және жеңіл М.; 2) Орындаушылық жағынан: вокалдық және аспаптық немесе жеке адам орындайтын, ансамбльдік, оркестрлік, аралас М.; 3) Өнердің басқа түрлері және сөз өнерімен бірге: театр музыкасы, би музыкасы, бағдарламалы аспаптық, мелодрама (музыка фонында көркемсөз оқу) және сөзбен айтылатын вокалдық М.; 4) Дыбыс шығару ерекшелігімен байланысты арнайы жағдайда тыңдалатын М. (мұнда тыңдаушылар орындаушылардан бөлек болады), күнделікті өмірде дағдылы жағдайда көпшілік орындайтын әрі тыңдайтын М. Мұның алғашқысы ойын-сауық және концерттік М. болып бөлінсе, кейінгісі көпшілік-тұрмыстық және әдет-ғұрып М-сына жіктеледі. Осы 4 түрлі жанрлық топтың өзі одан әрі ойын-сауықтық М., яғни муз. театр, драм. театр және кино М-сы; концерттік – симф., камералық және эстрад. М.; көпшілік-тұрмыстық – ән және би М-сы; әдет-ғұрыптық – дін және дәстүрлі М., т.б. болып дараланады. Ал көпшілік-тұрмыстық музыкасынан ішінара ән (гимн, бесік жыры, серенада, т.б.), би (гопак, вальс, полонез, т.б.) және марш (сап маршы, қаралы марш) жанрлары бөлініп шығады; 5) Композиц. түрі және муз. тілі жағынан (орындаушылық тәсілдерімен қоса) бір бөлімді және циклдік жанрлар болады. Мыс., ойын-сауық М-сы: опера, балет, оперетта, т.б.; концерттік М.: симфония, сюита, увертюра, поэма, аспаптық концерт, оратория, кантата, трио, квартет, т.б. Әдет-ғұрып М-сынан хорал, месса, реквием, т.б. бөлінсе, осы жанрлардың әрқайсысы ішінара жанрлық түрлерге жіктеледі: Мыс., опера, оперетта, оратория, кантатада; ария, ансамбль, хор, балетте – адажио жеке биленетін вариация; симфония, соната, камер.-аспаптық ансамбльде анданте және скерцо, т.б. кездеседі.

М-ның мазмұны, жанрлары, түрлері, мәнерлеу құралдары бірте-бірте байи түсті, 6 – 7 ғ-лардан Бат. Еуропада речитация (псалмодия) мен әннің (гимн) басын біріктірген диатоник. ладтар (григориан хоралы) негізінде нақты тәртіпке түсірілген бір дауысты шіркеу М-сының жүйесі қалыптасты. 1- және 2-мыңжылдықтар арасында көп дауыстылық туды. Вокалдық (хор шығармалары) және вокалды-аспаптық (хор мен орган) жаңа жанрлар (органум, мотет, кондукт, месса) қалыптаса бастады. 12 ғ-да Францияда Париж Құдай анасы ғибадатханасының жанынан тұңғыш композиторлық мектеп ашылды. Қайта өркендеу дәуірі қарсаңында кәсіби М-да көп дауыстылық бір дауыстылықты ығыстырды. Осы кезеңде Шығыста (Араб халифаты, Орта Азия елдері, Иран, Үндістан, Қытай, Жапония) М. мәдениетінің ерекше түрі (мұқам, мақам, раг, т.б.) қалыптасты. Қайта өркендеу дәуірінде (14 – 16 ғ-лар) Бат. және Орт. Еуропада гуманистік бағытта өркендеп, адамның ішкі жан дүниесін және айналадағы шындықты бейнелеудегі М-ның эстет. және танымдық функциясы алдыңғы орынға шықты. Кәсіби М-да диатоник. негіздегі көп дауысты хор капелласы месса мен мотет жанрында өзінің шарықтау шегіне жетті. Аспаптық М. даралана бастады. М. туралы ғыл. ойлар жанданып, муз.-теор. трактаттар жазылды. Италияда тұңғыш фортепьяно (1709, Б.Кристофори) жасалды, нота басып шығару және муз. білім беру ісі өрістеді. М. ғылымынан М. сыны (И.Маттезон, Германия, 18 ғ-дың басы) бөлініп шықты. Композиторлық шығарм. барокко, рококо, классицизм нақыштарының әсерінде дамыды. Муз. мәдениетте опера (Италия, Франция, Англия), оратория (Италия, Германия, Англия), кантата жетекші орынға көтерілді. Осы кезеңнің соңында муз. жанр ретінде қазіргі симфониялар мен сонаталар, сондай-ақ балеттік шығармалар қалыптаса бастады. Ресейде Петр І реформасы кезінде қала тұрмысын бейнелейтін М. жанданды. 18 ғ-дың ортасы мен 19 ғ-дың басында Еуропа М-сы ағартушылық және ұлы француз төңкерісі идеяларының әсерінде дамыды. Бұл жағдайлар көпшілік-тұрмыс М-сын (марштар, қаһармандық әндер, олардың ішінде “Марсельеза”, көпшілік мейрамдары мен салт-жора М-сы) тудырды. Жоғ. этик. мұраттар, адамдардың теңдігін, ақыл-ойды уағыздаған ағартушылық М-лық бағыт (К.В. Глюк, И.Гайдн, В.А. Моцарт, Л.Бетховен) басты орын алды. Демокр. жанрдағы комедиялық операның ұлттық түрлері (Дж.Перголези, Ж.Ж. Руссо, А.Гретри, Гайдн, Моцарт, В.А. Пашкевич, Е.И. Фомин) дамыды. Дербес жанр ретінде балет М-сы (Глюк, Бетховен) бөлініп шықты. Гайдн, Моцарт, Бетховен шығарм-нда симфония жанры классик. дәрежеге көтеріліп, сонаталық аллегро мен камералық-аспаптық ансамбльдің классик. түрі қалыптасты. Орыс (негізін салушы М.И. Глинка), поляк (Ф.Шопен, С.Монюшко), чех (Б.Сметана, А.Дворжак), венгер (Ф.Эркель, Ф.Лист), норвег (Э. Григ) композиторлары мектебі өркен жая бастады. 19 ғ-дың 1 жартысында бірқатар Еуропа елдерінің композиторлары (Э.Гофман, К.Вебер, Ф.Шуберт, Ф.Мендельсон, Р.Шуман, Г.Берлиоз, Лист, Шопен) шығарм-нда романтизм бағыты нығайды. Бағдарламалық М., аспаптық миниатюра, романс, камералық-вокалдық цикл өрістеді. Италияда комедиялық (Дж.Россини), лирик. (В.Беллини, Г.Доницетти), қаһармандық (Дж.Верди) опералар шарықтау шыңына жетті. Ресейде ұлттық классик. М. қалыптасты. 19 ғ-дың ортасы мен 2-жартысында бірқатар Еуропа композиторлары опера (Р.Вагнер), симфония (А.Брукнер, Дворжак), бағдарламалы-аспаптық М-да (Лист, Э.Григ) романтик. бағытты одан әрі өрістетті. Италиялықтар (Верди) мен француздар (Ш.Гуно, Ж.Бизе, Ж.Массне) операсы мен балеті (Л.Делиб), поляк және чех (Монюшко, Сметана) операсы романтик. дәстүрмен байланысын сақтай отырып, дербес шығарм. жолмен дамыды. Бірқатар Бат. Еуропа (Верди, Бизе, Х.Вольф, т.б.) және орыс композиторларының (“Құдіретті топ” композиторлары – М.А. Балакирев, А.П. Бородин, М.П. Мусоргский, Н.А. Римский-Корсаков, Ц.А. Кюи) шығарм-нда реализм бағыты күшейе түсті. 19 ғ-дың аяғы және 20 ғ-дың басында Германия мен Австрияда романтик. симфонизм (Г.Малер, Р.Штраус) кезеңі аяқталып, муз. экспрессионизм (А.Шенберг), Францияда импрессионизм (К.Дебюсси, М.Равель), Ресейде символизм (А.Н. Скрябин) туды. Украина, Грузия Армения, Әзербайжан, Эстония, Латвия, Литва, Финляндия, т.б. елдерде ұлттық классик. М-ның іргетасы қаланды. 19 ғ-дың ортасында Бат. Еуропада жаңа муз. театр жанры – оперетта қалыптасты. М-ның өзгеше бір саласы ретінде эстрад. музыка туды. ұыл.-тех. прогресс (кино, радио, телевизия, дыбыс жазу студиясы) М. өнеріне елеулі әсер етті. 20 ғ-дағы еур. елдер композиторларының шығарм. нақыштық ағымдарының (экспрессионизм, неоклассицизм, т.б.) алуан түрлілігімен ерекшеленді. 50-жылдарда классик. дәстүрден бөлек, электронды М-ны таратушы авангардизм ағымы туды. 20 ғ-дағы дүниежүз. М-ға тән ерекшеліктің бірі дамып келе жатқан Азия, Африка, Лат. Амер. елдері муз. мәдениетінің жедел өсуі, оның еур. мәдениетпен жақындасуы және бір-біріне әсер етуі еді. 20 ғ-да КСРО-да муз. шығармалар мен көркемөнерпаздардың орындаушылық шеберлігі және фольклор кәсіби өнермен ұштаса отырып, жан-жақты дами түсті. Барлық халықтар өздерінің ұлттық М-сын жан-жақты өрістетуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар олар дүниежүз. кәсіби өнерден үлгі ала отырып, опера, симфония, балет, оратория жанрларын игерді. 20 ғ-дағы дүниежүз. муз. мәдениетте жетекші рөл атқарған көрнекті композиторлар Н.Я. Мясковский, Ю.А. Шапорин, Г.В. Свиридов (Ресей); Н.Г. Жиганов (Татарстан); Г.Гасанов, Ш.Чалаев (Дағыстан); Л.Н. Ревуцкий, Б.Н. Лятошинский (Украина); Е.К. Тикоцкий (Белоруссия); А.Д. Мачавариана, О.В. Тактакишвили (Грузия); К.Караев, Ф.Амиров (Әзербайжан); А.И. Хачатурян, А.Г. Арутюнян (Армения); Е.Г. Брусиловский, А.Жұбанов, ұ.Жұбанова, Қ.Қожамияров, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев, М.Төлебаев, Л.Хамиди (Қазақстан); М.Бұрханов (Өзбекстан); У.Мұхатов (Түрікменстан); Э.Капп, Г.Эрнесакс (Эстония); М.Заринь (Латвия); Б.Дварионас (Литва), орындаушылар (Е.М. Мравинский, Е.Ф. Светланов, Г.Н. Рождественский, Л.В. Собинов, А.В. Нежданова, Н.А. Обухова, А.С. Пирогов, И.С. Козловский, С.Я. Лемешев, З.А. Долуханова, К.Байсейітова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Р.Бағланова) мен муз. зерттеушілерін (Б.В. Асафьев, А.В. Оссовский, И.И. Соллертинский, Жұбанов, А.В. Затаевич, Б.Г. Ерзакович, т.б.) тәрбиелеп шығарды. Өнердің халықтық принциптерін ұстанған реализм әдісі М-ның идеялық-эстет. негізі болып табылды. Осыған орай М-да көптеген дәстүрлі муз. жанрлар жаңа мазмұнға ие болды. Опера, балет, симфония классик. монументті формасын сақтай отырып, жаңа заман талаптарына сай іштей қайта құрылды. Тарихи және халықтық-патриоттық тақырыптың әсерінде хор және вокалдық-симф. М. (оратория, кантата, поэма) гүлденді. Романс жанрының өріс алуына мүмкіндік туды. Ән (көпшілік және тұрмыс-салт әндері) – кәсіби композиторлық шығарм-тың жаңа жанры болып, ол көпшілік қалың бұқараның өмірінде үлкен рөл атқарды. ТМД елдерінің фольклорлық дәстүрі одан әрі дамыды; көптеген жаңа интонациялар мен мәнерлеу құралдарын бойына сіңіре отырып, ұлттық муз. нақыштар байып, елеулі өзгеріске түсті; қ. Қазақ музыкасы.

Т. Қоңыратбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға