Жаңалықтар

Биыл бизнесмендер 9 түрлі бағдарлама бойынша инновациялық гранттар алады

«Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттігі» АҚ 2013 жылға арналған инновациялық гранттар беру бағдарламасының іске қосылғандығын жария етті. Агенттік басқармасы төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин мұның «Индустриалық-инновациялық қызметті мемлекетті қолдау туралы» заңның күшіне енуіне орай болып отырғанын мәлімдеді. Ендігі жерде жаңалық иелері инновациялық гранттардың 9 түрі бойынша қолдау алады. Мәселен, кәсібін енді бастаған жас бизнесмендер бастапқы кезеңде 50 млн. теңгеге дейін ала алса, технологияларды коммерциялауға 30 млн. теңгеге дейін, өндірістік зерттеулерге 30 млн. теңгеге дейін, ал шетелдік және өңірлік патенттік ұйымдардың патентін алуға 6 млн. 250 мың теңгеге дейін грант беріледі. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар басқарушылық өндірістік технологиялар енгізуге 15 млн. теңгеге дейін, шетелде инженерлік-техникалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 2 млн. теңгеге дейін, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға 9 млн. теңгеге дейін, консалтингтік жобалау және инжинирингтік ұйымдарды тартуға 35 млн. теңгеге дейін, ал технология сатып алуға 150 млн. теңгеге дейін грант ала алады. Егемен Қазақстан.
28.03.2013 05:22 2708

«Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттігі» АҚ 2013 жылға арналған инновациялық гранттар беру бағдарламасының іске қосылғандығын жария етті. Агенттік басқармасы төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин мұның «Индустриалық-инновациялық қызметті мемлекетті қолдау туралы» заңның күшіне енуіне орай болып отырғанын мәлімдеді.

Ендігі жерде жаңалық иелері инновациялық гранттардың 9 түрі бойынша қолдау алады. Мәселен, кәсібін енді бастаған жас бизнесмендер бастапқы кезеңде 50 млн. теңгеге дейін ала алса, технологияларды коммерциялауға 30 млн. теңгеге дейін, өндірістік зерттеулерге 30 млн. теңгеге дейін, ал шетелдік және өңірлік патенттік ұйымдардың патентін алуға 6 млн. 250 мың теңгеге дейін грант беріледі.
Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар басқарушылық өндірістік технологиялар енгізуге 15 млн. теңгеге дейін, шетелде инженерлік-техникалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 2 млн. теңгеге дейін, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға 9 млн. теңгеге дейін, консалтингтік жобалау және инжинирингтік ұйымдарды тартуға 35 млн. теңгеге дейін, ал технология сатып алуға 150 млн. теңгеге дейін грант ала алады.

Егемен Қазақстан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға