1974-1997 жылдарға дейін
Төлеухан Ғаниев 1974 жылдан 1976 жылға дейін Арал аудандық халық сотының судьясы қызметін атқарды, 1976 жылдан 1986 жылдар аралығында осы халық сотының төрағасы қызметін атқарды.
1976-77 жылдары Әбуталипов Әбен Арал аудандық халық сотының судьясы болып қызмет атқарды.
1977-1982 жылдары Шерипов Жахас Арал аудандық халық сотының судьясы қызметін атқарды. Ж.Шерипов 1982 жылы Қазалы аудандық халық сотының судьясы қызметіне ауысты.
1982-1984 жылдары Байбазаров Асылбек Арал аудандық халық сотының судьясы қызметін атқарды.
1985-1988 жылдары Ырысбеков Шазатхан Арал аудандық халық сотының судьясы қызметін атқарды. Ж.Ырысбеков 1953 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген, 1988 жылы Жаңақорған ауданы халық сотының төрағасы қызметіне ауысты.
1989-1991 жылдар аралығында Бесбаева Нұргүлсім Арал аудандық халық сотының судьясы қызметін атқарды.
1986-1993 жылдар аралығында Жұбанғанов Нұрғабыл Арал аудандық халық сотының төрағасы қызметін атқарды. Н.Жұбанғанов 1932 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген, 1993 жылы зейнеткерлікке шықты.
1992 жылы Тәжімбетов Алмас Арал аудандық халық сотының судьясы болды. А.Тәжімбетов 1959 жылы Қазалы ауданында туған. 1993 жылдан бастап 2002 жылға дейін Арал аудандық сотының төрағасы қызметін атқарды. 2002 жылдың мамыр айында Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалған.
Жылгелдиев Төребек 1993-1999 жылдар аралығында Арал аудандық сотының судьясы қызметін атқарды. 1999 жылы Қазалы аудандық сотының судьясы қызметіне ауысты.
Әбдіхалықов Нұрмағанбет 1993-1994 жылдар аралығында Арал аудандық халық сотының судьясы қызметін атқарды. Н.Әбдіхалықов 1951 жылы Арал ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Қазалы ауданына судья болып ауысты. Қазіргі уақытта Қазалы аудандық сотының төрағасы.
Ахметхалиев Серік 1994-1996 жылдар аралығында Арал аудандық сотының судьясы қызметін атқарды.
Арал аудандық сотында қызмет атқарған судьялардың бірі Алданов Арыстан Дабылұлы, ол 20 ақпан 1957 жылы Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық кеңесінде дүниеге келді. 1974 жылы Арал қаласындағы № 13 қазақ орта мектебін бітіріп, 1975-1977 жылдары Кеңес Армиясы қатарында Отан алдындағы борышын өтеді. А.Алданов еңбек жолын “Аралтұз” комбинатында қатардағы жұмысшыдан бастады. Алматы қаласындағы вагон жөндеу зауытында жұмысшы болды. Осы уақыттары Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіріп, Қызылорда қаласындағы № 1 кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1987 жылдан бастап Арал ауданындағы нотариалдық кеңсесінде нотариус болып қызмет етті. 1994 жылы Тереңөзек ауданында судья, ал 1996 жылдан бастап 1998 жылы жұмыс бабында қайтыс болғанша Арал аудандық сотының судьясы қызметін атқарды.
Дереккөзі: Арал аудандық соты