Рим Папасы Франциск папалар тұратын ресми сарайға жайғасудан бас тартты
27.03.2013 12:35
3126
Ватикан өкілі Федерико Ломбарди Католик шіркеуінің жаңа басшысы сарай қабырғалары артына тығылмай, халыққа жақын болғысы келетінін айтып отыр. Айта кету керек, ол жүз жыл ішінде ең алғаш папалар тұратын сарайдан бас тартқан понтифик болып саналады.
Бұған дейін Рим папасы SCV1 нөмірі бар қара лимузиннен бас тартқан болатын. Сондай-ақ, резиденциясындағы тақты қарапайым орындыққа ауыстыруды сұрап, ортақ асханада түстенуді қалайды екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада демалыс күндері күн жылынады
Келесі жаңалық
Қызылордада мұғалім кісі қолынан қаза тапты – БАҚ