Жаңалықтар

Марғұлан Әлкей Хақанұлы

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Марғұлан Әлкей Хақанұлы – ғалым, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы‚ шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымдарының докторы (1945), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым Академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының (1967), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1982) лауреаты. 1904 ж. 11-мамырда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бастапқы білімді ауыл мектебінен алды. Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып істеді. 1921 – 25 ж. Семей педагогикалық техникумында оқи жүріп, “Таң” журналы мен “Қазақ тілі” газетінің редакцияларында қызмет атқарды. Осы жылдары ол Мұхтар Әуезовпен‚ Мағжан Жұмабаевпен танысты. 1925 – 29 ж. Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Шығыстану институтында оқыды. 1930 – 31 ж. Терминологиялық комиссияның ғалым хатшысы, 1931 – 35 ж. Ленинградта аспирант‚ әрі Шығыстану институтының оқытушысы, 1936 – 38 ж. Мәскеудегі материалдық мәдениет тарихы институтының ғылыми қызметкері болды. 1939 – 41 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі Тарих институтының аға ғылыми қызметкері болды. 1941 ж. КСРО Ғылым Академиясы Қазақ бөлімшесінің тарих бөлімін басқарды. Осы қызметте жүріп “Хандар жарлығының тарихи маңызы” деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертациясында көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады (1943). 1945 ж. “Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары” тақырыбында қорғаған докторлық диссертациясы қазақ әдебиеті мен тарихы саласындағы іргелі зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. 1946 – 53 ж. Археология, палеолит бөлімінің меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, 1958 – 76 ж. этнография бөлімін басқарды. Осы жылдары ол Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орнына қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде “Көне қазақ жерінің қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы” деп аталатын монографиясын жариялады (1950). 1957 – 67 ж. Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа (Мұхтар Әуезов, Сақтаған Бәйішев, Сәбит Мұқанов, Қаныш Сәтбаев, Ақай Нүсіпбековпен бірге) басшылық етіп, оның таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды. 1976 – 84 ж. Қазақстан Ғылым Академиясы этнография бөлімінің аға ғылыми қызметкері болды. Ол өзіне дейінгі Қазақстанды зерттеуші орыс ғалымдарының қазақ даласы тек көшпелілер мекені болды деген тұжырымдарының шындыққа сай келмейтіндігін дәлелдеді. 300-ден астам ғылыми зерттеу жұмыстар, 100-ден астам мақалалар жазды‚ сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бірнеше буынын дайындады. Ғылыми еңбектерінің бірқатары шет тілдеріне аударылған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы” ордендерімен және медальдармен марапатталды. 1985 ж. 12 қаңтарда Алматыда қайтыс болды. 1991 ж. Ә.Марғұлан атындағы Археология институты құрылды. Бірнеше көшелер, мектептер Ә.Марғұлан есімімен аталады. Павлодар қаласында мүсіні орнатылған‚ сондай-ақ мұражай ашылған. Туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтілді (2004).
08.11.2012 12:03 12813

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Марғұлан Әлкей Хақанұлы – ғалым, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы‚ шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымдарының докторы (1945), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым Академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының (1967), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1982) лауреаты. 1904 ж. 11-мамырда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бастапқы білімді ауыл мектебінен алды. Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып істеді. 1921 – 25 ж. Семей педагогикалық техникумында оқи жүріп, “Таң” журналы мен “Қазақ тілі” газетінің редакцияларында қызмет атқарды. Осы жылдары ол Мұхтар Әуезовпен‚ Мағжан Жұмабаевпен танысты. 1925 – 29 ж. Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Шығыстану институтында оқыды. 1930 – 31 ж. Терминологиялық комиссияның ғалым хатшысы, 1931 – 35 ж. Ленинградта аспирант‚ әрі Шығыстану институтының оқытушысы, 1936 – 38 ж. Мәскеудегі материалдық мәдениет тарихы институтының ғылыми қызметкері болды. 1939 – 41 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі Тарих институтының аға ғылыми қызметкері болды. 1941 ж. КСРО Ғылым Академиясы Қазақ бөлімшесінің тарих бөлімін басқарды. Осы қызметте жүріп “Хандар жарлығының тарихи маңызы” деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертациясында көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады (1943). 1945 ж. “Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары” тақырыбында қорғаған докторлық диссертациясы қазақ әдебиеті мен тарихы саласындағы іргелі зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. 1946 – 53 ж. Археология, палеолит бөлімінің меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, 1958 – 76 ж. этнография бөлімін басқарды. Осы жылдары ол Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орнына қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде “Көне қазақ жерінің қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы” деп аталатын монографиясын жариялады (1950). 1957 – 67 ж. Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа (Мұхтар Әуезов, Сақтаған Бәйішев, Сәбит Мұқанов, Қаныш Сәтбаев, Ақай Нүсіпбековпен бірге) басшылық етіп, оның таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды. 1976 – 84 ж. Қазақстан Ғылым Академиясы этнография бөлімінің аға ғылыми қызметкері болды. Ол өзіне дейінгі Қазақстанды зерттеуші орыс ғалымдарының қазақ даласы тек көшпелілер мекені болды деген тұжырымдарының шындыққа сай келмейтіндігін дәлелдеді. 300-ден астам ғылыми зерттеу жұмыстар, 100-ден астам мақалалар жазды‚ сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бірнеше буынын дайындады. Ғылыми еңбектерінің бірқатары шет тілдеріне аударылған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы” ордендерімен және медальдармен марапатталды. 1985 ж. 12 қаңтарда Алматыда қайтыс болды. 1991 ж. Ә.Марғұлан атындағы Археология институты құрылды. Бірнеше көшелер, мектептер Ә.Марғұлан есімімен аталады. Павлодар қаласында мүсіні орнатылған‚ сондай-ақ мұражай ашылған. Туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтілді (2004).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға