Жаңалықтар

Көроғлы

Соңғы редакциялау: 19 қазан 2012    “Көроғлы”, Көрұғлы, Көрғұлы – қаһармандық халық эпосы. Орта Азия, Таяу Шығыс, Кавказ халықтарына ортақ фольклорлық ескерткішке айналған жырдың түрлі нұсқалары түрікмен, қарақалпақ, өзбек, құмық, әзербайжан халықтарында кездеседі. Алғашқы үлгілері 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың бас кезінде жарияланған (1885, 1890, 1895, 1905, 1906, 1909, 1915). Қазақ тілінде 7 нұсқасы басылым көрген. Олар: “Көроғлы”, “Қисса Көроғлы”, “Хикаят Көроғлы”, “Көроғлы мен Безерген”, “Көроғлы” (Бозайхан), “Қисса Ғауазхан”, “Түрікмен Қасымхан”. Жыр сюжеті Қазақстан, Орта Азия, Кавказ халықтарынан бөлек Балқандағы гагауз, Сібірдегі Тобыл татарларына да жақсы мәлім. “Көрұғлы”, “Короглы”, “Кер-оглы”, “Гургули”, т.б. болып кездесетін жыр нұсқаларында сюжеттік айырмашылықтар да бар. Ең жақыны қазақ-түрікмен нұсқалары болып саналады. Оларды байланыстырып тұрған – Көрғұлы батырдың Иран шаһына қарсы күресі, ерлігі. Иран шаһы Көрұғлы әкесінің көзін ойып, Раушан есімді баласы Көрұғлы атанады. Қазақ, түрікмен, қарақалпақ нұсқаларында ол түрікменнің Теке-Жәуміт руынан шыққан деп көрсетіледі. Жыр оқиғасы бірде тарихи-этик., бірде аңыз-әпсаналық, бірде мифтік мәліметтерге жүгініп, Көрұғлының халықтық тұлғасын сомдауға бағышталған. Жырдағы негізгі желілердің бірі – жылқы малы, оның бабы мен белгілеріне қатысты өрбиді. “Қобыланды” эпосында аздап кездесетін бұл сарын “К.” жырында басты орынға шыққан. Бұл түрікменнің Теке-Жәуміт этник. тармағына тән эпик. белгілердің бірі. Белгілі ғалым И.Брагинский жырдың тәжік нұсқасындағы Шәмбіл қала, Көроғлы атауларының түркі тайпаларынан алынғанын, ал, жыр оқиғасына келгенде оны Иран шаһы Аббас пен түрік сұлтаны Мұрад арасындағы тартыс деген пікір айтқан. Мұның кейбір ұшқындары жырдың қазақ, түрікмен нұсқаларында сақталған. Бірақ сефеви әулеті тұсындағы Иранда үш бірдей Аббас шаһ болған: Аббас І – 1587 – 1629, Аббас ІІ – 1642 – 1660, Аббас ІІІ – 1732 – 1749 жылдары билік жүргізген. Эпоста осы оқиғалардың бейнесі аралас көрінеді. Жырда кездесетін кісі, жер-су атаулары ғыл. тұрғыдан зерттеле қойған жоқ. Әуезхан (Ауаз), Жүсіпхан, Райхан араб, Кәрім, Хасан хан, Шадман, Шаһидат, Хасан, Көрғұлы, т.б. көптеген антропонимдік атаулардың тарихилығы айқын. Жырдағы “Барар жерің Үргеніш деген ел болар, атырабында Шәмбіл деген бел болар” деген жолдар оның қай аймақтағы елді мекен екенін аңғартып тұр. Шәмбіл бел, Шәмбіл қала атауының геогр. шегін Р.Агеева Әмудария мен Сырдарияның маңы деп көрсетеді. Этн. сананың қиялдан туған көркем құбылыстарды сақтамайтынын ескерер болсақ, жырдағы көптеген эпик. мәліметтердің этн. сана аясында қалыптасқаны анық. “Көр” сөзінің мағынасын мола немесе соқыр деп түсінуге болмайды. “Көроғлы” атауының екі буынын да өзге тілдерден тудыруға қарсы болған А.Гафуров “Көроғлы” атауы батыл, ер жүрек деген ұғым беретінін айтып, сөз түбірін түрік тілінен тудырған. Шығыста “гүр” – бірнеше елдің билеушісіне қолданылған лауазым. “К.” жырындағы иран, араб атаулары бұл аймақтағы түркі және иран (парсы) тілдес тайпалардың араласуынан хабар береді. Оның арғы жағында Иран – Тұран елдерінің ғасырларға созылған тартысы жатуға тиіс. “Шаһнама” – Иран шаһтары туралы көлемді дастан болса, “Көроғлы” сол шаһтарға қарсы көтерілген елдің көшбасшы батыры туралы жыр. Әрине, қаһармандық эпос болған соң онда түрлі дәуір оқиғаларының ізі сақталған. Шәмбіл қала – түрікмен елі, Тұраб – Тұран дәуірінің тұлғасы, Афшар – моңғол дәуірінен соңғы Иран билеушілері. Негізгі тартыс түрікмен елі мен Райхан араб, қызылбас, афшар арасында өрбиді. Жырдан түркі тайпаларының этн. санасы айқын аңғарылады. Оның басты белгісі “біз – олар” дейтін бөлініс. Қазақ жырау-жыршылары мен түрікмен бахшылары бұл жырды аңырама үлгісінде орындаған. Жырды негізгі зерттеушілер: И.Брагинский, А.Самойлович, А.Гафуров, А.Болдырев, С.Амионова, Х.Короглы, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғұмарова, Т.Қоңыратбай; жыршылар: Мұрын Сеңгірбаев, Рахмет Мәзқожаев, Әбділда Жүргенбаев, Нұрпейіс Байғанин, т.б. Т. Қоңыратбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
08.11.2012 12:01 13413

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

 

 “Көроғлы”, Көрұғлы, Көрғұлы – қаһармандық халық эпосы. Орта Азия, Таяу Шығыс, Кавказ халықтарына ортақ фольклорлық ескерткішке айналған жырдың түрлі нұсқалары түрікмен, қарақалпақ, өзбек, құмық, әзербайжан халықтарында кездеседі. Алғашқы үлгілері 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың бас кезінде жарияланған (1885, 1890, 1895, 1905, 1906, 1909, 1915). Қазақ тілінде 7 нұсқасы басылым көрген. Олар: “Көроғлы”, “Қисса Көроғлы”, “Хикаят Көроғлы”, “Көроғлы мен Безерген”, “Көроғлы” (Бозайхан), “Қисса Ғауазхан”, “Түрікмен Қасымхан”. Жыр сюжеті Қазақстан, Орта Азия, Кавказ халықтарынан бөлек Балқандағы гагауз, Сібірдегі Тобыл татарларына да жақсы мәлім. “Көрұғлы”, “Короглы”, “Кер-оглы”, “Гургули”, т.б. болып кездесетін жыр нұсқаларында сюжеттік айырмашылықтар да бар. Ең жақыны қазақ-түрікмен нұсқалары болып саналады. Оларды байланыстырып тұрған – Көрғұлы батырдың Иран шаһына қарсы күресі, ерлігі. Иран шаһы Көрұғлы әкесінің көзін ойып, Раушан есімді баласы Көрұғлы атанады. Қазақ, түрікмен, қарақалпақ нұсқаларында ол түрікменнің Теке-Жәуміт руынан шыққан деп көрсетіледі. Жыр оқиғасы бірде тарихи-этик., бірде аңыз-әпсаналық, бірде мифтік мәліметтерге жүгініп, Көрұғлының халықтық тұлғасын сомдауға бағышталған. Жырдағы негізгі желілердің бірі – жылқы малы, оның бабы мен белгілеріне қатысты өрбиді. “Қобыланды” эпосында аздап кездесетін бұл сарын “К.” жырында басты орынға шыққан. Бұл түрікменнің Теке-Жәуміт этник. тармағына тән эпик. белгілердің бірі. Белгілі ғалым И.Брагинский жырдың тәжік нұсқасындағы Шәмбіл қала, Көроғлы атауларының түркі тайпаларынан алынғанын, ал, жыр оқиғасына келгенде оны Иран шаһы Аббас пен түрік сұлтаны Мұрад арасындағы тартыс деген пікір айтқан. Мұның кейбір ұшқындары жырдың қазақ, түрікмен нұсқаларында сақталған. Бірақ сефеви әулеті тұсындағы Иранда үш бірдей Аббас шаһ болған: Аббас І – 1587 – 1629, Аббас ІІ – 1642 – 1660, Аббас ІІІ – 1732 – 1749 жылдары билік жүргізген. Эпоста осы оқиғалардың бейнесі аралас көрінеді. Жырда кездесетін кісі, жер-су атаулары ғыл. тұрғыдан зерттеле қойған жоқ. Әуезхан (Ауаз), Жүсіпхан, Райхан араб, Кәрім, Хасан хан, Шадман, Шаһидат, Хасан, Көрғұлы, т.б. көптеген антропонимдік атаулардың тарихилығы айқын. Жырдағы “Барар жерің Үргеніш деген ел болар, атырабында Шәмбіл деген бел болар” деген жолдар оның қай аймақтағы елді мекен екенін аңғартып тұр. Шәмбіл бел, Шәмбіл қала атауының геогр. шегін Р.Агеева Әмудария мен Сырдарияның маңы деп көрсетеді. Этн. сананың қиялдан туған көркем құбылыстарды сақтамайтынын ескерер болсақ, жырдағы көптеген эпик. мәліметтердің этн. сана аясында қалыптасқаны анық. “Көр” сөзінің мағынасын мола немесе соқыр деп түсінуге болмайды. “Көроғлы” атауының екі буынын да өзге тілдерден тудыруға қарсы болған А.Гафуров “Көроғлы” атауы батыл, ер жүрек деген ұғым беретінін айтып, сөз түбірін түрік тілінен тудырған. Шығыста “гүр” – бірнеше елдің билеушісіне қолданылған лауазым. “К.” жырындағы иран, араб атаулары бұл аймақтағы түркі және иран (парсы) тілдес тайпалардың араласуынан хабар береді. Оның арғы жағында Иран – Тұран елдерінің ғасырларға созылған тартысы жатуға тиіс. “Шаһнама” – Иран шаһтары туралы көлемді дастан болса, “Көроғлы” сол шаһтарға қарсы көтерілген елдің көшбасшы батыры туралы жыр. Әрине, қаһармандық эпос болған соң онда түрлі дәуір оқиғаларының ізі сақталған. Шәмбіл қала – түрікмен елі, Тұраб – Тұран дәуірінің тұлғасы, Афшар – моңғол дәуірінен соңғы Иран билеушілері. Негізгі тартыс түрікмен елі мен Райхан араб, қызылбас, афшар арасында өрбиді. Жырдан түркі тайпаларының этн. санасы айқын аңғарылады. Оның басты белгісі “біз – олар” дейтін бөлініс. Қазақ жырау-жыршылары мен түрікмен бахшылары бұл жырды аңырама үлгісінде орындаған. Жырды негізгі зерттеушілер: И.Брагинский, А.Самойлович, А.Гафуров, А.Болдырев, С.Амионова, Х.Короглы, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғұмарова, Т.Қоңыратбай; жыршылар: Мұрын Сеңгірбаев, Рахмет Мәзқожаев, Әбділда Жүргенбаев, Нұрпейіс Байғанин, т.б.

Т. Қоңыратбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға