Жаңалықтар

«Болашақ» институты жабылды (видео)

Ақтауда 900-ге жуық студентке білім беріп келген «Болашақ» жекеменшік институты жабылды. Министірлік осы білім ордасының лицензиясын алып, соттың шешімімен жұмысын тоқтатты. Ал жоғары оқу орны профессор-оқытушылары жұмыссыз қалуы мүмкін. Оқу ордасына төнген қауіптен институттың шәкірттері енді не істерін білмей, үкіметтен көмек сұрап отыр. Осыдан 15 жыл бұрын ашылған институтта бүгінде 817 студент бар. Оның 300-ге жуығы оқу ордасының биылғы түлегі болуы керек еді, бірақ енді ол күннің ауылы алыста қалды. Өйткені институт базасы мемлекеттік талапқа сай емес. Ал дипломға қол жеткізуге 3 ай қалғанда 4-курс студенттеріне далада қалу қауіпі төніп тұр. Майра ЖҰМАҒҰЛОВА, 4-курс студенті: - «Болашақ» институтының дипломын алғымыз келеді. Біз енді не істейтінімізді білмейміз. Кім шығарып жүр, неге шығарып жүр? Біз бәріміз жақсы оқитын студенттерміз. Оқу ақшасын алдын ала төлеп қойдық, уақытымен төлейміз. Емтиханның бәріне дайындалып, қазір біз банкіде практикада жүрміз. Әрқайсысы жылына 300 мың теңге оқу ақысын алдын ала төлеп қойған. Енді не ақша, не алған білімі жоқ. Ал студенттер  қайда барарын білмей дал болуда. Институт ректоры оқытушылардың тағдырына алаңдаулы. Мушида АЙЫМОВА, институт профессоры: - Ұлы мереке Наурыздың алдында бізге осындай хабар айтты. Біз енді жан айқайымызды айтып тұрмыз. 50 профессор-оқытушы құрамның тағдыры не болады? Бәрімізде бала асырап отырмыз. Мемлекеттік стандарт бойынша оқу ордасында мыңға жуық студент болуы шарт. Ал мұнда барлық студент саны – 817. Мұхит ҚАЛАМҒАЛИЕВ, институт ректоры: - Бізге студенттерді 1 сәуірден бастап жан-жаққа таратыңдар деді. Бізде қазір екі ғана ЖОО бар. Соларға барып айтамыз, мына балаларды алыңдар деп, басқа енді не істейміз? Білім қуған талапкерлер ҚР Білім және ғылым министірлігіне бірігіп ұжымдық арыз жазатын болды. Авторлар: Бақытжан Сатылханұлы, Саламат Бекбаев  
26.03.2013 06:06 3805

Ақтауда 900-ге жуық студентке білім беріп келген «Болашақ» жекеменшік институты жабылды.

Министірлік осы білім ордасының лицензиясын алып, соттың шешімімен жұмысын тоқтатты. Ал жоғары оқу орны профессор-оқытушылары жұмыссыз қалуы мүмкін. Оқу ордасына төнген қауіптен институттың шәкірттері енді не істерін білмей, үкіметтен көмек сұрап отыр.

Осыдан 15 жыл бұрын ашылған институтта бүгінде 817 студент бар. Оның 300-ге жуығы оқу ордасының биылғы түлегі болуы керек еді, бірақ енді ол күннің ауылы алыста қалды. Өйткені институт базасы мемлекеттік талапқа сай емес. Ал дипломға қол жеткізуге 3 ай қалғанда 4-курс студенттеріне далада қалу қауіпі төніп тұр.

Майра ЖҰМАҒҰЛОВА, 4-курс студенті:

- «Болашақ» институтының дипломын алғымыз келеді. Біз енді не істейтінімізді білмейміз. Кім шығарып жүр, неге шығарып жүр? Біз бәріміз жақсы оқитын студенттерміз. Оқу ақшасын алдын ала төлеп қойдық, уақытымен төлейміз. Емтиханның бәріне дайындалып, қазір біз банкіде практикада жүрміз.

Әрқайсысы жылына 300 мың теңге оқу ақысын алдын ала төлеп қойған. Енді не ақша, не алған білімі жоқ. Ал студенттер  қайда барарын білмей дал болуда. Институт ректоры оқытушылардың тағдырына алаңдаулы.

Мушида АЙЫМОВА, институт профессоры:

- Ұлы мереке Наурыздың алдында бізге осындай хабар айтты. Біз енді жан айқайымызды айтып тұрмыз. 50 профессор-оқытушы құрамның тағдыры не болады? Бәрімізде бала асырап отырмыз.

Мемлекеттік стандарт бойынша оқу ордасында мыңға жуық студент болуы шарт. Ал мұнда барлық студент саны – 817.

Мұхит ҚАЛАМҒАЛИЕВ, институт ректоры:

- Бізге студенттерді 1 сәуірден бастап жан-жаққа таратыңдар деді. Бізде қазір екі ғана ЖОО бар. Соларға барып айтамыз, мына балаларды алыңдар деп, басқа енді не істейміз?

Білім қуған талапкерлер ҚР Білім және ғылым министірлігіне бірігіп ұжымдық арыз жазатын болды.

Авторлар: Бақытжан Сатылханұлы, Саламат Бекбаев

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға