Жаңалықтар

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы – Қазақстанның халық жазушысы (1984), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1958), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1970), Социалистік Еңбек Ері (1974). 1902 ж. 22-наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Ғабит Мүсірепов атындағы ауылда дүниеге келді. Ауыл молдасынан оқып, Қостанай уезінің Обаған болысындағы орыс мектебін бітірген (1918). Орынбордағы жұмысшы факультетінде (1926), Омбы ауыл шаруашылық институтында оқыған (1927). 1927 – 37 ж. Бурабай орман техникумында оқытушы, Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, “Қазақ әдебиеті”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде бас редактор, Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1938 — 55 ж. бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан. “Ара” журналының бас редакторы (1956 – 57), Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы (1956 – 61, 1964 – 66), КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1959 – 85) қызметтерін атқарды. Мүсірепов әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы әңгі-мелерінде-ақ суреткерлік шеберлігімен танылды, әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық образын жасады. “Кездеспей кеткен бір бейне” повесінде (1966) азаматтық ерлік пен ақындық өнер, махаббат терең лиризммен әсем өрнектеліп, басты кейіпкер Еркебұланның прототипі ретінде Сәкен Сейфуллин алынған. Алғашқы романы – “Қазақ солдаты” (1945). “Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы кезеңіндегі (19 ғ.) халық өмірі шынайы сипатталған. “Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” (1984) романы халық тұрмысын тарихи тұрғыдан терең бейнелеуімен  құнды. Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы – Ұлпан бейнесі (“Ұлпан” романы, 1974). “Қыз Жібек” (1934), “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1941)  пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. Сценарийін Бейімбет Майлин екеуі жазған “Амангелді” фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, “Қыз Жібек” фильмі (1970) алтын қордан орын алған  туынды. Жазушының әдеби-сын мақалалары “Суреткер парызы” (1970), “Заман және әдебиет” (1982), “Дәуір дидары” (1986), “Әдебиет – кәсіп емес, өнер” (1987) атты кітаптарында жинақталды. 1974 – 75 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 3 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы” ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. 1985 ж. 31-желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды. 100 жылдық мерейтойы қарсаңында (2002) Мүсіреповтің есімі Алматыдағы Жастар мен балалар театрына, Солтүстік Қазақстан облысындағы ауданға берілді. Жастар мен балалар театрының алдына қаламгердің ескерткіш мүсіні орнатылды.
08.11.2012 11:58 15230

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы – Қазақстанның халық жазушысы (1984), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1958), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1970), Социалистік Еңбек Ері (1974). 1902 ж. 22-наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Ғабит Мүсірепов атындағы ауылда дүниеге келді. Ауыл молдасынан оқып, Қостанай уезінің Обаған болысындағы орыс мектебін бітірген (1918). Орынбордағы жұмысшы факультетінде (1926), Омбы ауыл шаруашылық институтында оқыған (1927). 1927 – 37 ж. Бурабай орман техникумында оқытушы, Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, “Қазақ әдебиеті”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде бас редактор, Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1938 — 55 ж. бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан. “Ара” журналының бас редакторы (1956 – 57), Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы (1956 – 61, 1964 – 66), КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1959 – 85) қызметтерін атқарды. Мүсірепов әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы әңгі-мелерінде-ақ суреткерлік шеберлігімен танылды, әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық образын жасады. “Кездеспей кеткен бір бейне” повесінде (1966) азаматтық ерлік пен ақындық өнер, махаббат терең лиризммен әсем өрнектеліп, басты кейіпкер Еркебұланның прототипі ретінде Сәкен Сейфуллин алынған. Алғашқы романы – “Қазақ солдаты” (1945). “Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы кезеңіндегі (19 ғ.) халық өмірі шынайы сипатталған. “Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” (1984) романы халық тұрмысын тарихи тұрғыдан терең бейнелеуімен  құнды. Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы – Ұлпан бейнесі (“Ұлпан” романы, 1974). “Қыз Жібек” (1934), “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1941)  пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. Сценарийін Бейімбет Майлин екеуі жазған “Амангелді” фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, “Қыз Жібек” фильмі (1970) алтын қордан орын алған  туынды. Жазушының әдеби-сын мақалалары “Суреткер парызы” (1970), “Заман және әдебиет” (1982), “Дәуір дидары” (1986), “Әдебиет – кәсіп емес, өнер” (1987) атты кітаптарында жинақталды. 1974 – 75 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 3 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы” ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. 1985 ж. 31-желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды. 100 жылдық мерейтойы қарсаңында (2002) Мүсіреповтің есімі Алматыдағы Жастар мен балалар театрына, Солтүстік Қазақстан облысындағы ауданға берілді. Жастар мен балалар театрының алдына қаламгердің ескерткіш мүсіні орнатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға