Жаңалықтар

Бейжіңдегі қазақтар Наурызды дүркірете тойлады

Наурыз мерекесі кезінде қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары мен ән, биін Бейжің тұрғындары тамашалады. Чауяң районы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шара үш күнге жалғасып, Қытай астанасының тұрғындары мен қонақтарын қазақ халқының бейнелі және төл дәстүрлі мәдениетімен таныстырады. Бейжіңнің «Житань» саябағында өткен Наурыз тойына ШҰАР Іле-Қазақ автономиялы облысының ән-би ансамблі келді. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға қазақстандық дипломаттар, ұлттық компаниялардың өкілдері және студенттер де қатысты. Қатысушылар ҚХР Жазушылар одағының партиялық хатшысы Әкбар Мәжиттің тек санаулы қазақ диаспорасы арасында ғана тойланып келген Наурыз мейрамын ұйымдастыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Дүбірлі тойдың шымылдығы «қара жорға» биімен ашылды. Іле-Қазақ автономиялы облысының ән-би ансамблі дайындаған 16 концерттік бағдарлама қазақ халық билері, әндері және күйлерінен көрерменге тарту етті. Үш күн бойы қазақтың дәстүрлі қолөнер көрмесі өтіп, көрме қонақтары бауырсақ, қазы-қарта және басқа да ұлттық тағамдардан дәм татты. Айта кетейік, Қытайдың астанасы Бейжіңде 100-ге тарта қазақ отбасы тұрады. Ондағы білім алып жатқан қазақ студенттер мен жекелеген қызметкерлерді есепке алғанда 1000-ға жуық қазақ алып шаһарда өмір сүріп жатыр. Биылғы Наурыз бұрынғы жылдағыдан өзгерек болатыны да ондағы қазақ санының артуына және ұлтжанды азаматтардың белсенділігіне байланысты болып отыр. Майгүл СҰЛТАН http://baq.kz/
25.03.2013 06:48 2378

Наурыз мерекесі кезінде қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары мен ән, биін Бейжің тұрғындары тамашалады. Чауяң районы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шара үш күнге жалғасып, Қытай астанасының тұрғындары мен қонақтарын қазақ халқының бейнелі және төл дәстүрлі мәдениетімен таныстырады.

Бейжіңнің «Житань» саябағында өткен Наурыз тойына ШҰАР Іле-Қазақ автономиялы облысының ән-би ансамблі келді. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға қазақстандық дипломаттар, ұлттық компаниялардың өкілдері және студенттер де қатысты. Қатысушылар ҚХР Жазушылар одағының партиялық хатшысы Әкбар Мәжиттің тек санаулы қазақ диаспорасы арасында ғана тойланып келген Наурыз мейрамын ұйымдастыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Дүбірлі тойдың шымылдығы «қара жорға» биімен ашылды. Іле-Қазақ автономиялы облысының ән-би ансамблі дайындаған 16 концерттік бағдарлама қазақ халық билері, әндері және күйлерінен көрерменге тарту етті. Үш күн бойы қазақтың дәстүрлі қолөнер көрмесі өтіп, көрме қонақтары бауырсақ, қазы-қарта және басқа да ұлттық тағамдардан дәм татты.
Айта кетейік, Қытайдың астанасы Бейжіңде 100-ге тарта қазақ отбасы тұрады. Ондағы білім алып жатқан қазақ студенттер мен жекелеген қызметкерлерді есепке алғанда 1000-ға жуық қазақ алып шаһарда өмір сүріп жатыр. Биылғы Наурыз бұрынғы жылдағыдан өзгерек болатыны да ондағы қазақ санының артуына және ұлтжанды азаматтардың белсенділігіне байланысты болып отыр.

Майгүл СҰЛТАН

http://baq.kz/

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға