Жаңалықтар

Астаналықтар «Жер сағаты» акциясы аясында 60 минутқа жарықты сөндірді

Кеше Астанада «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында «Жер сағаты» акциясы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Акция аясында 60 минутқа, сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жарық пен электр құрылғылары сөндірілді. Бұл уақытта жер шарындағы миллиондаған адам электр жарығын сөндірді.  Жер сағаты – Дүниежүзілік Тұмса табиғат қоры (WWF) наурыздың соңғы сенбісі күні жыл сайын өткізетін және бұқара халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара. Акцияны өткізудегі мақсат – әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру.
24.03.2013 05:46 3077

Кеше Астанада «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында «Жер сағаты» акциясы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Акция аясында 60 минутқа, сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жарық пен электр құрылғылары сөндірілді. Бұл уақытта жер шарындағы миллиондаған адам электр жарығын сөндірді. 

Жер сағаты – Дүниежүзілік Тұмса табиғат қоры (WWF) наурыздың соңғы сенбісі күні жыл сайын өткізетін және бұқара халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара. Акцияны өткізудегі мақсат – әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға