Ауылда бокс мектебі ашылды
Аян ЛЕСБЕКҰЛЫ, ауыл тұрғыны:
- Бокс мектебінің ашылуы көптен бері ойда жүрген еді. Ұлыстың ұлы күнінде ашылып отырған мектептің жұмыстары аяқталып, халыққа ұсынылып отыр.
Боск мектебінің ашылуына ауылдың кішкентай болашақ спортшылары жиналды. Олар бұл күнді ұзақ күткен-ді. Енді оқудан тыс уақытта балалар салауатты өмір салтын қолдап, спортпен шұғылданады.
Дүйсенбай НАЗАРХАН, ауыл тұрғыны:
- Еліміздің туын көтеріп, қай уақытта Қазақстан атын танытқан 1980 жылы XII Олимпиада чемпионы Серік Қонақбаев, Бақтияр Артаев сынды жеңімпаздар шыға берсін деп тілейміз.
«Адамның бір қызығы – бала» деген демекші, ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Өйткені олар балалардың болашағынан зор үміт күтеді. Осы бокс мектебінен түлеп ұшқан әр бала олимпиада чемпионы атанатынына сенімді.
Авторлар: Марал Сатқанғалиева, Дарья Крупина, Рауан Байкенже
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады


