Жаңалықтар

Дала Уалаятының газеті

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   “Дала Уалаятының газеті” — 1888 жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін Омбы қ-нда қазақ, орыс тілдерінде “Акмолинские областные ведомости” газетіне қосымша ретінде шығып тұрған ресми газет. Оның жарыққа шығуы 1882 ж. құрамына Ақмола, Семей және Жетісу облыстары кірген Дала генерал-губернаторлығының құрылуымен байланысты болды. Газеттің басты мақсаты жергілікті халықты үкімет жарлықтарымен таныстырып отыру болған. Қазақшасының редакторлары — Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазин. Газеттің биресми бөлімінде Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов туралы деректер басылған. Абай, М.Ж. Көпеев, Шәкерім, Ә.Бөкейханов, А.Құрманбаев, О.Әлжанов, С.Шорманов, М.Жанайдаров, Қ.Жапанов, Б.Сыртанов, Ж.Ақбаев, Ж.Айманов, Ә.Айтбакин, т.б. өткен ғасыр соңындағы қазақ өмірін терең білетін адамдардың шығармалары, хаттары, мақалалары басылып тұрған. Оларда бұдан бір ғасыр бұрынғы қазақтардың қоғамдық-саяси өмірі бейнеленіп, әлеум. жағдайы, экономикасы, шаруашылығы, мәдениеті, салт-дәстүрі, т.б. туралы мол мәліметтер берілген. Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары (“Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “Нәрік батыр”, “Еңлік — Кебек”, “Бозжігіт”), Алдаркөсе, Жиренше шешен, Қожанасыр аңыздары, Шығыс сюжеттері (“Мың бір түн”, “Шаҝнаме”, “Фархат — Шырын”), мақал-мәтелдер, жұмбақтар, орыстың белгілі ақын, жазушыларының кейбір шығармаларынан аудармалар жарияланған. “Д. у. г.” басында көлемі 1/2 баспа табақ болып 4 бетке басылып тұрған. 1888 жылғы 8-санынан бастап газет көлемі екі есе көбейтіліп, тұтас бір баспа табаққа жетіп, 8 бет болып шыға бастаған. 4 беттік сандарында газет беті екі бөлікке бөлініп басылған. Сол жақтағы 1-бөлігінде араб әріптерімен жазылған қазақша мақалалар, оң жақтағы 2-бөлігінде орыс тіліндегі материалдар басылған. Ал 8 беттік нөмірлерінде алғашқы төрт беті түгел қазақша, қалған төрт беті орысша басылған. “Д. у. г.” аптасына бір рет, алдымен жұма сайын, кейіннен жексенбі сайын шығып тұрған. Таралымының аздығына қарамастан, газет Қазақстанның қазіргі территориясына түгел дерлік тараған. “Д. у. г-нің” түпнұсқадан түсірген фото-көшірмелері Қазақстанның Орт. ғыл. кітапханасының сирек кітаптар бөлімінде сақтаулы. Сол фотокөшірмелер негізінде Ү.Субханбердинаның құрастыруымен “Д. у. г-нің” материалдар жинағы 150 б.т. тұратын 4 кітап болып басылып шықты. 1989 — 92 ж. шыққан алғашқы үш кітапта кезінде газет бетінде жарияланған әдеби нұсқалар жинағы: ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, әдеби аудармалар, өсиет сөздер, көркем шығармалар, т.б. хронол. ретімен басылса, 1994 ж. шыққан төртінші кітапқа газет бетінде әр жылдары басылған адам, қоғам, табиғат туралы мақалалар жиналып басылған. Дерек көзі ретінде маңыздысы осы 4-кітап. Сонымен қатар Субханбердина 1996 ж. “Д. у. г-нің” 5-кітабын, мазмұндалған библиогр. көрсеткішін жарыққа шығарды. Қ. Атабаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том
08.11.2012 11:56 11447

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

“Дала Уалаятының газеті” — 1888 жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін Омбы қ-нда қазақ, орыс тілдерінде “Акмолинские областные ведомости” газетіне қосымша ретінде шығып тұрған ресми газет. Оның жарыққа шығуы 1882 ж. құрамына Ақмола, Семей және Жетісу облыстары кірген Дала генерал-губернаторлығының құрылуымен байланысты болды. Газеттің басты мақсаты жергілікті халықты үкімет жарлықтарымен таныстырып отыру болған. Қазақшасының редакторлары — Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазин. Газеттің биресми бөлімінде Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов туралы деректер басылған. Абай, М.Ж. Көпеев, Шәкерім, Ә.Бөкейханов, А.Құрманбаев, О.Әлжанов, С.Шорманов, М.Жанайдаров, Қ.Жапанов, Б.Сыртанов, Ж.Ақбаев, Ж.Айманов, Ә.Айтбакин, т.б. өткен ғасыр соңындағы қазақ өмірін терең білетін адамдардың шығармалары, хаттары, мақалалары басылып тұрған. Оларда бұдан бір ғасыр бұрынғы қазақтардың қоғамдық-саяси өмірі бейнеленіп, әлеум. жағдайы, экономикасы, шаруашылығы, мәдениеті, салт-дәстүрі, т.б. туралы мол мәліметтер берілген. Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары (“Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “Нәрік батыр”, “Еңлік — Кебек”, “Бозжігіт”), Алдаркөсе, Жиренше шешен, Қожанасыр аңыздары, Шығыс сюжеттері (“Мың бір түн”, “Шаҝнаме”, “Фархат — Шырын”), мақал-мәтелдер, жұмбақтар, орыстың белгілі ақын, жазушыларының кейбір шығармаларынан аудармалар жарияланған. “Д. у. г.” басында көлемі 1/2 баспа табақ болып 4 бетке басылып тұрған. 1888 жылғы 8-санынан бастап газет көлемі екі есе көбейтіліп, тұтас бір баспа табаққа жетіп, 8 бет болып шыға бастаған. 4 беттік сандарында газет беті екі бөлікке бөлініп басылған. Сол жақтағы 1-бөлігінде араб әріптерімен жазылған қазақша мақалалар, оң жақтағы 2-бөлігінде орыс тіліндегі материалдар басылған. Ал 8 беттік нөмірлерінде алғашқы төрт беті түгел қазақша, қалған төрт беті орысша басылған. “Д. у. г.” аптасына бір рет, алдымен жұма сайын, кейіннен жексенбі сайын шығып тұрған. Таралымының аздығына қарамастан, газет Қазақстанның қазіргі территориясына түгел дерлік тараған. “Д. у. г-нің” түпнұсқадан түсірген фото-көшірмелері Қазақстанның Орт. ғыл. кітапханасының сирек кітаптар бөлімінде сақтаулы. Сол фотокөшірмелер негізінде Ү.Субханбердинаның құрастыруымен “Д. у. г-нің” материалдар жинағы 150 б.т. тұратын 4 кітап болып басылып шықты. 1989 — 92 ж. шыққан алғашқы үш кітапта кезінде газет бетінде жарияланған әдеби нұсқалар жинағы: ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, әдеби аудармалар, өсиет сөздер, көркем шығармалар, т.б. хронол. ретімен басылса, 1994 ж. шыққан төртінші кітапқа газет бетінде әр жылдары басылған адам, қоғам, табиғат туралы мақалалар жиналып басылған. Дерек көзі ретінде маңыздысы осы 4-кітап. Сонымен қатар Субханбердина 1996 ж. “Д. у. г-нің” 5-кітабын, мазмұндалған библиогр. көрсеткішін жарыққа шығарды.

Қ. Атабаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға