Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-шы сессиясын шақыру туралы өкім етті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-шы сессиясын шақыру туралы өкім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Өкіміне сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясы 2013 жылғы 24 сәуір күні Астана қаласында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбындағы күн тәртібімен шақырылады.

ҚХА сессиясының шақырылуына байланысты, ҚР Президенті Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.